Шифр – Мамандығы |
5В012800 – Физика-Информатика |
Мамандықтың мақсаты мен міндеттері |
5В012800 – «Физика-Информатика» мамандығының білім беру бағдарламасының (ары қарай БББ) мақсаты: педагогикалық қызметте жеке адамдардың өмірлік іс-әрекетін психологиялық-педагогикалық қамтуға, жеке адамның тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби дамуына, әртүрлі мәселелердің шешімін табу мақсатында социумның әлеуметтік саласын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыра алатын мамандарды дайындау болып табылады.
5В012800 – «Физика-Информатика» мамандығы бакалаврының кәсіби қызметінің міндеттері:
- Оқу-тәрбие ісі: білім алушыларды оқыту және дамыту, оқыту мен тәрбие үрдісін ұйымдастыру, педагогикалық үрдісті жобалау және басқару, педагогикалық қызмет нәтижелерін диагностикалау, түзету, болжау;
- ғылыми-зерттеушілік: физика, информатика, педагогика, психология, оқыту әдістемесі салаларында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;
- ұйымдастырушылық-әдістемелік – инновациялық оқыту тәжірибесін зерттеу, жалпылау және тарату.
Өндірістік-технологиялық ісі:
- Өндірістік технологияларды қолдана отырып, ақпараттық коммуникациялық ресурстарды өңдеу.
|
Квалификациялық мінездемесі |
5В012800 – «Физика-Информатика» мамандығының БББ-сы түлектерінің кәсіби қызметі аумақтары: түлектерге білім беру, дамыту және ғылымға бағыттау.
Мамандықтың кәсіби қызметінің объектілері:
- мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырудағы білім беру мекемелері: мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер;
- ғылыми ұйымдары: физика, информатика және оқу әдістемесі саласындағы ғылыми – зерттеу орталықтар.
Басқару ұйымдары:
- білім беру департаменттері,мемлекеттік басқару ұйымдары.
|
Білім беру траекториясы |
Физиканы және информатиканы оқыту әдістемесі. |
Физикалық үрдістерді бағдарламалау және үлгілеу.
|
Көптілдік оқытуымен физика және информатика
|
Әрбір мамандандырудың бірегейлігі |
«Физиканы және информатиканы оқыту әдістемесі» траекториясының бірегейлігі: осы мамандықты игерген түлектер мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде жұмыс істеу үшін физика және информатика саласындағы фундаментальды білімді жан жақты игереді. |
«Физикалық үрдістерді бағдарламалау және үлгілеу траекториясының бірегейлігі: осы мамандықты игерген түлектер мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде жұмыс істеу үшін физика және информатика саласындағы фундаментальды білімді жан жақты игереді және ғылыми орталықтармен кәсіпорындарда жұмыс істеу үшін дағдыларға иеленеді. |
«Көптілдік оқытуымен физика және информатика» траекториясының бірегейлігі: осы мамандықты игерген түлектер мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде жұмыс істеу үшін физика және информатика саласындағы фундаментальды білімді жан жақты үш тілде игереді. |
Әр траектория бойынша оқыту нәтижелері |
«Физика және информатика».
Білуі тиіс:
- физика және информатика курстарының жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырудаға орындарымен маңыздылықтарын;
- білім беру, даму және тәрбиелеу аспектілеріндегі мектеп физикасымен информатиканы оқудың мақсаттарың;
- физика және информатика саласындағы заңдар мен принциптерді, негізгі физикалық тұрақтылықтарды, есептерді және оларды шығару әдістерін, математикалық үлгілеу, стандарттармен нормативтерді;
- физиканы оқытудың негізгі концепцияларын, әртүрлі деңгейлерде мектеп физикасы мен информатикасын оқытудың мазмұндық және әдістемелік аспектілерін;
- физика және информатика сабақтарын ұйымдастыруды, жоспарлау және қамту бойынша мұғалім жұмысының мазмұнын, оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін, оқушылардың ой әрекетін басқаруды;
- сабақтардың әртүрлі ұйымдастырушылық формаларын.
Істей алуы тиіс:
- заманауи бағдарламалау тілдерін және қолданбалы бағдарламалар дестесін.
Оқыту нәтижесінде түлек дағдыларға ие болуы қажет:
- әр түрлі жас топтары оқушыларына физика және информатика сабақтарын пәнге деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында ұйымдастыруды;
- өзінің еңбегі мен өз бетімен оқуды ұйымдастыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ғылыми негізде тиімді пайдалану;
- қолданбалы есептерді бағдарламалау, олардың қызмет етуінің тиімділігін талдау, мектептер мен орта арнаулы оқу мекемелерінде сабақтарды жүргізу.
|
«Физикалық үрдістерді бағдарламалау және үлгілеу».
Білуі тиіс:
- физика және информатика курстарының жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырудаға орындарымен маңыздылықтарын;
- білім беру, даму және тәрбиелеу аспектілеріндегі мектеп физикасымен информатиканы оқудың мақсаттарын;
- ақпараттық қорлар нарығын және оларды қолдану ерекшеліктерін;
- физикалық үрдістерді бағдарламалау және үлгілеу бойынша оқытудың теориясы және әдістемесін.
- физика және информатика саласындағы заңдар мен принциптерді, негізгі физикалық тұрақтылықтарды, есептерді және оларды шығару әдістерін, математикалық үлгілеу, стандарттармен нормативтерді.
- Әр түрлі бағдарламалау түрі, қолданбалы бағдарламалар бумасы
Істей алуы тиіс:
- компьютердің меңгеру; заманауи құралдар көмегімен бағдарламалау; тәрбие жұмысын жүргізу; физикалық үрдістерді есептеп үлгілеу, соның ішінде 3D үлгілеy
Оқыту нәтижесінде түлек дағдыларға ие болуы қажет:
- әр түрлі жас топтары оқушыларына физика және математика сабақтарын пәнге деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында ұйымдастыруды;
- өзінің еңбегі мен өз бетімен оқуды ұйымдастыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ғылыми негізде тиімді пайдалану;
- қолданбалы есептерді бағдарламалау, олардың қызмет етуінің тиімділігін талдау, мектептер мен орта арнаулы оқу мекемелерінде сабақтарды жүргізу.
|
«Көптілдік оқытуымен физика және информатика»
Білуі тиіс:
- физика және информатика саласындағы заңдар мен принциптерді, негізгі физикалық тұрақтылықтарды, есептерді және оларды шығару әдістерін, математикалық үлгілеу, стандарттау, көптілдік оқыту әдістемесін;
- жаңартылған мазмұны бойынша оқыту әдістемесін;
- әр түрлі бағдарламалау түрі, қолданбалы бағдарламалар бумасы.
Істей алуы тиіс:
- физиканы оқытудың негізгі концепцияларын, әртүрлі деңгейлерде мектеп физикасы мен информатикасын оқытудың мазмұндық және әдістемелік аспектілерін;
- физика және информатика сабақтарын үш тілде ұйымдастыруды, жоспарлау және қамту бойынша мұғалім жұмысының мазмұнын, оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін, оқушылардың ой әрекетін басқаруды; сабақтардың әртүрлі ұйымдастырушылық формаларын; заманауи бағдарламалау тілдерін және қолданбалы бағдарламалар дестесін.
Оқыту нәтижесінде түлек дағдыларға ие болуы қажет:
- әр түрлі жас топтары оқушыларына физика және информатика сабақтарын пәнге деген қызығушылықтарын дамыту мақсатында ұйымдастыруды;
- өзінің еңбегі мен өз бетімен оқуды ұйымдастыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ғылыми негізде тиімді пайдалану;
- қолданбалы есептерді бағдарламалау, олардың қызмет етуінің тиімділігін талдау, мектептер мен орта арнаулы оқу мекемелерінде сабақтарды жүргізу.
|
Мамандық түлектерінің білім деңгейіне қойылатын талаптар
(Дублиндік дескрипторлар негізінде) |
- Дүниетанымдық құзыреттілік танымдық және қызмет тәжірибесін, жалпы білімді қамтуды, қоғам құбылыстарын, әлеуметтік негізді, әлемнің ғылыми бейнесін меңгеруді болжау.
- Кәсіби құзыреттілік кәсіби есептерді шешуде біліктілік пен білімділік, практикалық тәжірибе негізінде нәтижелі жұмыс атқару, стандартқа сәйкес берілген тапсырмаларды орындау қабілетін болжау.
- Зерттеушілік құзыреттілігі берілген стандартқа сай есептерді орындау қабілеттілігін, кәсіби есептерді шығаруда біліктілікті және білімділікті практикалық тәжірибе негізінде табысты атқаруды көздейді.
- Коммуникативті құзыреттілік әлеуметтік қарым-қатынасты қоғаммен, ұжыммен, топтағы жұмыс дағдысы, әріптестік, толеранттылық, тіл білімін енгізу, ауызша және жазбаша диалог, монолог, іс-қағаздарын құра білу қабілетін жетілдіру.
- Өзіндік менеджмент құзыреттілігі жеке ресурстарды басқару, яғни оларды қорғай білу, іске асыра білу, дамыта білу және қолдану, өзін-өзіне қолдану көрсету.
|