Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

6М020400 – Мәдениеттану

Білім бері бағдарламасы 6М020400 – мәдениеттану
МАМАНДЫҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мақсаты: бір мезгілде терең іргелі зерттеулер мен ғылыми-практикалық инновациялық әзірлемелерге қабілетті, мәдениеттің түрлі салалары мен нысандарында, қазіргі заманғы мәдени саясат пен әлеуметтік-мәдени өмірдің бағыттары мен мазмұнында міндеттерді жүйелі шешуге бағытталған ғалым-мәдениеттанушы ретінде әрекет етуге қабілетті мамандар даярлау.
Міндеттері: Мәдениеттанудың негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын меңгеру және нақтылау, мәдениеттанудың әр түрлі салаларында авторлық және ұжымдық ғылыми зерттеулер үшін теориялық және практикалық білімді қолдану; мәдени зерттеу рәсімдерін игеру; ақпаратты автоматтандырылған жинау мен өңдеудің қазіргі заманғы әдістерін (сөздіктер, анықтамалық басылымдар, энциклопедиялар, Деректер базалары) пайдалана отырып, ғылыми және әлеуметтік-мәдени ақпаратты талдау және жүйелеу); жоғары оқу орны педагогикасы мен психологиясы саласында білім алу және ЖОО-да оқыту тәжірибесі рефлексия және өзін-өзі бағалау негізінде магистранттың тұлғалық дамуы.

біліктілік сипаты

Кәсіби қызмет саласы:
• жоғары және арнайы орта білім беру мекемелері мен қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық және ағарту ісі;
• ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
• мәдениет, мәдени саясат, этносаралық және мәдениаралық коммуникация саласында сараптамалық қызмет;
• мәдени процестерді мемлекеттік басқару, туризм, білім беру саласында және қоғамдық ұйымдарда басқарушылық және ұйымдастырушылық қызмет;
• әр түрлі деңгейдегі (ұйымдар, әлеуметтік және кәсіптік топтар, аймақ, ел) мәдени даму бағдарламаларын құрастыру және жүзеге асыру.
Кәсіби қызмет нысандары: • ғылыми, ғылыми-зерттеу мекемелері және кез келген меншік нысанындағы ұйымдар;
• жобалық-аналитикалық және сараптамалық-консультациялық зерттеу ұйымдары;
• республикалық және жергілікті мемлекеттік органдар;
• орта, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдары.
Кәсіби қызмет пәндері: • Ғылыми-зерттеу, мәдени-білім беру, мемлекеттік және қоғамдық мекемелер мен ұйымдарда мәдениеттану магистрі атқаратын қызметі өзінің сан-алуандылығымен ерекшеленеді

БІЛІМ БЕРУ траекториЯЛАРЫ

Этномәдениеттану және мәдениаралық коммуникация
Аймақ мәдениеті
Әлеуметтік-мәдени және арт-тәжірибелерде сандық технологиялар

ӘРБІР ТРАЕКТОРИЯНЫҢ БІРЕГЕЙЛІГІ

1) «Этномәдениеттану және мәдениаралық коммуникация»: Кафедраның жетекші профессорлары мен доценттерінің авторлық курстары. Этностардың мәдени даму ортасының қоғамның тұрақтылығының факторы болып табылатын мәдени ортаның тұтастығын қалыптастыруға әсері. Аймақтың полиэтностық жағдайы этномәдени жағдайды, өңірдегі этнодинамика мен көші-қон процестерін талдауға, әр түрлі халықтар өкілдерінің әлеуметтік-этникалық тұрақтылығы мен өзара іс-қимыл мәселелерін шешуге, мәдени, мәдени-ағартушылық ұйымдардың, ұлттық-мәдени бірлестіктердің, әкімшілік органдардың жұмысына белсенді және білікті қатысуға қабілетті этномәдени сала мамандарын даярлауды талап етеді. Магистранттардың басқа ұйымдармен және жоғары оқу орындарымен ғылыми-білім беру ынтымақтастығына, мәдени орталықтардың қызметіне қатысуы (Алтайтану ҒБО, Назарбаевтану ҒБО).
2) «Аймақ мәдениеті»: ШҚО халқының мәдени, этникалық және әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерімен байланысты мазмұндағы аймақтық компонент. Шығыс Қазақстан өңірінің бірегей және мәдени табиғи әлеуетін сақтау мен дамытуды көздейтін ғылыми-практикалық бағдарламаларды қалыптастыруға және іске асыруға қатысуға қабілетті мамандарды даярлау. Еңбек нарығын зерттеу және магистранттарды зерттеудің нақты бағыттарына әлеуметтік серіктестердің өтінімдерін жинау негізінде өңірдің қажеттілігін есепке алу.
3) «Әлеуметтік-мәдени және арт-тәжірибелерде сандық технологиялар»: Қазіргі заманғы мәдениет теориясы мен сандық гуманитаристика саласындағы білім, ғылыми және әлеуметтік-мәдени ақпаратты талдау және репрезентациялау, ұйымдастырудың дәстүрлі және компьютерлендірілген әдістерін меңгеру; әлеуметтік-мәдени процестермен және практикалармен, мәдени мұраны сақтау және игерумен, соның ішінде ақпараттық технологиялар құралдарымен байланысты жобаларды әзірлеу және іске асыру; түрлі үлгідегі сандық ресурстарды құру

мамандық бойынша оқу нәтижелері

6М020400 - "Мәдениеттану" мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі келесі сала бойынша арнайы құзыреттерге ие болады:
1. Педагогика (жоғары мектепте мәдениеттану, этика, эстетика бойынша сабақтар өткізу) – СК1.
2. Пәнаралық (сараптамалық топтар, қоғамдық, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар құрамындағы мәдени процестерді басқару саласындағы сараптамалық жұмыс және кеңес беру) – СК2.
3. Ұйымдастыру-басқару (мәдени процестерді мемлекеттік басқару, туризм, білім беру саласындағы ұйымдастыру-басқару жұмысы, қоғамдық ұйымдарда) – СК3.

ӘРБІР ТРАЕКТОРИЯ БОЙЫНША ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

«Этномәдениеттану және мәдениаралық коммуникация»:
Мәдениет тарихы контекстіндегі этникалық және әлеуметтік қауымдастықтардың трансформациясы мен эволюциясы үдерістерін зерттеудің негізгі теориялық тәсілдерінің мазмұнын білу;
Қазақстанның мәдени-тарихи дамуының ерекшелігін білу.
Этникалық және әлеуметтік қауымдастықтардағы мәдени үрдістерді талдай білу.
Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған ұсыныстарды әзірлеу дағдысы болу.
«Аймақ мәдениеті»:
Мәдениет тарихы контекстіндегі Шығыс Қазақстан аймағының ерекшелігін қалыптастыру ерекшеліктерін білу; мәдениеттануды оқытудағы аймақтық компонент.
Аймақтық деңгейде мәдени үрдістерді талдай білу.
Әр түрлі Аймақтық әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу дағдысы болу.
«Әлеуметтік-мәдени және арт-тәжірибелерде сандық технологиялар»
Қазіргі заманғы мәдениет теориясы мен сандық гуманитаристика саласындағы білімді, дәстүрлі және компьютерленген ұйымдастыру әдістерін меңгеру,
Ғылыми және әлеуметтік-мәдени ақпараттың репрезентациясын талдау және жасай білу;
Әлеуметтік-мәдени үдерістер мен практикаларға, мәдени мұраны сақтау және игерумен, соның ішінде ақпараттық технологиялар құралдарымен байланысты жобаларды әзірлеу және іске асыру; түрлі үлгідегі сандық ресурстарды құру дағдылары болуы

МАМАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР (ДУБЛИНДІК ДЕСКРИПТОРЛАР НЕГІЗІНДЕ)

• ғылыми зерттеулер контекстінде идеялардың түпнұсқалық дамуына немесе қолдануына негіз немесе мүмкіндік болып табылатын жоғары білім деңгейінде алынған дамытушы білім мен түсініктерді көрсету;
• жаңа немесе бейтаныс жағдайларда, контекст және зерттелетін саламен байланысты кең (немесе пәнаралық) салалар шеңберінде мәселелерді шешу қабілеті, түсінуі және білімін қолдану;
• білімді интеграциялау, қиындықтарды жеңе білу және толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде осы пайымдаулар мен білімдерді қолдану үшін этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып пікір шығару;
• өз тұжырымдары мен білімдерін және олардың негіздемесін мамандар мен маман емес адамдарға нақты және анық хабарлау;
• оқуды өз бетінше жалғастыру.

× You found a Typo