Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

5В050300 - «ПСИХОЛОГИЯ»

Білім беру бағдарламасы 5В050300 – «ПСИХОЛОГИЯ»
Кәсібилік пен қызметтер тізімі

5В050300 – «Психология» (Психология, оқытылуы 4 жыл) мамандығының бітіруші түлегіне «Әлеуметтік білімдердің бакалавры» деген академиялық дәреже беріледі.
Мамандарды даярлау мақсаты жоғары білікті қазіргі жаһандану дәуірінде практикалық психология саласында, шетел тілі коммуникациясы және әлемдік қоғамдастыққа қолжетімді ақпаратпен жұмыс істеу жағдайында, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау, сондай-ақ түрлі елдерде мамандығы бойынша әріптестерімен қарым-қатынас орнату, инновациялық әлеуметтік жобаларды әзірлеуге және сараптамадан өткізу: олардың әлеуметтік-мәдени және жеке-тұлғалық салдарын ескере отырып өз бетінше кәсіби шешімдер қабылдау;
әлеуметтік қарым-қатынастарды реттейтін, этикалық және құқықтық нормаларды білу және оларды өзінің кәсіби қызметінде қолдана білу болып табылады
5В050300 – «Психология» бакалаврының кәсіби іс-әрекет шеңберінде:
- Заманауи бизнес құрылымдары, банктер, консалтингтік агенттіктер;
- Әлеуметтік-психологиялық бейімдеу және оңалту орталықтары;
- Психологиялық түзету және психотерапия орталықтары;
- Әлеуметтік-құқықтық және мемлекеттік қарулы күш құрылымдары мен пеницитарлық және әскери мекемелер;
- Білім беру және денсаулық саласындағы мекемелер.
Кәсіби іс-әрекетінің бағыттары:
5В050300 – «Психология» бакалаврының түлектері келесідей кәсіби іс-әрекет түрлерін меңгереді:
- заманауи мекемелерінің қызмет жағдайындағы кәсіптік ұжымдар мен инновациялық және технологиялық сипаттағы бизнес үдерістерін психологиялық қолдау;
- психологиялық түзету және психологиялық алдын алу мәселелерінің шеңберіндегі сұрақтары бойынша психологиялық консультациялар;
- мемлекеттік қызмет құрылымдары мен әлеуметтік құқықтық жүйеде психологиялық жұмысты белсендендіру;
- білім беру мекемелері мен білім беру кеңістігінің оқыту және тәрбиелеу процесінің субъектісіне психологиялық қолдау жасау;
- психология бакалавры квалификациясына сәйкес мәдени-ағарту, сарапшы-зерттеу және басқару-ұйымдастырушылық әрекеттері.

Негізгі құзыреттіліктер

5В050300 «Психология» мамандығының бакалаврлары келесідей негізгі кұзыреттілктерді меңгереді:
1) негізгі тілі (казақ/орыс тілдері) – НҚ1
- психология саласында ауызша және жазба түрлерінде өз көзқарасын, фактілерді, сезім мен ойларын, түсінікті жеткізе алуға қабілеттілік (жазу, оқу, сөйлеу, есту), сонымен қатар оқу, жұмыс, тұрмыстық жағдайда әртүрлі қоғамдық және мәдени контекстерде шығармашылық түрде лингвистиканың жоғарғы үлгісінде өзара әрекет жасай алуға қабілеттілік.
2) шет тілі – НҚ 2
- ағылшын тілінде коммуникацияның негізгі дағдыларын меңгерген: ауызша және жазба түрлерінде өз көзқарасын, фактілерді, сезім мен ойларын, түсініктерін жеткізе алуға қабілеттілік (жазу, оқу, сөйлеу, есту), сонымен қатар оқу, жұмыс, тұрмыстық жағдайда әртүрлі қоғамдық және мәдени контекстерде шығармашылық түрде лингвистиканың жоғарғы үлгісінде өзара әрекет жасай алуға қабілеттілік. Мәдениаралық түсінік пен медиация дағдыларын игерген.
3) фундаменальды математикалық, жаратылыстану ғылымдары мен техникалық дайындықтары – НҚ 3
- кәсіпорындардағы міндеттерді шешу мен күнделікті өмірдегі мәселелерді шешуде математикалық ойлауды қолдану мен дамытуға қабілеттілік (логика мен кеңістік ойлаулар), презентацияларды (формулалар, модельдер, конструкциялар, графиктер, кестелерді) кәсіби іс-әрекетінде қолдана алу;
- кәсіби міндеттерді шешуде әдістемелер мен білімдерін дәлелдеуге негізделген мәселелерді түсіндіруде, қорытынды жасауда қалдана алу.
4) компьютерлік дайындықтар – НҚ 4
- коммуникация мен жұмыста, өмірде заманауи ақпараттық технологияларын сенімді және сынды қолдана алуға қабілеттілік, презентацияларды жасауға, сақтауға, бағалау мен қайта құру жұмыстарында компьютерді қолдана алуға, кәсіби әрекет шеңберінде Интернет желісі арқылы ақпарат алмасуға қабілеттілік.
5) оқу дайындықтары – НҚ 5
- жоғары білімді дүниетанымы кең, мәдени ойлауының қалыптасуына ықпал ететін жаратылыс тану ғылымы саласында базалық білімінің болуы;
- үнемі білім алуға деген саналы, қолжетімді мүмкіндіктерді таба білу, білімін жалғастыруға деген ұмтылысқа қабілеттілік,
- өзіндік білім алуын ұйымдастыра алушылық, соның ішінде дара және топтық түрде уақытты басқара алу, кәсіби және тұлғалық өсулерге ұмтылыс, күнделікті кәсіби әрекеті мен магистратурада білімін жалғастыруға қажетті жаңа білімдерді меңгеруге дағдыларын ұйымдастыра алушылық;
6) әлеуметтік дайындықтары (тұлғалық, мәдениетаралық, азаматтық құзыреттіліктер) – НҚ 6
- нәтижелі және конструктивті түрде қоғамдағы еңбек әрекетіне араласа алу, қажет болғанда қақтығыстық жағдайларды реттеу оған әлеуметтік және саяси түсініктер мен құрылымдарға белсенді демократиялық тұрғыда араласа алатын мінез-құлық түрлерін игереді;
- ұжымда, отбасында, социумда, әлемде өмір сүруге басқа біреуді түсініп, қабылдауға, өзін тәрбиелеуге қабілеттілік, оған деген қатынасының құндылығы, өзара тәуелділікті түсіну сезімі мен қақтығысты шешіп оның алдын алу, компромисске келу, өзінің көзқарасын ұжымның көзқарасымен сәйкестендіре алуға қабілеттілік;
7) экономикалық – кәсіпкерлік дайындық – НҚ 7
- менеджмент саласында ғылыми түсінігі мен маркетинг, қаржы, экномикалық білім негіздерін меңгерген, сонымен қатар экономикада мемлекеттік сектордың рөлі мен экономиканы мемлекеттік тұрғыда реттеу әдістері мен мақсаттарын түсінеді;
- этикалық құндылықтарды түсініп кәсіби міндеттерге жету мақсатында идеялары мен әрекеттерін жоспарлап, жобалауларды басқаруға қабілеттілік;
- әр түрлі саладағы адамдармен, тапсырушылармен, қызметкерлермен, тұтынушылармен, рұқсат беруші және басқарушы мекемелермен, мемлекет өкілдерімен өзара әрекет жасау саласында, Қазақстан республикасының заңдылықтары мен құқықтық жүйе негізімен қоғамның әлеуметтік даму тенденциясында жұмыс жасай алады.
8) Мәдени дайындықтары – НҚ 8
- Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін біледі;
- тәжірибе мен эмоцияның әртүрлі тәсілдері мен идеяларының шығармашылық маңыздылығын түсінеді;
- басқа халықтың мәдениеті мен дәстүрлеріне толеранттылық, толерантты мінез-құлықтың ұстанымдарын, тұрмыстық расизмнің алдын алу, ксенофобиялармен, қарама-қарсылық пен экстримизм мәселесін саналы түрде, толерантты тұлға ретінде қалыптасқан, басқа мәдениет өкілдерін түсінеді.
- білім алуға, интеллектуалды сферада жеңіл, шыдамды қарым-қатынасқа талпысыны жоғары, шовинистік сипаттағы көзқарасқа бейім емес, жоғары рухани сапаларымен интеллектуалдылығы жоғары қалыптасқан тұлға.
9) Жалпы құзыреттіліктер – НҚ 9
- сыни бақылауларға дағдылықты, интерпретация, талдау мен қорытынды жасауға, бағалауға қабілеттіліктерін меңгереді;
- креативті, идеяларын бір аспектіден екінші аспектіге жылжыту, идеяларының жалпы қабылданған, жалпыға белгілі, баналды, мәселенің мәнін түсінудің ерекшелігімен, стереотиптерге қарсы тұра алушылық сапаларымен ерекшелінеді.
- ұжымда нормативті шеңберден аспай басқаларға зиян келтірмей, топта көшбасшылыққа ұмтылысы мен басқа инддивидттерге қатысты өзбеттілік мінез-құлықтарымен және белсенді өмір ұстанымымен, басқаларды түсіне алушылыққа үйренеді;
- ұжымда жұмыс жасап, көзқарасын дәлелдеп, жаңа шешімдер қабылдай алатын, әртүрлі әлеуметтік жағдайларда адекватты бағытталына алуға қабілеттілік.

Арнайы құзыреттіліктер (АҚ)

5В050300 «Психология» мамандығының бакалаврлары келесідей кәсіби кұзыреттілктерді меңгереді:
Әдістемелік-теориялық:
- психология ғылымы саласында сауатты, дүниетанымы кең, ойлау мәдениеті жоғары тұлғаның қалыптасуына әсер ететін білімдер базасын меңгеру (АҚ-1);
- психология пәнінің ерекшелігін, оның басқа ғылымдар саласымен байланысын, психологияның негізгі салаларымен және психологиялық білімдерді өмірде қолдана білу (АҚ – 2);
- психологияның заманауи мәселелері мен даму тарихына бағыттылық (АҚ-3);
- жануарлар психикасының эволюциялық даму заңдылықтары, адам мен жануарлар психикасының сапалы айырмашылықтары мен ұқсастықтары (АҚ -4);
- үдерістер мен күйлердің психологиялық және психофизиологиялық жағдайларын түсіну (АҚ-5);
- психологиялық ғылым мен тәжірибенің заманауи әдістерін меңгерумен қатар қоғам сұранысына байланысты қолдана алу (АҚ-6);
Онтогенетикалық:
-психикалық даму кезеңдеріне жан-жақты тәсілдер мен жасерекшеліктерін ескеруді меңгеру (АҚ-7);
- әртүрлі жас кезеңдерінде адамның дамуы мен мінез-құлқының психикалық реттелуінің заңдылықтары мен феноменологиясын білу (АҚ-8);
- субъектінің жасерекшелігі мен жақын даму аймағын басқалармен өзара әрекетті құруда пайдалана білу (АҚ-9);
Дифференциалды-тұлғалық:
- тұлғаның даму күштері мен құрылымы, даралығы туралы түсініктерінің болуы (АҚ-10);
- тұлғаның теориялық негіздері мен дифференциалды – психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу (АҚ-11);
- адамның индивид және тұлға ретінде іс-әрекетте қарым-қатынасын реттеу феноменін түсіну (АҚ-12);
- тұлғаның индивидуалды ерекшеліктерінің психологиялық талдауын жасауға дағдылық (АҚ-13);
Әлеуметтік-психологиялық:
- қарым-қатынастың, адамның топта өзара әрекеттестігі мен тұлға аралық қатынастардың психологиялық заңдылықтарын меңгереді (АҚ-14);
- топ феномені мен әртүрлі этнотоптар өкілдерінің ұлттық психологиялық ерекшеліктерін біледі(АҚ-15);
- тұлғааралық қатынастар мен ұжымда, топта қарым-қатынасты (сонымен қатар полимәдиниеттік орталарда)және үлкендер мен балалардың өзара әрекеттестігін әртүрлі топтарда жобалап, ұйымдастыра алады (АҚ-16);
- әр түрлі топтар мен ұжымдарда психологиялық қолдау дағдысын игереді (АҚ-17);
Диагностикалық:
-тұлғаның өмір әрекетіндегі психикалық процестерді зерттеуде психологиялық диагностикалардың мүмкіндіктерін сауатты қолдана алады (АҚ-18);
-диагностикалық материалдар мен интерпретациялық қорытынды жұмыстардың қағидаттарын меңгереді (АҚ-19);
- кәсіби маңызды ақпараттарды жинау мен нәтижелерді өңдеудің ғылыми негізделген заманауи технологияларын қолдана алады (АҚ -20);
- зерттелуші тұлғаның жасерекшелік және дара психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып психодиагностикалық зерттеулерді құру (АҚ-21);
- ғылыми сараптамалар мен диагностикалық материалдармен жұмыс жасау принципін меңгеру (АҚ – 22);
- диагностикалық зерттеулер нәтижесі бойынша қорытындыларын сараптау мен интерпретациялау және есеп беру құжаттарын дайындау (АҚ-23);
Дифференциалды-клиникалық:
- нейропсихология мен медициналық психологияның тәсілдері мен негізгі теорияларын біледі, қалыпты және қалыпты емес деңгейде тұлғалық сфера мен психологиялық және нейропсихологиялық зерттеулердің әдіс тәсілдерін меңгереді (АҚ-24);
- психикалық процесстердің нормасы мен патологиясын, тұлғаның күйі мен іс-әрекет критериилерін біледі, норманы қалпына келтірудің тәсілдері мен жолдарын құра алады (АҚ-25);
- тұлғаның аймағы мен танымдық процесстерінің диагностикалық әдістері мен әдістемелерін таңдау сәйкестілігін психикалық патологияның тұлғаға әсер етуі мен қоғамдағы әрекетін құра алады (АҚ-26);
- әртүрлі жастағы адамдардың интеллектуалды, балалардың сөйлеуі, сенсорлы, қозғалыстарын психологиялық зерттеудің стандартталынған әдістері мен психолого-педагогикалық модификациясын таңдай алады (АҚ-27)
- нейропсихологиялық зерттеулер жүргізеді (АҚ-28);
- даму және ауытқу сұрақтары бойынша мамандармен конструктивті өзара әрекет жасауға қабілеттілік (АҚ-29);
Кәсіби-құқықтық:
- заманауи мекемелер мен еңбек субъектісінің кәсіби әрекеттік жағдайында психологиялық қызмет жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау (АҚ- 30);
- адамды еңбек субъектісі ретінде психологиялық қолдау техникаларын меңгеру (АҚ-31);
- кәсіби іс-әрекет мәселесін шешуде кешенді және жүйелік тәсілдерді жүзеге асыру қабілеттілігі (АҚ- 32);
- еңбек субъектісі мен ортаның кәсіби ұйымшылдық тәуекелін жобалау және талдау (АҚ- 33);
- көрсетілген тәуекелдердің алдын алу мен жеңудің кешенді шараларын жоспарлау және жүзеге асыру (АҚ- 34);
- өзіндік білімдер мен көпшілік, дара саяси, құқықтық сананы заманауи зерттеулер туралы білімі (АҚ-35);
- саяси және әлеуметтік-құқықтық сфераларда көрініс беретін психологиялық механизмдерді біледі (АҚ-36);
- әлеуметтік-құқықтық және саяси қақтығыстарда психологиялық талдау жүргізу (АҚ-37);
- саяси әрекетте және әлеуметтік құқықтық тұрғыда тұлғаны талдау (АҚ-38);
- кәсіби әс-ірекетте құқықтық ұйымдастырушылық негізді қолданады (АҚ-39);
Консульттивті-коррекциялық:
- практик психологтің кәсіби іс-әрекетінде теориялық негіздермен, кеңесті жүргізудің техникалары мен технологияларын, коррекциялық үдерістерді және т.с.с. басқа да бағыттарын меңгеру (АҚ- 40);
-клиенттің сұранысына сәйкес психологиялық әсер ету технологияларын оның мәселесі бағытында таңдай алу (АҚ- 41);
- клиентпен консультациялық жұмыс жасау үдерісте коррекциялық әсер ете алу (АҚ- 42);
- тренингтік жұмыстардың ұйымдастырылуы мен жүргізу техникаларын меңгеру (АҚ 43);
-қазіргі жоғары сұраныстағы психологиялық тәржірибедегі бизнес, медициналық, құқықтық психологиялардың психотерапиялық техникаларының процессуалды мазмұнын білу (АҚ - 44);
-бизнес, мединицалық, құқықтық психологиясында нақты психологиялық міндеттерді шешуде психотехнологиялық тәсілдерді дұрыс таңдап, қолдана алу (АҚ - 45).
- бизнес, медициналық, құқықтық психологиясының психотехнологиялық тәжірибесінде заманауи техникаларын игеру (АҚ - 46);
Арнаулы – консультациялық:
- бизнес, мединицалық, құқықтық психологиясында психологиялық көмек беру шеңберінде консультациялық әрекеттерді қалыптастыру (АҚ- 47);
- жеке меншік мекемелер мен кәсіби бағытына сәйкес консультациялық жұмыстарды ұйымдастыру(АҚ-48);
- медициналық, банктік жүйеде, бизнес аймағындағы мекемелердің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін талдау (АҚ - 49);
- әртүрлі бағыттағы мекемелердің іс-әрекеттерін жетілдіруде іске асыратын тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу (АҚ– 50);
- кәсіби бағыттылықтарын ескере отырып психологиялық мәселені бөліп, талдау жасау (АҚ - 51);
- ғылыми-тәжірибелік зерттеулерді кәсіби бағыттарына сәйкес мекеменің мақсат, міндеттер контексінде нәтижелерін талдау (АҚ - 52);
Практик психолог жұмысының құралдық(инструменталды) құзыреттіліктері (1)
- медициналық, құқықтық, бизнес аймағындағы қоғам мүшелерінің санасының өзгеруін, уақытты басқару нәтижелігінің негізін меңгеру (АҚ - 53);
- бизнес, медициналық, құқықтық және әлеуметтік-құқықтық сферада қызметкерлермен жұмыс жасау әдісі мен заманауи технологияларын меңгеріп, оны нәтижелі қолдана алу (АҚ- 54);
- уақыт құндылығын адам мен мекеменің стратегиялық қоры ретінде анықтау (АҚ - 55);
- инновациялық технологияларды тәжірибелік түрде жүзеге асырудың түрлерін меңгеру (АҚ- 56);
- медициналық, құқықтық, бизнес аймағындағы психологиялық әсер ету феноменінің нәтижелігін әртүрлі әдістер мен технологияларды бағалауда қолдану(АҚ - 57);
- медициналық, құқықтық, бизнес аймағында басқарудың заманауи технологиялық өзгерістерімен әртүрлі іс-әрекеттерде адамдарға әсер ету дағдыларын меңгеру (АҚ- 58);
Практик психолог жұмысының құралдық(инструменталды) құзыреттіліктері(2):
- медициналық, құқықтық, бизнес аймағындағы мекемелердің ішкі және сыртқы ортада әрекеттесулерінің әлеуметтік – психологиялық заңдылықтары туралы түсініктерінің болуы (АҚ – 59);
- медициналық, құқықтық, бизнес аймағындағы мекемелердің ішкі және сыртқы ортада әрекеттесулерінің әлеуметтік-психологиялық, экономикалық, құқықтық заңдылықтары туралы түсініктерінің болуы (АҚ- 60);
- медициналық, құқықтық, бизнес аймағындағы қызметкерлердің корпоративті мәдениетінің негізгі принциптерінің қалыптасуын білу(АҚ - 61);
- медициналық, құқықтық, бизнес аймағында басқару қызметін бөлу, психологтің негізгі нормативті құжаттар мен құрылымдық ұйымдасуының қағидаттарын меңгеру (АҚ - 62);
- мекемелерде ұйымдастырудың нәтижелік процесстерін бағалауды жүргізу және қорытынды сараптамаға талдау құжаттарын өңдеу (АҚ- 63);
- полимәдениеттік кеңістікте коммуникация әдістерін меңгеріп, стандартты емес жағдайларда басқару-ұйымдастырушылық шешімдерін табу (АҚ - 64);
- командада жұмыс жасай білу, әлеуметтік-мәнді мәселеге талдау, әлеуметтік, беделділік тәуекелділікті мекеме мен адам позициясында зерттеу стратегиясы мен тәсілін талдай білу (АҚ – 65).

× You found a Typo