Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

6М012300 - Социальная педагогика и самопознание

Шифр - Мамандық 6М012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Цели и задачи специальности

- білім беру саласында сұранысқа ие білімдер мен құзыреттіліктерді игерген әлеуметтік педагогика
- әлеуметтендіру және балалар мен оқушы жастарды тұлғалық дамуы саласындағы, құндылықты-мақсатты бағыттары, міндеттері, мазмұны, әдістері, формалары мен нәтижелерінің бірлігі аясында құзыреттіліктерін қалыптастыру;
- магистранттардың жалпы білім беретін және арнайы білім беру ұйымдарындағы түзету-педагогикалық және тәрбиелеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру формалары және әдістері, тәсілдерін меңгеруі;
-әлеуметтендіру және балалар мен оқушы жастардың тұлғалық дамуының толық мәнді әлеуетті мүмкнідіктерін зерттеу;
- өсіп келе жатқан тұлғаға әлеуметтік және тұлғалық дамуына жан-жақты көмек көрсету.

Біліктілігі

Кәсіби іс-әрекет нысандары
6М012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша педагогикалық ғылымдар магистрінің кәсіби іс-әрекет нысаны келесілер болып табылады:
- мемлекеттік құрылымдар (ҚРБҒМ балалар құқығын қорғау бойынша комитет, балалар құқығын қорғау бойынша облыстық департамент), әлеуметтік бағыттылық мекемелері (әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелері, жұмыссыз, аз қамтылған, еңбекке қабілетті емес, мүмкіндігі шектеулі еңбекке қабілетті адамдарға көмеккөрсету және қолдау);
- мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландырылатын білім беру мекемелері (мектепке дейінгі ұйымдар, мектептер, балалар үйі, интернаттар, арнайы білімберу орындары);
- қоғамдық ортада өсіп келе жатқан ұрпақты дамыту және тәрбиелеу мәселелерімен байланысты мекемелер (түзету және оңалту орталықтары, арнайы мектептер, балалар үйі, колониялар);
балалардың бос уақытын ұйымдастырумен және балалар шығармашылығын қолдаумен байланысты, толық мәнді әлеуметтену және жас ұрпақтың тұлғалық дамуымен байланысты мекемелер (қоғамдық ұйымдар, балалар клубы, студиялар, сауықтыру лагерлері);
- жоғары білім беру мекемелері;
- ғылыми-зерттеу институттары;
- білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
- білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар .
Кәсіби іс-әрекет түрі
- білім берушілік (педагогикалық);
- оқу-тәрбиелік;
- оқу-технологиялық;
- әлеуметтік-педагогикалық;
- ғылыми-зерттеушілік;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық.

Білім беру траекториясы

Өзін-өзі тану оқытушысы

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстағы менеджмент

Әрбір траекторияның бірегейлігі

«Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушылары білім берудің барлық салаларында осы пән бойынша дәріс береді; диагностикалық жұмыстар жүргізеді, сондықтан олар осы курстағы математикалық әдістерді меңгеру шарт. «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушылары психологиялық мәселелердің алдын-алу шараларын өткізеді. Осыған байланысты өзін-өзі танудағы субьект бағдарлы психологиялық дайындау технологияларын меңгеруі тиіс.
Кәсіби іс-әрекет саласында әлеуметтік-педагогикалық жұмыс саласында болашақ менеджерлер басқару мен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдіснамасын білуі тиіс, білім беру мен әлеуметтік мекемелердегі әлеуметтік-педагогикалық жұмысты болжау, жоспарлау мен ұйымдастыру, бағдарлау және реттеу дағдыларын меңгеруі тиіс.

Әрбір траектория бойынша оқыту нәтижесі

Траектория «Өзін-өзі тану оқытушысы»:
Білуге:
- отандық мемлекеттілікті нығайту, азаматтық қоғам, әлеуметтік және құқықтық демократиялық мемлекет құру міндеттерімен азаматтық мәртебесі және өзінің өмірлік тағдырының бірлігіне сенімі туралы мәліметтер;
-жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде қазақстандық қоғамның көпмәдениеттілігін қабылдау және толерантты қарым-қатынас негіздері, өмірдің гуманистік этикасының принциптерін ұстану
Білу:
- қазіргі заманғы этикет нормаларын саналы қолдану және басқа адамдардың ұстанымдарын (ниеттерін) дәлелді түсінуге дамыған қабілеті негізінде полимәдени ортада тиімді (консенсустық, толерантты) қарым-қатынас механизмдерін пайдалану.;
-адам қатынастарын үйлесімді құру, табиғи, әлеуметтік, менталдық әлемдермен өзара іс-қимыл жүйелерінде тепе-тең жағдайды қолдау;
-жеке тұлғалық өсу үшін, басқа адамдармен тиімді коммуникация үшін, мағыналы мәселелерді шешу үшін ақпаратты іздеудің, өңдеудің, қолданудың қазіргі заманғы технологияларын белсенді қолдану.
Іс-әрекет деңгейінде дербес шешімдер қабылдау үшін аналитикалық және шығармашылық қабілеттілікті қолдану, өмірлік ұстанымды анықтау, өмір жолын таңдау дағдысы болуы тиіс.

Траектория «Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстағы менеджмент»

Білуі керек:
Әлеуметтік жұмыстағы басқарудың негізгі классикалық және заманауи теорияларын, сондай-ақ кәсіби қызмет ретінде әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде қолданылатын басқару әдістерін. Білу:
- Әлеуметтік жұмыстың іргелі және қолданбалы салаларында ғылыми зерттеулердің мақсаттарын тұжырымдау, нақты міндеттерін қою және отандық және шетелдік тәжірибені пайдалана отырып және қазіргі заманғы аппаратураларды, жабдықтарды, ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оларды қазіргі заманғы зерттеу әдістерінің көмегімен шешу;
- бастамашылық танытуға, ал қауіп-қатер жағдайында жауапкершіліктің толық болуын өзіне алуға;
Дағдысы болу:
- әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру стратегиясы мен тактикасын әзірлеу;
- Әлеуметтік жұмыстың нормативтік-құқықтық, әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық мәселелері, оны жүргізу әдістері және халық құқығын қорғау нысандары бойынша кеңес беру және сараптама процестерін басқару

Мамандық түлектерінің білім деңгейіне қойылатын талаптар (Дублиндік дескрипторлар негізінде)

Оқыту нәтижесі 2 оқыту деңгейінде Дублиндік дескриптор негізінде жобаланады (магистратура) және құзыретілік негізінде көрініс табады. Магистратура түлектері келесі дағдылар мен қабілеттерді меңгереді:
- ғылыми зерттеу саласында идеяларын қолдану үшін мүмкіндік беретін жоғары кәсіби білім деңгейінде алған білімдерін дамыту;
- зерттелініп отырған мәселе төңірегінде (пәнаралық) және таныс емес немесе жаңа жағдаяттарда мәселелерді шешу қабілеттері, түсіну және білімдерін қолдану;
- этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып ақпараттарды, пікірлерді пайымдау, білімдерін кіріктіре алу;
- өз қорытындылары мен білімдерін нақты түрде негіздей алу;
- оқуды өз бетінше жалғастыру, өзіндік білім алумен айналысу

× You found a Typo