Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

6М012000 - Профессиональное обучение

Мамандық шифрі

6М012000 - «Кәсіптік оқыту»

Мамандық мақсаты және тапсырмалары

  • магистранттарда әлеуметтік –тұлғалық қасиеттерді – әлеуметтік жауапкершіліктерін, жетекшілік қасиеттерін, ұжымды басқара білу, жанжалды реттеу, мақсатқа талпынушылыққабілеттіліктерін, лезде өзгеріп отыратын ортада бейімделе білуге, әлеуметтік өзара әрекеттестікке араласа білуге, төзімділік қабілеттілігін, кәсіби қызметінде ынтасын көрсете білу, инновациялық шешімдер қабылдай білу, шығармашылық мүмкіндіктерін қолдана білу қабілеттіліктерін, өзінің кәсіби және мәдени деңгейін арттыра білу, соның ішінде өзінің одан ары білім алуын жалғастыра білу қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту;
  • мамандық бойынша жедел жұмысқа тұру және кәсіби өсу үшін жұмыс күші нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру;
  • Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау салаларында кәсіби дағдыны қалыптастыру жөніндегі базалық пәндерді сапалы түрде игерту үшін жағдай жасау; жоғары кәсіби білім берудің жогары сатысына (докторантура) көшу үшін шығармашылық әлеуетін, ынтасын және жаңашылдығын дамыту;

Түпкі нәтижесі 6М012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша магистерлерді сапалы даярлау болып табылады.
Міндеттері:
- терең, қажетті және берік кәсіби білімдерін қалыптастыру;
- кәсіби дағдыларын қалыптастыру;
- жүргізілетін өндірістік жұмысты жоспарлай алуды калыптастыру мен экономикалық тұрғыда негіздей алуды қалыптастыру;
- техникалық және шығармашылық ойлауды дамыту;
- еңбекті тиімді ұйымдастыру, қажетті білік пен дағдыларын қалыптастыру;
- нақты, ғылыми-техникалық және анықтамалық кітаптар, өндіру және техникалық құжаттамамен жұмыс істеу жолын үйрену ;
- қазіргі заманғы ақпараттық көздерін (интернет) үйрету;
- өз кәсібіне сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу;
- оқу процесіне адамгершілік білімді жүзеге асыруға;
- кәсіби этика және ұжымда  қарым-қатынас жасауды қалыптастыру;
- дене дамуы мен салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосу.
- оқу процесіне қазіргі заманғы білім беру технологияларын талдау және қорыту;
 - жоғары базалық білім кейінгі кезеңдерінде кәсіби қызметтің және жалғасы зерттеулер алған білімдерін пайдалану.

Біліктілік сипаттамасы

Мамандықтың кәсіби қызметі сферасы:
 Бастауыш, орта және орта кәсіптік білім беру мекемелерінде және жұмыс орнында кәсіптік оқыту;
- білім беру процесі мен құрымын ғылыми-зерттеу;
- өнеркәсіпте техника және технологиялар бойынша ғылыми зерттеулер жасау;
- білім беру саласындағы және жұмыс орнында зерттеу жұмыстарын дамыту және консалтинг және басқару қызметі мамандығы бойынша;
- мәдени-танымдық іс-шаралар.

Мамандықтың кәсіби қызметі аумақтары болып табылады:
- орта мектептер, лицейлер, гимназиялар;
- оқу-өндірістік комбинаты;
- кәсіптік мектептер мен жоғары оқу орны;
- арнаулы орта оқу орындарында;
- жоғары оқу орындары.

Мамандықтың кәсіби қызметі пәндері: орта және жоғары кәсіптік мектептерде арнайы пәндер циклін оқытушы; ғылыми-зерттеу ұйымдардың  ғылыми қызметкерлері.

Білім беру траекториялары

1.  «Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік»
2. «Ауыл шаруашылығы өндірісі»

Әр траектория бірегейлігі

1. «Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік» траекториясының бірегейлігі келесі пәндерді меңгеру болып табылады: жоғарғы кәсіптік білім беру жүйесідегі педагогикалық инноватика; кәсіптік оқытудың жеке әдістемелері; кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау; ақпараттық қолданбалы бағдарламаларды кәсіби педагогикалық зерттеулерде пайдалану;.
2. «Ауыл шаруашылығы өндірісі» траекториясының бірегейлігі студенттерге сәйкес құзыреттіліктерді келесі элективті пәндерді оқу бойынша қалыптастыру: агроинженерлік мамандық пәндерін оқытудың жеке әдістемелері; кәсіптік білім беру жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды қолдану әдістемесі; оқу өндірістік құрал жабдықтарды автоматты басқару жүйесіндегі ақпараттар; кәсіптік даярлау жүйесіндегі салыстырмалы педагогиканы қолданудың технологиясы..

Әр траектория бойынша оқыту нәтижелері

«Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік» траекториясы
Білуі тиіс:

  • заманауи жоғарғы өндірістік машиналар мен аппаратардың құрылысы мен жұмысын;
  • тігін өнімдерді және конструкциялық материалдарды өңдеудің әр түрлі әдістерін білу;
  • кәсіпкерлік негіздері;
  • кәсіпкерлік жүмысты эконокикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайларын ұйымдастыру;
  • кәсіпкерліктің ерекшеліктері мен түрлері;
  • кәсіби білім беру жүйесіндегі педагогикалық менеджменттің мазмұны мен құырылысы;
  • педагогикалық менеджменттің әдістемелері, қағидалары, функцияларын;
  • білім беру жүйесін ғылыми әдістемелік қамтамасыз ету.
    Істей алуы тиіс;
  • өз жұмысын жоспарлай алу;
  • жасалынатын бұйымға технологиялық құжаттарды жасай алу және тиімді қолдана білу;
  • машиналық тігін бойынша практикалық жұмыстарды орындай алу;
  • білім беру жүйесіндегі кәсіпкерлік жұмыс бойынша өздігінен шешім қабылдай алу;
  • рационалды түрде басқару шешімдерін қабылдай алу;
  • кәсіби білім беру жүйесіне алдыңғы қатарлы педагогикалық, ғылыми, ұйымдастырушылық және басқару тәжірибелерін енгізу.
  • ғылыми әлеуметтік маңызды проблемалар мен процестерді талдау және кәсіби, білім беру, әлеуметтік іс-шаралар түрлі ғылымдарының заманауи әдістерін қолдану;
  • ғылыми түрде өз жұмысын ұйымдастыру;
  • қазіргі заманғы технологиялық жабдықты эксплуатациялауға:
  • -мамандығы бейіні бойынша кәсіби педагогика саласындағы білім мен дағдыларды тиімді пайдалану.

қабілеттілігі:

  • әр түрлі материалдарды қолмен және механикалық түрде өңдеу;
  • студенттердің ғылыми педагогикалық басқару ой өрісін қалыптастыру;
  • кәсіби білім беру жүйесіндегі басқару тапсырмаларын шешуде олардағы шығармашылық  және инициативтік дамытуға әсер ету.  
  • білім беру процесін басқару саласында, білім және өндіріс ақпараттық технологияларды пайдалану шығару.
  • эксперименттік зерттеу жүргізу;
  • кәсіби қызметін біртұтас оқу білім беруді ұйымдастыру мақсатында қолдану аспектілері.

 «Ауыл шаруашылығы өндірісі»» траекториясы
Білуі тиіс:

  • ауылшаруашылық машиналар мен құралдардың жұмысын, механизмдердің, бөлшектердің, жүйелердің құрылысын;
  • ауылшаруашылық өндіріс өнімдерінің негізгі жасау технологияларын;
  • бөлшектерді қалпына келтіру технологиясының негізгі прогрессивті бағыттарын;
  • машиналардың агрегаттарын және ресурстарын, берілген мамандық мамандықты есепке ала отырып ауылшаруашылықта қолданылатын жылуқондырғылар туралы білу;
  • халықтық шаруашылықтағы энергетиканың орыны мен маңызы.
    Істей алуы тиіс:
  • ауылшаруашылық машиналарында жұмыс жасай алу және оларды қарау;
  • машиналардың техникалық жағдайын диагностикалау және істен шығу себептерін анықтай алу.

Қабілеттілігі:

  • сызбаларды оқу, технологиялық карталарды жасай алу;
  • ауылшаруашылық машиналарын басқара алу, бақылау және реттеу жұмыстарын өткізу;
  • машинаның істен шығуын анықтау және қалпына келтіре алуы;
  • жылуқондырғыларын есептеу дағдыларын игеру, бірліктер жүйесін өлшеу.

Мамандық бойынша бітірушілердің білімділік деңгейіне қойылатын талаптар (Дублиндік дескриптор негізінде)

Дүниетанымдық құзыреттілік(ҚД)танымдық және қызмет тәжірибесін, жалпы білімді қамтуды, қоғам құбылыстарын, әлеуметтік негізді, әлемнің ғылыми бейнесін меңгеруді болжау.
Кәсіби құзыреттілік (ҚКС) кәсіби есептерді шешуде біліктілік пен білімділік, практикалық тәжірибе негізінде нәтижелі жұмыс атқару, стандартқа сәйкес берілген тапсырмаларды орындау қабілетін болжау. 
Зерттеушілік құзыреттілігі (ҚЗ) берілген стандартқа сай есептерді орындау қабілеттілігін, кәсіби есептерді шығаруда біліктілікті және білімділікті практикалық тәжірибе негізінде табысты атқаруды көздейді.
Коммуникативті құзыреттілік (ҚКМ) әлеуметтік қарым-қатынасты қоғаммен, ұжыммен, топтағы жұмыс дағдысы, әріптестік, толеранттылық, тіл білімін енгізу, ауызша және жазбаша диалог, монолог, іс-қағаздарын құра білу қабілетін жетілдіру.
Өзіндік менеджмент құзыреттілігі (ҚӨ) жеке ресурстарды басқару, яғни оларды қорғай білу, іске асыра білу, дамыта білу және қолдану, өзін-өзіне қолдану көрсету.  

× You found a Typo