Мамандықтың мақсаты мен міндеттері |
Магистранттарды оқыту мақсаты:
- педагогикалық іс-әрекет саласында студенттердің теориялық және практикалық жеке дайындығын тереңдету есебінен білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу, магистранттардың әлемнің ғылыми бейнесін тұтас қабылдауды қамтамасыз ететін аса маңызды және тұрақты білімді меңгеру.
- білім алушыларда өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін, олардың белсенді өмір сүру барысында жаңа білімдерді өз бетінше шығармашылық игеру қажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
- кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейі, оның ішінде азаматтық ұстанымы бар, қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдауға және шешуге, жоғары оқу орындарында сабақ беруге, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыруға қабілетті кәсіби қарым-қатынас мәдениеті бар мамандарды даярлау.
- магистранттарды ғылым саласындағы нақты дамушы әлемде кәсіби ұтқырлыққа кепілдік беретін іргелі біліммен қамтамасыз ету.
- ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгеру, докторантурада ғылыми жұмысты жалғастыру үшін қажетті білім алу.
- ЖОО педагогикасы мен психологиясы және ЖОО-да оқыту тәжірибесі саласында қажетті ең төменгі білім алу.
- докторантурада білім алуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігін алу.
|
Оқыту нәтижелері |
6М011200 – «Химия» мамандығы магистратура түлегі міндетті:
- түсінігі болу керек: бейорганикалық химия, жалпы химия мен экология, органикалық химия мен жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, физикалық химия мен электрохимия, аналитикалық химия мен сирек элементтер химиясы, катализ, жалпы химиялық технология мен коллоидтық химия, химиялық физика және физика-химиялық зерттеу әдістері туралы; жоғары мектеп педагогикасының қазіргі заманғы әдіснамасы туралы; психологиялық ғылымның жетістіктері туралы.
- білуі керек: - ЖОО-да тәрбие жұмысы мен оқытудың белсенді әдістерінің психологиялық негіздерін; - педагогикалық бақылау мен оқыту үрдісінің ұйымдастыру формалары мен принциптерін; - ЖОО-да химиялық пәндерді оқытудың ғылыми негіздері мен әдіснамасын.
- меңгеруі керек: қазіргі заманғы ақпараттық білім беру технологияларын қолдана отырып, жаңа білім алу; шет тілінде әңгіме-диалог жүргізу, мамандық бойынша әдебиеттерді оқу, рефераттар құру, шет тілінде іскерлік хат жазу; кәсіби функцияларды жүзеге асырумен байланысты мақсат қою және міндеттерді қалыптастыру, оларды шешу үшін оқытылған пәндердің әдістерін қолдану; алынған нәтижелерді өңдеу және талдауды.
- дағдылануы керек: техникалық, қаржылық және адами факторларды ескере отырып негізгі өндірістік қатынастарды басқаруға.
- құзыреттілігі болу керек: бейорганикалық химия, жалпы химия мен экология, органикалық химия мен жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, физикалық химия мен электрохимия, аналитикалық химия мен сирек элементтер химиясы, катализ, жалпы химиялық технология мен коллоидтық химия, химиялық физика мен физика-химиялық зерттеу әдістерін оқыту әдістемесі саласында; ғылыми-педагогикалық қызметте; ғылыми мәселелерді шешуде; кәсіби қарым-қатынаста; ақпараттық іздестіру мәселелерінде.
|