Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

5В070300 - «Ақпараттық жүйелер»

Шифрі-Мамандығы 5В070300 - Ақпараттық жүйелер
Мамандық мақсаттары мен міндеттері

Жекелеген тұлғалардың өмір қызметін кәсіби-техникалық қамсыздандыруға, тұлғалық, әлеуметтік және тұлғаның кәсіби өсуіге, әр түрлі мәселелерді шешуге, әлеуметтік саланы үндестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша техникалық ғылымдардың жоғары білікті мамандарын дайындау.
5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бакалаврының кәсіптік қызметінің міндеттері білім беру мақсаттарынан туындайды, олар:

  • ақпараттық жүйелердің әр түрлі құрауыштарын және тұтастай алғанда ақпараттық жүйелерді жобалау және дайындау;
  • ақпараттық жүйелердің желілік инфрақұрылымын инсталляциялау, конфигурациялау және әкімшілік ету;
  • ақпараттық жүйелердің мәліметтер қорын жобалау және әкімшілік ету;
  • ақпараттық жүйелердің ақпараттық, бағдарламалық-техникалық және ұйымдастырушылық-құқықтық қамсыздандыруын және олардың элементтерін сүйемелдеу.
Біліктілік сипаттамасы

Мамандықтың кәсіби іс-әрекет ету салалары: өнеркәсіп, ғылым, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік бксқару.

Мамандықтың кәсіби іс-әрекеттерінің объектілері: адам қызметінің түрлі салаларында ақпараттық жүйелерді әзірлейтін, ендіретін және сүйемелдейтін әртүрлі меншікті кәсіпорындар мен ұйымдар; Мамандықтың кәсіби іс-әрекеттерінің пәндері: технологияны жобалау, әзірлеу, іске асыру, қызмет көрсету және пайдалану.

Мамандықтың білім беру қызметін жүзеге асырудан басқа, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуға мүмкіндік береді

Білім беру траекториялары

1) ақпараттық жүйелердің мәліметтер қорын әкімшілік ету

2) кәсіпорындардың технологиялық үрдістерін автоматтандыру

Әрбір траекторияның бірегейлігі

1) «Ақпараттық жүйелердің мәліметтер қорын әкімшілік ету» траекториясының бірегейлігі:
ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын ескере отырып, мамандарды деректер базасының жүйелерін әзірлеу және пайдалану саласында теориялық және практикалық даярлау

2) «Кәсіпорындардың технологиялық үрдістерін автоматтандыру» траекториясының бірегейлігі:
өндірістік процестерді автоматтандыру және оларды қолдану әдістері мен құралдарын қолдану білімдерін студенттерде қалыптастыру

Әрбір траекторияны оқыту нәтижесі

«Ақпараттық жүйелердің мәліметтер қорын әкімшілік ету» траекториясы:
Оқыту нәтижесінде түлек білуі қажет:

  • ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттарын;
  • қолдану саласына байланысты ақпараттық жүйелердің сенімділігі мен тиімділігі бойынша талаптарын;
  • ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелердің пәндік аймақтарда дамуы және өзара байланысқан салалармен олардың қарым-қатынасын;
  • кәсіби-бағытталған ақпараттық жүйелер теориясы, құрастыру технологияларды және пайдалану жөніндегі ғылыми-зерттеу әдістерін;
  • сабақтас  пәндік салалардағы ақпараттық жүйелерді;
  • интеллектуалды ақпараттық жүйелерді ұйымдастырудың негізгі принциптерін;
  • тұлғааралық қарым-қатынас және топтық жұмыс технологиялары, топтық жұмысты басқаруды.

Оқыту нәтижесінде түлек меңгеруі қажет:

  • мәселелерді ұғыну және анықтау үшін жүйелік концепцияны пайдалану;
  • адам және ақпараттық жүйелер арасындағы диалогты ұйымдастыруға байланысты проблемаларды қою және шешу;
  • күрделі кәсіби-бағытталған ақпараттық жүйелерін құруда интерфейс құралдарын таңдауды жүзеге асыру;
  • пәндік аймақта кәсіби‑бағытталған ақпараттық жүйелерді әзірлеу және ендіру.

Оқыту нәтижесінде түлек дағдыларға ие болуы қажет:

  • пәндік аймақта жүйелік талдау әдістері;
  • ақпараттық жүйелердің аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету кешендермен жұмыс істеу;
  • интернетте, ғылыми әдебиеттерден қажетті ақпаратты кәсіби іздеу.

«Кәсіпорындардың технологиялық үрдістерін автоматтандыру» траекториясы:
Білу керек:

  • кәсіпорында өнімнің негізгі принциптері мен заңдылықтарын теориялық негіздерін, өндірісті ұйымдастыру принциптерін;
  • кәсіпорында өнімді сертификаттау, оны өндіруді ұйымдастыру және сапа жүйесін енгізу.

Меңгеруі керек:

  • өнім өндіру процесінде қолданылатын және өндіріс тиімділігін арттыру және өнімінің сапасын жақсартудың негізгі заңдылықтарын талдауға бағытталған шешімдер негіздеуді;
  • кәсіпорында шешім әзірлеуге бағытталған сапа жүйесін енгізуді.

Дағдыларға ие:

  • кәсіпорында жүйелі моделін әзірлеу тұжырымдамасы мен өндірісті ұйымдастыру және оларды автоматтандыру.
Мамандықты бітірушілердің білім беру деңгейіне талаптары (Дублин дескрипторлары негізінде)

5В070300 - «Ақпараттық жүйелер» мамандығы түлектерінің білімділік деңгейіне қойылатын талаптары келесі құзіреттіліктері арқылы анықталады:

  • Арнайы құзіреттілік – пәндік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және әлеуметтік-гуманитарлық білім, білік, дағдылар жүйесін иелену, өзінің кәсіби дамуын жүзеге асыру қабілеті.
  • Қатынастық құзіреттілік – басқа адамдармен қажетті байланыстарды орнату және қолдауды үзбеу қабілеті, емін-еркін қатынасу, түсінікті болу, т.б.
  • Ақпараттық құзіреттілік – ақпараттық технологияларды қолдану, ақпараттың барлық түрлерімен жұмыс жасау қабілеті; қажет ақпаратты өз бетінше іздей, талдай, таңдай алу, оны құра, түрлендіре, сақтай және жеткізе алу.
  • Зияткерлік құзіреттілік – аналитикалық ойлау және өз міндеттерін орындауға кешенді қарау қабілеті; тұлғалық өзін-өзі көрсету мен өзін-өзі дамыту амалдарын, тұлғаның кәсіби деформациясына қарсы тұру тәсілдерін иелену.
  • Әлеуметтік құзіреттілік – әлеуметтік өзара әрекеттестікте қалыптасу мен өмір сүрі қабілеті: өзгеру және бейімделу; рационалды және жауапты дискуссия мен басқалармен келісімге қол жеткізу; кәсіби бірлестікте қатынастарды қолдау, өзінің кәсіби еңбегінің нәтижелеріне әлеуметтік жауапкершілікті алу.
  • Жеке құзіреттілік – тұлғаның өзінің даму мүмкіншілігін, мамандығы мен қоғамдық өмірдегі талап-шектеулерді анықтау, түсіну және бағалау қабілеті; өзінің дарындылығын көрсету, өзінің өмірлік жоспарларын құру және дамыту, физикалық, рухани және интеллектуалды өздігінен даму, эмоционалды өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қолдау тәсілдерін меңгеру, өз жұмысының нәтижелерін жақсартуға, өзінің жеке тұлғалық айрықшалықтары мен кәсіби-психологиялық әлеуеті есебінен еңбек тиімділігін арттыруға дайын болу және қабілетті болу, өзі туралы, өзінің қасиеттері, артықшылықтары, сұраныстары, мақсаттары, себеп-түрткілері, құндылықтық бағдарлары туралы адекватты түсінігінің болуы.
× You found a Typo