Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

5В052100-Мемлекеттік аудит

Шифр – Мамандығы 5В052100 – Мемлекеттік аудит
Мамандықтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты - жан-жақты білімді, қоғамның жоғары мамандандырылған кадрларға қажеттілігін қанағаттандыратын, мемлекеттік аудит саласында фундаментальді білімді игерген, бүкіл өмір бойына кәсіби дағдысын дамытуға жұмылдырылған тәжірибесінде білімін жүзеге асыра алатын, сонымен қатар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесі үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау болып табылады. Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  • Экономиканың даму заңдылықтарын, ұлттық экономикадағы процестерді ұғыну және осы процестерді түсіндіре алу; мағыналы пікірталастарға қатысу, жағдайдың өзгерісін ескере отырып шешім қабылдау қабілетінің болуы.
  • Аудит және қаржылық есептіліктің отандық және халықаралық стандарттарына сәйкес мемлекеттік саласында алған білімін қолдануға, алдына қойған міндеттерді жүзеге асыру процесін қадағалауға, ұйымның қызметін оңтайландыру үшін жұмысты түзету және шешім қабылдауға қабілетті болу.
  • Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында кәсіби қызметін жүргізуге, ақпараттарды және мәселелерді талдауға қабілетті болу; ғылыми тәсілдерді қолдана отырып, мемлекеттік аудитор шеңберінде шешім таба білу.
  • Мемлекеттік аудитор қызметінің этикалық принциптерін сақтай отырып кәсіби қызметін атқаруға қабілетті болу, қоғамға және қоршаған ортаға кәсіби қызметі әсерінің жауапкершілігін мойнына жүктеу.
  • Жауапкершілікті алу, топпен жұмыс істей білу, уәкілдік құқығын беру және үйлестіру, өз жұмысын тиімді жоспарлау және ұйымдастыру қабілетінің болуы.
Біліктілік сипаттамасы

Кәсіби қызмет саласы болып мемлекеттік органдар, барлық меншік нысанындағы мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буынындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің басқару органдары болып табылады.

Кәсіби қызметтің нысандары активтердің құрамы мен орналасуында және оның құралу көздерінде өзгерістер тудыратын кәсіпорын мүлігі, оның міндеттемесі, капиталы және шаруашылық операциялары, сонымен қатар, саланың ерекшелігін ескеретін, экономиканың әр түрлі саласындағы ұйымдардың қызметі: мемлекеттік басқару органдары (Министрліктер, Салық комитеті, статистика бойынша ҚР Агенттігі), құқықтық нысаны мен ұйымдастыру түріне тәуелсіз ұйымдар мен фирмалар бола алады.

Кәсіби қызмет пәні: осы саладағы бакалаврлар ұйымлдардағы қаржылық, шаруашылық және басқару ісін жүргізе білулері керек:

  • шаруашылық операцияларын тіркеу;
  • ХҚЕС сәйкес қаржылық есептілікті құрастыру;
  • қаржылық есептіліктің аудиті мен талдауын ХАС сәйкес жүргізу.

Білім беру траекториясы

«Ішкі аудит»;

«Сыртқы аудит».

Білім беру траекториясының бірегейлігі

Білім беру траекториясының бірегейлігі:

  • мемлекеттік аудиттің және бақылаудың теориялық аспектілерінің жоғары деңгейін, қазіргі заманғы дамудың тенденциясын ескере отыруы;
  • бюджеттік қаражаттардың, мемлекет активтерінің тиімділігін арттыру және пайдаланудың қазіргі заманғы әдістерін және технологияларды қолдануды жеделдетуге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмысының жетілдіруі;
  • теориялық және тәжірибелік оқу үрдісіндегі оқу үрдісінің оңтайлығы (тәжірибеге сүйене отырып, ұйымдастыру есебінен);
  • жеке-дара кәсіптік іс-әрекеттердің бағыт-бағдарлануы, кәсіптік қызметтің нәтижесіндегі жауаптылыққа бағытталған бағдарлану;
  • кәсіби тұрақтылықты ұйымдастыру, кәсіптік қызметті ұйымдастырудағы өзекті мәселелерді, кәсіби бейіндік мамандық бойынша бакалаврдың бағдарларында жүргізе білуі.

Білім беру нәтижелері

Білуі тиіс:

  • ішкі және сыртқы бақылау түріндегі аудит;
  • аудиттің халықаралық қызметі;
  • аудиторлық қызметті ұйымдастыру
  • аудиторлық бақылау жүргізу әдістемесі;
  • аудиторлық қорытынды жазу тәртібі.

Меңгеруі керек:

  • аудиторлық процедура жүргізу;
  • бухгалтерлік есептің заңға және есеп нормаларына сәйкестігін тексеру;
  • шаруашылық субъектісінің қаржылық есебіне талдау және сараптама жасау;
  • есепте нақты және әділ ақпарат берілгендігі туралы қорытынды шығара алу.

Дағдылануы керек:

  • қолданыстағы заңнамалар, стандарттар, аудит қағидалары, нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде ұйымдарда аудитті жүргізу.
  • бухгалтерлік есепті жүргізу мен ұйымдастыруы;
  • дұрыс кеңес беру;
  • аудит облысында қабылдаған білімдерін қолдана алуы қажет.
Мамандық түлектерінің білім деңгейіне қойылатын талаптар
(Дублиндік дескрипторлар негізінде)
  1. әр түрлі ақпарат көздерінен мәліметтер ала білу және оларды талдау, кәсіби пайымдауды қалыптастыру және логикалық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдау;
  2. аудиттің әр түрлі әдістеріне, көзқарастарына, ғылыми мектептеріне, әдіснамаларына, ілімдері мен даму бағыттарына сүйене отырып, жаңа білімді игеру қабілеті;
  3. есептік-аудиторлық бөлімшелерді басқару мен ұйымдастырудың қажетті нысандарына ғылыми негізделген таңдау жасай білу, басқарушылық қызметті табысты жүзеге асыру;
  4. есеп және аудит саласындағы міндеттерді анықтай және зерттей білу,оларды әр түрлі жалпы ғылыми және есептік-талдамалық әдістермен шешу;
  5. субъектінің қызмет етуінің нақты жағдайында қаржылық есептілік элементтерін тану, бағалау және есепке алу әдістерін таңдаудың дұрыстығын негіздеу, олардың өзгермелі жағдайларға бейімделу қажеттілігін уақытылы анықтау;
  6. есеп және аудит саласындағы міндеттерді шешудің жаңа әдістерін түсіну және пайдалану, заманауи ғылыми және тәжірибелік мәселелерді тұжырымдау және шешу;
  7. есеп және аудит құжаттарын жасақтау кезінде өз позициясын жеткізе білу қабілетіне ие болу;
  8. ұйымды басқару жүйесінде есеп және аудит саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерін қолдану бойынша мемлекеттік аудит бағдарламаларын және тәжірибелік нұсқаулықтарды жасақтау кезінде өз көзқарасын ұсына білу.
× You found a Typo