Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

5В071000- Материаловедение и технология новых материалов

Шифр - Мамандық 5В071000-«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы»
Мамандықтың мақсаты мен міндеттері

5В071000-«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының білім беру бағдарламасының мақсаты: ғылыми-зерттеу зертханаларында, конструкциялық және жобалық фирмаларда, өндірістік кәсіпорындарда өндірістік, ғылыми-зерттеу қызметіне жоғары бәсекеге қабілетті маман дайындау.
5В071000-«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының кәсіби қызметіне қойылатын міндеттер: материалдың қасиеті мен құрылымы, фазалық құрамы арасындағы өзара байланысты білу, оның дамуындағы негізгі бағытқа деген көзқарас, сонымен қатар осы облыстағы ғылым мен техниканың негізгі жетістіктерін игеру.

Біліктілік сипаттамасы

Кәсіби қызмет саласы: осы бакалавриатты бітірген мамандар өндірістік кәсіпорындарда ұйымдасқан өндірістік-технологиялық жұмыстарды жүргізеді, сонымен қатар материалдың қасиеті мен құрылымын игеру үшін тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Кәсіби қызмет нысандары: түсті және қара металлургия зауыты, машина және аспап жасау зауыты, химиялық өндіріс зауыты, салалық зерттеу және жобалау институттары, зертханалар, жоғары және орта техникалық мектептер болып табылады.
Кәсіби қызмет пәні: материалдардың құрылымы мен қасиетін зерттеуге арналаған өндірістік технологиялық құрылғы, қондырғылар мен аспаптар, жаңа материалдарды өңдеу және алу технологиясы, сонымен қатар олардан дайын бұйымдар алу.

Білім беру троекториясы

5В071000-«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының білім беру бағдарламасы 3 троектория бойынша оқытылады:

  1. Материалдардың технологиясы және модификациясы
  2. Ядролық технологиялар және материалтану
  3. Жаңартылған энергетиканың материалы мен технологиясы
Әрбір троекторияның бірегейлігі

1. «Материалдардың технологиясы және модификациясы» троекториясының бірегейлігі келесідей бекітіледі:

  • университеттерде, институттарда және басқа да ғылыми орталықтарда инженер, лаборант болып жұмыс істей үшін барлық білімді, дағдыны, білімді игереді. Сонымен қатар материалды өңдеудің химиялық-физикалық әдістерін игереді, материал бетінің модификациясын, нанотехнологияны тереңірек меңгереді. Вакуумдық пост, сынама машиналар, пеш, микроскоп сынды және т.б. құрылғыларда жұмыс істейді.

2. «Ядролық технологиялар және материалтану» троекториясының бірегейлігі келесідей бекітіледі:

  • ядролық орталықтарда, зауыттарда және басқа да ғылыми орталықтарда, кәсіпорындарда ғылыми қызметкер, инженер, болып жұмыс істей үшін барлық білімді, дағдыны, білімді игереді. Сонымен қатар ядролық технологияның физикалық негізін, радиациялық материалтануды, алу жолдары мен зерттеу әдістерін терең меңгереді және атомдық энергетика, нанотехнология үшін материал қасиетін игеру. ЯМР-спектрометрі, рентгенфлуоресценттік спектрометр, вакуумдық пост сынды және т.б. құрылғыларда жұмыс істейді. 

3. «Жаңартылған энергетиканың материалы мен технологиясы» троекториясының бірегейлігі келесідей бекітіледі:

  • зауыттарда және басқа да ғылыми орталықтарда, кәсіпорындарда ғылыми қызметкер, технолог, термист болып жұмыс істей үшін барлық білімді, дағдыны, білімді игереді. Баламалы энергетика, күн энергетикасы, жел энергетикасы және сутек энергетикасының технологиясы үшін соларға қатысты материал қасиетін терең меңгеру.
Әрбір троектория бойынша оқыту нәтижелері

1. «Материалдардың технологиясы және модификациясы» троекториясы:
Оқудың нәтижесінде түлек білуі тиіс:

  • материал қасиеті мен құрылымының, фазалық құрамының арасындағы өзара байланысын, технологиялық үрдістерді, ғылыми және технологиялық құрылғылардың жұмыс істеу принципін;

Түлек істей алуы тиіс:

  • материалдың құрылымы мен қасиетін игеру әдістерін тәжірибелерде қолдана алу;

Түлек дағдыларға ие болуы тиіс:

  • жаңа материалдарды алу мен өңдеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу, технологиялық карта құру дағдылары.

2. «Ядролық технологиялар және материалтану» троекториясы:
Оқудың нәтижесінде түлек білуі тиіс:

  • тірі организмге сәулелену әсерінің механизмі мен доза шегін, сәулелену дозасын өлшеу және есептеу әдістерін, нормативтік белігілерді, сәулеленуден қорғану әдістерін, радиациялық апат кезіндегі әрекеттерді білу;

Түлек істей алуы тиіс:

  • радиациялық қауіп-қатер деңгейін өз бетінше бағалау, сәулелену дозасын есептеу әдістерін қолдана алу, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, керекті материалды таңдай алу, сәулеленуден қорғанудың қалыпты әдісін таңдай алу, радиациялық апат туралы мәліметтерді талдай алу;

Түлек дағдыларға ие болуы тиіс:

  • радиациялық физика және дозиметрия облысындағы терминдер дағдысы, сәулелену дозасын бағалаудың дағдысы, радиациялық қауіптерді бағалауда алынған мәліметтерді қолдана алу дағдысы.

3. «Жаңартылған энергетиканың материалы мен технологиясы» троекториясы:
Оқудың нәтижесінде түлек білуі тиіс:

  • ядролық энергетикалық қондырғылардың арнайы материалдарының қасиеті мен негізгі түрлері;

Түлек істей алуы тиіс:

  • әртүрлі технологиялық үрдістерде қолданылатын жоғары потенциалдық жылуды өңдіруде, ядролық энергетикалық қондырғылардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау мүмкіндігі; сонымен қатар ядролық энергетикалық қондырғылардың арнайы материалдарын қолдана алуы.

Түлек дағдыларға ие болуы тиіс:

  • ядролық энергетикалық қондырғылардың арнайы материалдарын қолдану мен таңдау дағдысы.
Осы мамандық түлектерінің білім деңгейіне талаптар (Дублин дескрипторлардың негізімен)

Оқу үрдісі нәтижесінде 5В071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының түлектері келесі құзыреттіліктермен ерекшеленеді: 

  • Дүниетанымдық құзыреттілік -танымдық және қызмет тәжірибесін, жалпы білімді қамтуды, қоғам құбылыстарын, әлеуметтік негізді, әлемнің ғылыми бейнесін меңгеруді болжау.
  • Кәсіби құзыреттілік - кәсіби есептерді шешуде біліктілік пен білімділік, практикалық тәжірибе негізінде нәтижелі жұмыс атқару, стандартқа сәйкес берілген тапсырмаларды орындау қабілетін болжау.
  • Зерттеушілік құзыреттілігі-берілген стандартқа сай есептерді орындау қабілеттілігін, кәсіби есептерді шығаруда біліктілікті және білімділікті практикалық тәжірибе негізінде табысты атқаруды көздейді.
  • Коммуникативті құзыреттілік- әлеуметтік қарым-қатынасты қоғаммен, ұжыммен, топтағы жұмыс дағдысы, әріптестік, толеранттылық, тіл білімін енгізу, ауызша және жазбаша диалог, монолог, іс-қағаздарын құра білу қабілетін жетілдіру.
  • Өзіндік менеджмент құзыреттілігі -жеке ресурстарды басқару, яғни оларды қорғай білу, іске асыра білу, дамыта білу және қолдану, өзін-өзіне қолдану көрсету. 
× You found a Typo