6D011100-"Информатика" ББ бітірушісінің оқу нәтижелері келесі құзыреттер арқылы көрсетіледі:
Түсінік болуы қажет:
1.1. ғылым эволюциясындағы парадигмалардың ауысуы және дамуының негізгі кезеңдері туралы
1.2. жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымының пәндік, дүниетанымдық және әдіснамалық ерекшелігі туралы;
1.3 білім саласындағы ғылыми мектептер, олардың теориялық және практикалық әзірлемелері туралы;
1.4. тиісті саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамалары туралы;
1.5. ғылыми әзірлемелерді практикалық қызметке енгізу тетігі туралы;
1.6. ғылыми қоғамдастықтағы өзара іс-қимыл нормалары туралы;
1.7. ғалым-зерттеушінің педагогикалық және ғылыми этикасы туралы.
Білуі және түсінуі қажет:
2.
2.1. жаһандану және интернационализация жағдайында отандық ғылымның дамуының қазіргі тенденциялары, бағыттары мен заңдылықтары;
2.2. ғылыми таным методологиясы;
2.3. тиісті саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктері;
2.4. (түсіну және қабылдау) ғылым мен білімнің әлеуметтік жауапкершілігі;
2.5. ғылыми коммуникация мен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін шетел тілін жетік меңгеру;
Меңгеруі қажет:
3.
3.1. ғылыми зерттеулер процесін ұйымдастыру, жоспарлау және іске асыру;
3.2. зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық концепцияларды талдау, бағалау және салыстыру және қорытынды жасау;
3.3. әр түрлі ақпараттық көздерден ақпаратты талдау және өңдеу;
құзыретті болу:
5.
5.1. ақпараттық ағындардың тез жаңаруы және өсуі жағдайында ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында;
5.2. теориялық және эксперименттік ғылыми зерттеулер жүргізуде;
5.3ғылыми зерттеуде теориялық және қолданбалы есептерді қою және шешу;
5.4. тиісті саладағы мәселелерге кәсіби және жан-жақты талдау жүргізуде;
5.5. тұлғааралық қарым-қатынас және адам ресурстарын басқару мәселелерінде;
5.6. мамандарды ЖОО-да даярлау мәселелерінде;
5.7. ғылыми жобалар мен зерттеулерге сараптама жүргізуде;
5.8. тұрақты кәсіби өсуді қамтамасыз етуде.
Пәндік құзыреттер (ПмК):
Түсінік болуы қажет:
1.
1.1. қазіргі заманғы ғылымның жалпы дамуы, информатика мен компьютерлік технологиялардың даму бағыттары мен үрдістері туралы;
1.2. информатика саласындағы қазақстандық және әлемдік ғылымның ғылыми мектептері туралы; ғылыми қоғамдастықтағы өзара іс-қимыл нормалары туралы;
1.3. информатика, білім беруді ақпараттандыру және компьютерлік технологиялар саласындағы халықаралық ғылыми қызметтің қазіргі бағыттары туралы;
1.4. ғалым-зерттеушінің ғылыми этикасы мен кәсібилігі, креативті ойлауы туралы;
Білуі және түсінуі қажет:
2.
2.1. информатика саласындағы даму үрдістері туралы заманауи білім мен түсінікке ие болу;
2.2. жоғары мектепте, бастауыш және орта мектепте, орта-арнайы мектепте информатиканы оқыту әдістемесі саласындағы педагогикалық теориялар, концепциялар, ғылыми мектептер туралы, XXI ғасырдың білім беру ортасын дамыту туралы, қашықтықтан оқыту технологиялары туралы, білім сапасын диагностикалаудың қазіргі заманғы технологиялары туралы.
Меңгеруі қажет:
3.1. ғылыми зерттеулер үдерісін жоспарлау, әзірлеу, іске асыру және үйлестіру;
3.2. жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау және салыстыру; өз бетінше де, ұжымда да (командада);
3.3. өз білімі мен жетістіктерін әріптестеріне және ғылыми қоғамдастыққа хабарлау;
3.4. информатиканы оқытудың инновациялық әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын қолдану және Дүниежүзілік ақпараттық желінің жұмыс істеуі жағдайында, оқу үдерісін ұйымдастыруда ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану.
Дағдылануы қажет:
4.
4.1. эксперименталды ғылыми қызметке;
4.2. ғылыми көпшілік алдында сөз сөйлеу;
4.3. ғылыми жазу;
4.4. ғылыми коммуникация;
4.5. ғылыми іс-шараларға қатысу,
4.6. ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру;
4.7. патенттік іздестіру жүргізу;
4.8. зияткерлік құқықтарды қорғау;
4.9. ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін практикаға енгізу және теорияны одан әрі әзірлеу және оны нақты мәселелерге қолдану үшін информатиканы, 21 ғасырдың жаңа ақпараттық және білім беру технологияларын оқытудың заманауи тәсілдерін қолдану;
қабілетті және құзыретті болу:
5.
5.1. кәсіби ғылыми және инновациялық қызмет саласында;
5.2. ғылыми теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізу;
5.3. тұлғааралық және мәдениетаралық коммуникацияда, командада өзара іс-қимыл жасау; шет тілін меңгеру;
5.4. ХХІ ғасырдың білім беру ортасын одан әрі әзірлеуде, информатиканы оқытудың жаңа теориялық әдістері мен модельдерінде;
5.5. оқытудың әртүрлі сатылары мен білім беру деңгейлерінде білім беруді ақпараттандыру,
5.6. ХХІ ғасырдың ақпараттық білім беру ортасында жобалау қызметін жүргізу,
5.7. білім сапасын диагностикалаудың заманауи технологияларын қолдану. |