Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

5В060200 - «Информатика»

Шифр – мамандық 5В060200 – Информатика
Мамандықтың мақсаттары мен міндеттері

5В060200 – Информатикамамандығының негізгі мақсаты информатика, компьютерлік техника мен ИТ-технологиялар салаларында біліктілігі жоғары, өзгеретін әлеуметтік-экономикалық жағдайға  тез қалыптаса алатын, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие түлектерді дайындау болып табылады.
5В060200 – Информатика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының бакалаврын дайындау білім беру бағдарламасының міндеттері:

  • жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру;
  • экологиялық , физикалық, этикалық, құқықтық мәдениет пен ойлау мәдениетін қалыптастыру;
  • жаратылыстану ғылымдарының бакалаврының тілдік даярлығы;
  • кәсіби пәндерді игеруге қажетті іргелі білімдерді қалыптастыру;
  • кәсіби іс-әрекетте қажетті негізгі білім, білік, дағды мен құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Біліктілік сипаттамасы

Кәсіби қызмет саласы
«5В060200 «Информатика»  мaмандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының бакалаврдың кәсіби қызмет саласы келесілер болады: ғылыми-зерттеу орталықтақтары; басқарудың мемлекеттік  органдары, технопарктер, инновациялық орталықтары және кәсіби есептерді шығару үшін математикалық әдістер мен компьютерлік технологияларды қолданылатын меншігі түрлі ұйымдар.

Кәсіби қызмет обьектілері
5В060200  – Информатика  мaмандығы бойынша жаратылыстану бакалаврының кәсіби қызмет обьектілеріболып, келесілер табылады: компьютерлік жүйелер мен желілер; математикалық және  алгоритмдік үлгілер; жоғарғы жылдамдықтағы есептеу жүйелері; ғылым, білім беру, техника, экономика мен басқару есептерін шешуге арналған аппараттық және бағдарламалық жасақтама.

Кәсіби қызмет пәндері
5В060200  – Информатика  мaмандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының бакалаврының  кәсіби қызмет пәндері:

  • ғылыми, білім беру, техника, экономика және басқару есептерін шешуге арналған заманауи математикалық әдістері, қолданбалы математика мен информатика  әдістері.
  • жергілікті және ауқымды ақпараттық желілер  мен Internet-технологияларды дамытуға арналған бағдарламалық және аппараттық жасақтамасы;
  • заманауи операциялық жүйелердің сенімділігі мен бастарту төземділігі қағидаттарын ескере отырып, жобалау жүйелерін әзірлеу үшін, параллель компьютер көмегімен үлестірілген деректерді өңдеу, нақты уақыт жүйелерін жобалау үшін аппараттық жабдықтама;
  • ғылыми және техникалық есептерді компьютерлік визуализациялауға, табиғи үдерістерді, ғылыми зерттеулердегі және педагогикалық іс-әрекеттердегі абстрактілі ұғымдарды анимациялауға арналған бағдарламалық жасақтама
Білім беру траекториялары
  • Компьютерлік үлгілеу
  • Қолданбалы бағдарламалау
Әрбір траекторияның бірегейлілігі
  • Компьютерлік үлгілеу

Осы траекторияны аяқтаған түлектер компьютерлік үлгілеу саласындағы мамандар ретінде дайындалады, соның ішінде, имитациялық үлгілеу, жаратылыстану саласындағы үлгілеу, технологиялық үдерістерді үлгілеу. Сонымен қатар, осы траекторияда графикалық дизайн, сурет салу мен жобалық графика негіздері, презентациялық, анимациялық және 3Д графикасы да оқытылады. Бұл траекториядағы бакалаврды дайындау өнеркәсіп пен ғылымның түрлі үдерістерін компьютерлік үлгілеудің мүмкіндіктерінің даму перспективаларын ескереді.

  • Қолданбалы бағдарламалау

Бұл траекторияның түлектері қолданбалы бағдарламалау, ақпараттық және желілік қауіпсіздік, ақпаратты вирустерден және желілік шабуылдардан қорғау, ИТ-коммуникациялар, компьютерлік жүйелер мен автоматтар сәулеті, салаларында іргелі білімдерге ие болады;
Түлектердің даярлық деңгейі компьютерлер мен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды, ИТ-технологияларды қоланатын кәсіби салаларда жұмыс атқаруға мүмкіндік ашады.

Әрбір траектория бойынша оқытудың нәтижелері 
  • Компьютерлік үлгілеу

Білу:

  • компьютерлік жүйелер мен желілердің математикалық үлгілерін, әдістерін, жобалау тәсілдері мен технологияларын;
  • компьютерлік техниканың, ИТ-коммуникациялардың және байланыстың жұмыс істеуінің іргелі принциптерін;
  • техникалық құжаттаманы дайындаудың ережелерін, әдістерін жіне құралдарын.

Меңгеру:

  • зерттелетін объектіні еркін талдау және шешу әдісін табу;
  • кəсіби қызмет объектілерін дамыту үшін заманауи əдістерді, құралдар мен технологияларды қолдануға;
  • Ғылыми зерттеулерде және адам қызметінің гуманитарлық салаларында кəсіби қызметтің объектілерін қолданудың əдістері, құралдары мен технологияларын жасауда тиісті профиль мамандарымен өзара іс-қимыл жасау;
  • ғылыми негізде эргономика туралы білімдерін пайдалана отырып, өз жұмыстарын ұйымдастырады;
  • Қолданбалы бағдарламалау

Білу:

  • алгоритмдерді құру негіздері және техникалық құжаттаманы оқу;
  • жоғары сапалы қолданбалы өнімдерді жасауға болатын бағдарламалау тілдерін;

Меңгеру:

  • бағдарламаның жылдамдығын жақсарту үшін бағдарлама кодын оңтайландыруға;
  • Кәсіби қызмет саласындағы ақпараттық технология саласындағы заманауи жетістіктерді, қолданбалы жүйелердегі нақты мәселелерді шешудің әртүрлі тәсілдерін қолдануға;
  • қолданушының ыңғайлылығы үшін бағдарлама бағдарламасының интерфейсін эргономикалық құруға;
  • арнаулы әдебиеттерді және басқа да ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік ғылым мен техниканың кәсіби қызмет саласындағы жетістіктерін зерттеу.
  • мәселелерді түсіну және анықтау үшін жүйелік түсініктерді пайдалану;
  • заманауи құралдарды қолданып бағдарламалау;
  • техникалық құжаттаманы және әзірленген ақпараттық жүйені құру;
  • ақпараттық жүйелерді дамыту мен енгізудің жеке және шетелдік тәжірибесін талдау.

Дағдыларға ие болу:

  • бағдарламалық-аппараттық кешендермен, бағдарламалық жасақтамамен жұмыс жасау;
  • қажетті ақпаратты Интернеттен кәсіби тұрғыдан іздестіру;
  • аппараттық құралдарды таңдау;
  • компьютерлік жүйелердің түрлі типтерінде жұмыс жасау;
  • алгоритмдік тілдерді, жуық әдістерді, стандартты бағдарламалық жасақтаманы, қолданбалы бағдарламалар дестелері мен мәліметтер қорларын, машиналық графиканы, сараптамалық жүйелер мен білім қорларын қолданбалы есептерді шешуге қолдану.
Түлектердің осы мамандық бойынша білім деңгейіне қойылатын талаптары (Дублин дескрипторлары негізінде)

 Түлектердің осы мамандық бойынша білім деңгейіне қойылатын талаптары келесі құзыреттіліктер арқылы беріледі:
дүниетанымы кең және ойлау мәдениеті бар жоғары білімді тұлғаны қалыпстастыруға ықпал ететін жаратылыстану-ғылыми пәндер облысында (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) базалық білімдерге ие болу;

  • қазіргі заманғы техниканы қолдана білу дағдысының болуы, кәсіптік қызмет аясында  ақпараттық технологияларды қолдана білу;
  • күнделікті кәсіптік қызметке және магистратурада білім алуды жалғастыруға қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.
× You found a Typo