Әр траекторияның айырықшалылығы |
Бұл мамандандырылу бойынша магистр білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық денсаулығын сақтау үшін тиімді жағдайлар жасауға бағытталған құзыреттіліктерді игереді және келесідей іс-әрекет бағыттары бойынша жұмыс істейді:
- психологиялық ағарту (педагогтардың, ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттыру, психологиялық білімге қажеттілігін қалыптастыру, бала қызығушылығына және өзіндік дамуына қатысты психологиялық білімдерді қолдану құштарлығын ояту, психологиялық мәселелер бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету).
- психологиялық алдын - алу (оқушылардың психологиялық және тұлғалық дамуында болуы мүмкін жағымсыз жағдайлардың алдын алу бойынша жүйелі, мақсат бағытты жұмыс және жағымды эмоционалды-психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша жұмыстар).
- психологиялық диагностика (оқушылардың өзіндік - психологиялық ерекшеліктері, жас ерекшелік нормаларына дамудың сәйкестілігі, оқушылардың қабылеттері, бейімділіктерін, мүмкіндіктерін анықтау туралы уақытылы ақпарат алу, оқытудағы, мінез - құлқы мен дамуындағы бұзылыстардың себептерін анықтау).
- психологиялық түзету (көмек қажет ететін оқушылармен жұмысқа бағытталған).
- психологиялық кеңес беру (оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға және педагогтарға кеңес беру жұмысы, өзіндік ерекшеліктер, отбасындағы өзара қарым - қатынастарға және т.б. байланысты туындайтын психологиялық мәселелерді шешу және талдауда нақты көмек көрсету).
Бағдарлама магистранттармен бизнес, басқару, экономика бойынша жалпы және арнайы білімдер алуға бағытталған; тиімді басқару іс-әрекеті іскерліктері мен дағдыларын меңгертеді, білім беру саласында сәттілікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін мінез-құлық негіздерін қалыптастырады.
Бұл бағдарлама – мемлекеттік салада жобаларды іске асыруға дайын кәсіби білікті басқарушыларды дайындауға бағытталған бағдарламалардың бірі.
Білуге:
-жалпы педагогика және психология категориялары, психикалық үрдістер мен оқу-тәрбие үрдісінің заңдылықтары;
- психикалық құбылыстардың негізгі заңдылықтары, іс-әрекет пен тұлғаның сипаттамасы;
Білу:
- психологиялық құбылыстардың мәні туралы теориялық түсініктерді педагогикалық іс-әрекеттің практикалық аспектілерімен сәйкестендіру;;
- алған білім негізінде өз мамандығы бойынша орта мектепте барлық қажетті білім беру-педагогикалық қызмет пен тәрбие жұмысын жүзеге асыру.
Тұлғаның іс-әрекетінің тиімділігін анықтайтын психологиялық құбылыстарды талдау дағдысының болуы.
|
Траектория«Өндірістіксаладағы менеджмент»
Траектория «Педагогика и психология в общеобразовательной школе»: |
Менеджменттің педагогикалық негіздерін және оны жалпы білім беретін мектепті басқару тәжірибесіне енгізу жолдарын білу;
-педагогикалық менеджменттің негізгі категориялары мен ұғымдары;
- педагогикалық менеджменттің мәні, мазмұны, формалары мен әдістері;
Педагогикалық менеджмент бойынша алған білімдерін практикада өз бетінше қолдана білу;
- жалпы білім беретін мектепте басқаруды жобалау және жүзеге асыру;
мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың практикалық дағдыларын меңгеру.
Дағдысы болу
- кәсіби міндеттерді қою және шешу, кәсіби және жеке даму үшін қажетті ақпаратты іздеу, талдау және бағалауды жүзеге асыру.
- кәсіби қызметті жетілдіру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
- ұжымдағы және командадағы жұмыстар, басшылықпен, әріптестермен және әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимыл жасау.
|
Мамандық түлектерінің білім деңгейіне қойылатын талаптар (Дублиндік дескрипторлар негізінде) |
Оқыту нәтижесі 2 оқыту деңгейінде Дублиндік дескриптор негізінде жобаланады (магистратура) және құзыретілік негізінде көрініс табады. Магистратура түлектері келесі дағдылар мен қабілеттерді меңгереді:
- ғылыми зерттеу саласында идеяларын қолдану үшін мүмкіндік беретін жоғары кәсіби білім деңгейінде алған білімдерін дамыту;
- зерттелініп отырған мәселе төңірегінде (пәнаралық) және таныс емес немесе жаңа жағдаяттарда мәселелерді шешу қабілеттері, түсіну және білімдерін қолдану;
- этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып ақпараттарды, пікірлерді пайымдау, білімдерін кіріктіре алу;
- өз қорытындылары мен білімдерін нақты түрде негіздей алу;
- оқуды өз бетінше жалғастыру, өзіндік білім алумен айналысу
|