ШИФР – МАМАНДЫҒЫ |
6D060100 – Математика |
МАМАНДЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ |
6D060100 – «Математика» мамандығының білім беру бағдарламасының (ары қарай БББ) мақсаты: педагогикалық қызметте жеке адамдардың өмірлік іс-әрекетін психологиялық-педагогикалық қамтуға, жеке адамның тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби дамуына, әртүрлі мәселелердің шешімін табу мақсатында социумның әлеуметтік саласын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыра алатын мамандарды дайындау болып табылады.
6D060100 – «Математика» мамандығы докторантурасының кәсіби қызметінің міндеттері:
- Әлеуметтік-педагогикалық білім алушылардың толыққанды өмірлік іс-әрекетіне, тәрбиесі мен дамуына қолайлы жағдай жасау және гуманитарлық-педагогикалық қолдау көрсету;
- Оқу–тәрбие ісі: білім алушыларды оқыту және дамыту, оқыту мен тәрбие үрдісін ұйымдастыру, педагогикалық үрдісті жобалау және басқару, педагогикалық қызмет нәтижелерін диагностикалау, түзету, болжау;
- Ғылыми-зерттеушілік:математика, физика, информатика, педагогика, психология, оқыту әдістемесі салаларында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.
- Ұйымдастырушылық-әдістемелік – инновациялық оқыту тәжірибесін зерттеу, жалпылау және тарату;
|
БІЛІКТІЛІГІ СИПАТТАМАСЫ |
Кәсіби іс-әрекет аясы: 6D060100 – «Математика» мамандығы бойынша білім докторантурасы білім беру жүйесі мен ғылым саласында өзінің кәсіби іс-әрекетін жүзеге асыра алады. |
Кәсіби қызмет объектілері:
- орта, кәсіби және жоғарғы білім беру мекемелері (мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, университтер);
- ғылыми зертханалар;
- ғылыми-зерттеу институттары;
- педагогикалық шеберлік орталықтары;
- компьютерлерді және ақпараттық-коммуникациялық, интерактивті технологияларды қолданатын білім беру департаменттері.
|
БІЛІМ БЕРУ ТРАЕКТОРИЯЛАРЫ |
1) «Математика және физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» |
2) «Математика мен физиканың фундаменталды сұрақтары» |
ӘРБІР ТРАЕКТОРИЯНЫҢ БІРЕГЕЙЛІГІ |
1 «Математика және физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» траекториясының бірегейлігі: осы мамандықты игерген түлектер мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде, университеттерде, ғылыми-зерттеу институттарында және ғылыми зертханаларда жұмыс істеу үшін математика саласындағы фундаменталды білімді жан жақты игереді. |
2. «Математика мен физиканың фундаменталды сұрақтары» траекториясының бірегейлігі: осы мамандықты игерген түлектер мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде, университеттерде, ғылыми-зерттеу институттарында және ғылыми зертханаларда жұмыс істеу үшін математика және физика саласындағы фундаментальды білімді жан жақты игереді. |
ӘРБІР ТРАЕКТОРИЯ БОЙЫНША ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІ |
1. «Математика және физиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі»
Білуі тиіс:
Математика және физика саласындағы заңдар мен принциптерді, негізгі математикалық және физикалық тұрақтылықтарды, есептерді және оларды шығару әдістерін, математикалық үлгілеу, стандарттау, Әр түрлі бағдарламалау түрі, қолданбалы бағдарламалар бумасы.
Істей алуы тиіс:
- математикны және физиканы оқытудың негізгі концепцияларын, әртүрлі деңгейлерде математика мен физиканы оқытудың мазмұндық және әдістемелік аспектілерін;
- математика және физика сабақтарын ұйымдастыруды, жоспарлау және қамту бойынша мұғалім жұмысының мазмұнын, оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін, оқушылардың ой әрекетін басқаруды; сабақтардың әртүрлі ұйымдастырушылық формаларын; заманауи бағдарламалау тілдерін және қолданбалы бағдарламалар дестесін.
Қабілеттілігі:
Оқыту нәтижесінде түлек дағдыларға ие болуы қажет:
- Өзінің еңбегі мен өз бетімен оқуды ұйымдастыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ғылыми негізде тиімді пайдалану;
- Қолданбалы есептерді бағдарламалау, олардың қызмет етуінің тиімділігін талдау, мектептер мен орта арнаулы оқу мекемелерінде сабақтарды жүргізу.
2. «Математика мен физиканың фундаменталды сұрақтары»
Білуі тиіс: Математика мен физиканың фундаменталды сұрақтары саласындағы заңдар мен принциптерді, негізгі физикалық тұрақтылықтарды, есептерді және оларды шығару әдістерін.
Істей алуы тиіс:
- математикны және физиканы оқытудың негізгі концепцияларын, әртүрлі деңгейлерде математика мен физиканы оқытудың мазмұндық және әдістемелік аспектілерін;
- математика және физика сабақтарын ұйымдастыруды, жоспарлау және қамту бойынша мұғалім жұмысының мазмұнын, оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін, оқушылардың ой әрекетін басқаруды; сабақтардың әртүрлі ұйымдастырушылық формаларын; заманауи бағдарламалау тілдерін және қолданбалы бағдарламалар дестесін.
Қабілеттілігі:
Оқыту нәтижесінде түлек дағдыларға ие болуы қажет:
- Өзінің еңбегі мен өз бетімен оқуды ұйымдастыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ғылыми негізде тиімді пайдалану;
- Қолданбалы есептерді бағдарламалау, олардың қызмет етуінің тиімділігін талдау, мектептер мен орта арнаулы оқу мекемелерінде сабақтарды жүргізу.
|
МАМАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР (ДУБЛИНДІК ДЕСКРИПТОРЛАР НЕГІЗІНДЕ) |
- дүниетанымы кең және ойлау мәдениеті бар жоғары білімді тұлғаны қалыпстастыруға ықпал ететін жаратылыстану-ғылыми пәндер облысында (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) базалық білімдерге ие болу;
- қазіргі заманғы техниканы қолдана білу дағдысының болуы, кәсіптік қызмет аясында ақпараттық технологияларды қолдана білу;
- күнделікті кәсіптік қызметке қажетті жаңа білімді меңгеру дағдысының болуы.
|