Шифр – Мамандығы | 5В090500 – Әлеуметтік жұмыс |
---|---|
Мамандықтың мақсаты мен міндеттері | Кәсіби іс-әрекеттің типтік міндеттері - адамның қоғамда өмір сүруі үшін және қалыпты әлеуметтік қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау және құру;
|
Біліктіліктілік сипаттамасы | Әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік көмек, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, пенитенциарлы жүйе. |
Кәсіби іс-әрекет объектілері халықты әлеуметтік қолдау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет; арнайы ұйымдардың (отбасылық балалар үйі, интеранат үйлері, әлеуметтік жетімдер үйі, арнайы коррекциялық мекемелер) пенитицарлы жүйелері, әлеуметтік-педагогикалық,әлеуметтік-психологиялық қызметтері; балалар-жасөспірімдік клубтары; жастар ұйымдары мен бірлестіктері; емдік-профилактикалық және басқа медициналық ұйымдар, халықтың әр түрлі топтарына арналған оңалту орталықтары; әлеуметтік-өндірістік саладағы әлеуметтік қызметтер; коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдар. |
|
Кәсіби іс-әрекет пәні: Көмек қажет ететін адамдарға көмек көрсету, басқа адамдардың көмегінсіз өздерінің әлеуметтік мәселелерін шешуге қабілетті емес, көп жағдайларда және өмір сүруге (әлеуметтік-тұрмыстық көмек, әлеуметтік-ақпараттық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-оңалту, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық, психлогиялық, әлеуметтік-педагогикалық және тағы басқалар) қабілетті емес адамдарға көмек көрсету; әлеуметтік қорғау (жұмыс істейтін, жұмыссыз, көп балалалы отбасылар және т.б.) әлеуметтік қызмет көрсету, халыққа әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету, психоәлеуметтік жұмыстар. |
|
Білім беру траекториясы | Әлеуметтік қатер тобындағы балалар мен олардың отбасыларымен әлеуметтік жұмыс |
Қарттар мен олардың отбасыларымен әлеуметтік жұмыс |
|
Әрбір траекторияның ерекшелігі | Әлеуметтік қатер тобындағы балалар және олардың отбасымен әлеуметтік жұмыс саласындағы әлеуметтік қызметкер қоғамдағы әлеуметтік қатер тобындағы балалар және олардың отбасына көмек көрсету бойынша маманданданады. Әлеуметтік қызметкер "әлеуметтік қатер" тобына балалардың түсу қауіпінің себебі мен факторларын анықтайды. |
Әлеуметтік қызметкер қарттар және олардың отбасына әр түрлі әлеуметтік қызмет көрсету бойынша мамандандырылады. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби іс-әрекетінің нысаны отбасы, оңалту орталықтары, әлеуметтік жетімханалар, қарттар үйлері және т.б. болып табылады. |
|
Әрбір траекторияның оқыту нәтижелері «Әлеуметтік қатер тобындағы балалар және олардың отбасыларымен әлеуметтік жұмыс» траекториясы |
Білуі керек: тұлға дамуының психологиялық ерекшеліктерін; топ және ұжым психологиясын; әр түрлі діни, мәдени, этностардың өкілдерін; ұлтаралық өзара әрекеттесудің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін; қоғамдағы қарым-қатынастардың қалыптасу ерекшелігін, түрлі микро ортаның демографиялық, экологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық сипаттамаларын білуі керек. |
Іскерлігі: алған білімін әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық міндеттерді орындауда қолдана алуы керек; әлеуметтік қатер тобындағы балалармен әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиясын қолдана алуы крек. |
|
Дағдылары: өзінің кәсіби іс-әрекеті саласында қолданылатын ақпаратты өңдеу және сақтау, жинаудың компьютерлік әдістерін игеру; әлеуметтік қатер тобындағы балалар және олардың отбасымен қарым-қатынасты ұйымдастыру |
|
«Қарттар және олардың отбасымен әлеуметтік жұмыс» траекториясы | Білуі керек: Халықты әлеуметтік қорғау бойынша ҚР әлеуметтік саясаттың мәні және негізгі қарқындарын;әлеуметтік әлсіз топтардың өзекті мәселелерін, өзара әрекеттесу мәселелерін, қарт адамдармен әлеуметтік жұмыстың басым бағыттарына талдау жасауды, әлеуметтік жұмыстың әдістері, технологиялары, құралдарын білуі керек. |
Іскерлігі: отбасы, еңбек, тұрғын-үй заңнамаларын, сонымен бірге білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі құқықтық нормаларды практикалық іс-әрекетінде қолдана алуы керек; қарттар және олардың отбасымен әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың дәстүрлі және инновациялық технолгияларын қолдана алуы керек. |
|
Дағдылары: әлеуметік-психологиялық және психокоррекциялық жұмысты талдау және бағдарламалау дағдылары; қарттар және олардың отбасымен, қалалы және ауылдық жердегі әр түрлі әлеуметтік қауымдастықтармен әлеуметтік жұмыстың әдістерін тәжірибеде қолдана алу, басқарушылық шешімдер қабылдау дағдылары. |