Аталған мамандықты бітірушілердің білім деңгейлеріне қойылатын талаптар (Дублин дескрипторлары негізінде) |
6М020500 – Филология мамандығының магистрі келесі салалардағы түйінді құзыреттіліктерге ие болады:
1) ана тілінің (қазақ тілінің) - ТҚ1
Қазақ тілі мен әдебиеті саласында өз түсінігі мен пікірін, сезімін, фактілер мен ойын жазбаша және ауызша түрде (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) білдіре және қабылдай алады, сондай-ақ қоғамдық және мәдени контекстерде: оқу кезінде, жұмыста, үйде және тиісті ортада сәйкесінше, шығармашылықпен лингвистикалық тұрғыдан өзара әрекеттесе алады.
2) шет тілдердің - ТҚ2
Шет тілдерде негізгі коммуникациялық дағдыларды меңгереді: өз мамандығы саласында өз түсінігі мен пікірін, сезімін, фактілер мен ойын жазбаша да, ауызша да (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) білдіре, қабылдай және талқылай алады, сондай-ақ қоғамдық және мәдени контекстерде: оқу кезінде, жұмыста, үйде және тиісті ортада сәйкесінше, шығармашылықпен лингвистикалық тұрғыдан өзара әрекеттесе алады. Медиация мен мәдениаралық түсінік дағдыларын меңгереді.
3) іргелі математикалық, жаратылыстану және техникалық дайындықтың - ТҚ3
Күнделікті жағдаяттарда кәсіптік міндеттерді шешуде математикалық ойлау жүйесін іске қосып, дамыта алады, өзінің кәсіби әрекетінде математикалық ойлау жүйесі (логика мен кеңістіктік ойлау) мен ұсынымдарды (формулалар, модельдер, құрылымдар, графалар мен кестелер) қолдана алады:
Дәлелдеуді қажет ететін, әлемді түсіндіретін мәселелер мен шешімдерді айқындау үшін білімдер мен әдіснамалардың негіздерін қолдана алады, өз білімдері мен әдіснамаларды кәсіби міндеттерді шешуде іске қоса алады.
4) компьютерлік дайындықтың - ТҚ4
Заманауи ақпараттық технологияларды өз жұмысында, қызметі мен тілдік қарым-қатынаста сенімді және сыни тұрғыдан қолдана алады, кәсіби әрекеті саласында ақпаратты өңдеу, толықтыру, қалпына келтіру, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну және алмасу, ғаламтор арқылы серіктес жүйелерде қарым-қатынасқа қатысуда қолдану дағдыларын игереді.
5) оқу даярлығының - ТҚ5
Кең ойлау өрісі мен мәдени ойлау жүйесі бар жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін қазақ тілі мен әдебиеті пәндері саласындағы базалық білімдерді игереді:
Үздіксіз оқудың қажеттілігін саналы түрде түсінеді, қолжетімді мүмкіндіктерді таба алады, оқуды табанды түрде жалғастыруға, алдыға ұмтылуға тырысады,
Өз оқуын ұйымдастыра алады, оның ішінде жеке және топ ішінде уақыты мен ақпаратты тиімді түрде басқара алады; кәсіптік және жеке өсуге ұмтылады; кәсіби әрекеті мен магистратурада оқуын жалғастыруға аса қажетті жаңа білімдерді игеруге құштарлық дағдыларын меңгереді.
6) әлеуметтік дайындықтың (тұлғалық, мәдениаралық, азаматтық құзыреттіліктер) - ТҚ6
Қоғамдық және еңбек өміріне, атап айтқанда, барлық әртүрлі қоғамдарға тиімді және конструктивті түрде араласуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда шиеленістерді шешуге қажетті барлық мінез-құлық түрлерін игереді, әлеметтік, саяси ұғымдар мен құрылымдар жайлы біліміне сүйене отырып, азаматтық өмірге толығымен араласуға, белсенді, демократиялы түрде қатысуға дайын болады.
Ұжымда, отбасында, әлеуметтік ортада, әлемде өмір сүре алады, өз бойында басқа адамдарды қабылдауды, түсінуді, оған құндылық ретінде қарауды тәрбиелей алады; әлемдегі өзарабайланысты түсіну сезімі жетілген, коммуникативтілігі жоғары, шиеленістердің алдын алу және шеше алу мүмкіндігі болады; компромисстер таба алады, өз пікірін ұжым пікірімен сәйкестендіре алады;
Іскери этика нормаларын сақтап, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын меңгереді.
7) кәсіпкерлік экономикалық дайындықтың - ТҚ7
Менеджмент, маркетинг, қаржы, және т.б. жөнінде ғылыми түсінік беретін экономикалық білімдердің негіздерін меңгереді, экономиканы мемлекеттік басқарудың мақсаты мен әдістерін, экономикадағы мемлекеттік сектордың рөлін біледі және түсінеді;
Идеяларды әрекетке айналдыра алады, кәсіби міндеттерді шешу үшін жобаларды жоспарлап, басқара алады, этикалық құндылықтарды түсінеді;
Адамдармен тіл табысып жұмыс істей аады, тапсырыс беруші, персоналды басқару, тұтынушылармен өзара әрекет, рұқсат беруші құзыретті мекемелермен жұмыс, билік өкілдерімен жұмыс саласындағы білімдерді меңгереді; Қазақстанның құқықтық жүйесі мен заңнамаларының негіздерін, қоғамның әлеуметтік даму үрдісін біледі;
8) мәдени дайындықтың - ТҚ8
Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін біледі;
Идеяларды, тәжірибе мен эмоцияларды түрлі құралдармен шығармашылықпен көрсете алудың маңыздылығын түсінеді;
Әлемнің басқа елдерінің дәстүрлері мен мәдениетіне толерантты, толерантты мінез-құлықтың, тұрмыстық расизмнің, ксенофобияның, экстремизм мен оларға қарсы тұрудың маңыздылығын түсінеді және сезінеді, толерантты тұлға ретінде қалыптасқан, басқа мәдениет өкілдерін мойындайды, қабылдайды және түсінеді;
Білімді жинақтау қабілеті бар, зияткерлік қарым-қатынас саласында жеңіл тіл табысады, шовинистік сипаттағы алдын-ала қате пікірге бой алдырмайды; жоғары рухани сапаларға ие, иялы тұлға ретінде қалыптасқан.
9) жалпы құзыреттіліктер - ТҚ9
Сыни тұрғыдан бақылау, интерпретация жасау, талдау, қорытынды жасау, баға беруге қажетті дағдыларды игерген;
Креативтілік (шығармашылық) сапаға ие: бір аспектіден келесіге өту, жалпыға белгілі, жалпылама, жалпыға түсінікті, қарапайым, қалыптасқан идеялардан түбегейлі алшақ жаңа идеялар ұсынады, мәселенің түпкі негізін көре біледі, стереотиптерге қарсы шыға алады.
Белсенді өмірлік ұстанымды берік ұстана алады, басқа индивидтерге қатысты өзінің жеке мінез-құлқын көрсете алады, топта, ұжымда басқаларға зиянын тигізбестен және нормативтік регламенттер аясында көшбасшы болуға ұмтылады:
Топта жұмыс істей алады, өз көзқарасын сауатты түрде дәлеледей алады, жаңа шешімдер ұсына алады: түрлі әлеуметтік жағдаяттарда адекватты түрде бағдар жасай алады. |