МАМАНДЫҚ | 6М011400 «ТАРИХ» |
---|---|
МАМАНДЫҚТЫҢ МАҚСАТТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ | 6М011400 – Тарих магистерлік білім беру бағдарламасының мақсаты еңбек нарығығында талап ететін жоғары білікті педагогикалық кадрларды дайындауға бағытталған. Міндеттері:
|
КВАЛИФИКАЦИЯЛЫҚ СИПАТТАМА | 6М011400 – Тарих мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында жүзеге асырады. Кәсіби қызметінің нысандары: техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу инстуттар, білім беру саласындағы өкілді және жергілікті атқарушы органдар, мұрағаттар және мұражайлар болып табылады. Тарихшы - магистрдң кәсіби қызметінің негізгі саласы мектеп, орта арнайы мемлекеттік жоғары оқу орындары және білім берудің жеке меншік ұйымдарында білім-тәрбие үрдісі болып табылады. 6М011400 – Тарих мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрінің кәсіби қызметінің пәні: инновациялық психологиялық-педагогикалық әдістерді және тәсілдерді қолдану арқылы білім алушылар ды оқыту және тәрбиелеу; ғылыми-зерттеу қызметі болып табылады. 6М020300 Тарих мамандығығының кәсіби қызметінің пәні білім беру саласында инновациялық қызмет, ғылыми-зерттеушілік жүмыс, әлеуметтік-мәдени жобаларды сараптау,кәсіби-оқытушылық, қоғамдық-саяси және мәдени-ағартушылық қызметті жүзеге асыру, ақпараттық-аналитикалық орталықтар, қоғамдық, мемлекеттік мекемелер және ұйымдар болып табылады. |
БІЛІМ БЕРУ ТРАЕКТОРИЯЛАРЫ | 1 «Дүниежүзілік тарих». 2 «Қазақстан тарихы» |
ӘРБІР ТРАЕКТОРИЯНЫҢ БІРЕГЕЙЛІГІ | 1) Ұсынылатын траекторияның бірегейлігі сапалы педагогикалық үрдісті ұйымдастыру және басқаруды жүзеге асыруға қабілетті, Шығыс аймағын заманауи кәсіби педагогикалық кадрлардағы мұқтаждығын қаңағаттандыру, білім алушыларды танымдық қызметтін тәсілдерін белсенді игеруге бағдарлау; білім алушыларды өзін-өзі ашуға және өзін-өзі таныту мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жеке тұлғалық бағдарланған тәсілдерді қолдану; дүниеж.үзілік тарихты оқыту үшін инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану болып табылады. 2) Ұсынылатын траекторияның бірегейлігі ғылыми қызығушылығы Қазақстан тарихы саласын қамтитын ғылыми-зерттеушілік сонымен қатар, оқытушылық қызметпен шұғылдануға қабілетті Шығыс аймағын заманауи кәсіби педагогикалық кадрлардағы мұқтаждығын қаңағаттандыру . |
ӘРБІР ТРАЕКТОРИЯ БОЙЫНША НӨТИЖЕЛЕР | Ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилінің болуы және педагогикалық шындықты тұтас қабылдай білуі; Отандық тарихты жан-жақты, терең білуі; Тарихнамалық зерттеулерді жүргізудің салыстырмалы, кеңістіктік, хронологиялық және тақырыптық әдістерін білу; Дербес және бастапқы ойды білдіре алатын, сыни, аналитикалық, диагностикалық дағдыларды көрсету. |
1 «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАРИХ» | Білуі қажет: ғылыми танымның әдіснамасын, ғылыми қызметті ұйымдастырудың принциптерін және құрылымын;білім алушыларды оқыту үрдісінде танымдық қызметтінің психологиясын, оқытудың сапасын және тиімділікті арттырдың педагогикалық және психологиялық әдістерін және тәсілдерін. Істей білуі қажет: Әр тұрлі қызмет салаларында тарихи білімді қолдану; тарихи зерттеудің әдіснмасын және әдістемесін; компьютерлік модельдеу тәсілдерін және ғылыми зерттеулер нәтижелерін талдаудың теориялық әдістерін; заманауи білім беру парадигмасы контекстінде педагогикалық ғылымды дамытудың жаңа тұжырымдамалық идеялары мен бағыттарын енгізу; психологиялық-педагогикалық зерттеулердің сапалы және сандық әдістерімен әр түрлі жастағы білім алушылардың дамуының, қызметінің диагностикасын жүргізу; Қажет дағдылар: ғылыми-зерттеу қызметі, стандартты ғылыми міндеттерді шешу; кредиттік оқыту технологиясы бойынша білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыру; кәсіби пәндерді оқыту әдістемесі; оқу үрдісінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану; кәсіби қарым-қатынас және мәдениетаралық қатынас; шешендік өнер, ауызша және жазбаша өз ойларын дұрыс және логикалық түрде рәсімдеу; күнделікті кәсіби қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін қажетті білімді кеңейту және тереңдету. |
2 «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» | Білуі қажет: ғылыми таным дамуындағы заманауи тенденцияларды; заманауи отандық тарих ғылымының өзекті әдіснамалық мәселелерін;оқытудың сапасын және тиімділікті арттырдың педагогикалық және психологиялық әдістерін және тәсілдерін. Істей білуі қажет: кәсіби траектория құру және кәсіби білімдерін қолдана білу, үрдістер мен құбылыстарды зерттеуге қолданыстағы тұжырымдамаларды, теориялар мен көзқарастарды сыни талдау; әртұрлі пәндер шеңберінде алынған білімді интеграциялау, тансық жағдайларда аналитикалық және басқару міндеттерін шешу үшін оларды пайдалану; білім беруді ұйымдастыру және басқаруда жаңа тәсілдерін іс жүзінде қолдану; Күрделі және ерекше жағдайларда шешімдер қабылдау; Заманауи ақпараттық технологияларды қолданумен ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргзу; диссертация, мақалалар, есептер, аналитикалық жазбалар және т.б. түрінде эксперименталды-зерттеушілік және аналитикалық жүмыстың нәтижелерін қорытындылау. Қажет дағдылар: аймақ тарихын кешенді талдау, дүниежүзілік тарихи урдіс тұрғысында аймақтың тарихи даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық тұжырымдау;күнделікті кәсіби қызметте және докторантурада білімін жалғастыру үшін қажетті білімді кеңейту және тереңдету; кәсіби қызмет саласында ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалану. |
ОСЫ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ТҮЛЕКТЕРДІҢ БІЛІМДІЛІК ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ ТАЛАПТАРЫ (ДУБЛИНДІК ДИСКРИПТОРЛАР НЕГІЗІНДЕ) |
|