Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

6М050600 - «Экономика»

Шифр – Мамандық 6М050600 – Экономика
Мамандықтың мақсаты және міндеттері

Мамандық мақсаты – әртүрлі экономика және  бизнестік іс-қимылдар салалары үшін кәсіби ұйымдастырушылық-басқарушылық, ғылыми-зерттеу, жобалық қызметтерді, сондай-ақ халықаралық білім кеңістігінде және халықаралық еңбек нарығында магистрлерді даярлау.
6М050600 - «Экономика» ББ міндеттері
Бейіндік дайындау кезінде білім беру магистрлік бағдарламасының негізгі міндеттері болып мына талаптарды қамтамасыз ету табылады:

  • экономика, басқару және өндірісті ұйымдастыру саласында кәсіби компетенцияларды, сапалы, толық  бейіндік білім алу; 
  • жоғары жалпы интеллектулды даму деңгейіне жету, сауатты және өрісті сөйлей білу, гуманитарлық мәдениетті, жоғары адамгершілікті, этикалық және құқықтық нормаларды, экономикалық дүниетаным мәдениеті мен кеңдігін, басқарушылық еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдысын меңгеру;
  •  шығармашылық әлеуетті, жеке бастамалар мен жаңашылдықты дамыту;
  • жұмыс күші нарығында магистрлардың бәсекеге қабілеттілігі;
  • магистранттардың жеке білім бағдарламасын таңдауы;
  • ұйымдардың тапсырысы бойынша мақсаттық дайындауды қамтамасыз ету;
  • халықаралық деңгейде оларға кәсіби мобильділікке кепілдік беретін фундаменталды ғылымдарды меңгеру;
  • білім алушылардың теориялық, практикалық және жеке дайындықтарын тереңдету;
  • білім алушылардан олардың барлық белсенді өмірі ағысында жаңа білімді өзіндік меңгеру дағдысын және қажеттілігін, өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамыту қабілетін шығару;
  • кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейлі мамандарын, оның ішінде басқару қызметін жүзеге асыратын заманауи тәжірибелік мәселелерді шешу мен тұжырымдауға қабілетті азаматтық ұстанымы бар кәсіби тілдесу мәдениетіне дайындау. 

Ғылыми және педагогикалық даярлықтағы магистрлік білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері болып мына талаптарды қамтамасыз ету табылады:

  • экономика, басқару және өндірісті ұйымдастыру саласында кәсіби компетенцияларды, сапалы, толық  бейіндік және ғылыми-педагогикалық білім алу; 
  • жоғары жалпы интеллектуалды даму деңгейіне жету, сауатты және өрісті сөйлей білу, гуманитарлық мәдениетті, жоғары адамгершілікті, этикалық және құқықтық нормаларды, экономикалық дүниетаным мәдениеті мен кеңдігін, басқарушылық еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдысын меңгеру;
  • шығармашылық әлеуетті, жеке бастамалар мен жаңашылдықты дамыту;
  • мамандық бойынша лезде жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жұмыс күші нарығында магистранттардың бәсекеге қабілеттілігі;
  • магистранттардың жеке білім бағдарламасын таңдауы;
  • ұйымдардың тапсырысы бойынша мақсаттық дайындауды қамтамасыз ету;
  • халықаралық деңгейде оларға кәсіби мобильділікке кепілдік беретін фундаменталды ғылымдарды меңгеру;
  • таңдаған ғылыми және педагогикалық қызмет бағытында білім алушылардың теориялық, практикалық және жеке дайындықтарын тереңдету;
  • білім алушылардан олардың барлық белсенді өмірі ағысында жаңа білімді өзіндік меңгеру дағдысын және қажеттілігін, өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі дамыту қабілетін шығару;

кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейлі мамандарын, оның ішінде басқару қызметін жүзеге асыратын заманауи тәжірибелік мәселелерді шешу мен тұжырымдауға қабілетті, ғылыми-зерттеу, педагогикалық және басқарушылық қызметті ойдағыдай жүзеге асыратын азаматтық ұстанымы бар кәсіби тілдесу мәдениетіне дайындау. 

Біліктілік сипаттамасы

Кәсіби қызмет саласы:
халық шаруашылығын басқару, еліміздің ұлттық компанияларында, әртүрлі кәсіпорындарында экономистер, ғылыми-зерттеу институттарының, технопарктердің, талдау және статистикалық мекемелердің мамандары.

Кәсіби қызметінің объектілері:
Бейіндік даярлық бойынша:  мемлекеттік және жергілікті басқару органдары; кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік-экономикалық және жоспарлы-экономикалық, әлеуметтік-басқарушылық және маркетингтік, қаржлық-талдаушылық қызметтері; сыртқы экономикалық қызметтің бөлімшелері.
Ғылыми және педагогикалық даярлауда: ғылыми-зерттеу институттар; жоғары оқу орындары; мемлекеттік және жегілікті басқару органдары; кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік-экономикалық және жоспарлы-экономикалық, әлеуметтік-басқарушылық және маркетингтік, қардылық-талдаушылық қызметтері; сыртқы экономикалық қызметтің бөлішелері.

Кәсіби қызмет пәні: экономика, талдау, индикативтік және  стратегиялық жоспарлау, жобалау, ұлттық, аймақтық экономика және кәсіпорындар және т.б. дәрежеде қыржылық-экономикалық шешімдер қабылдау, инвестициялық және инновациялық жобалардың технико-экономикалық негізінде, әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың тиімділігін бағалау мәселелері жатады.  

Білім беру траекториялары

1) Саладағы экономика

2) Инновациялық экономика и басқару

Әрбір  траекторияның бірегейлігі

Білім беру траекторияларының бірегейлігі болып магистранттардың Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының және магистрлік диссертация мен шығарушы кафедрада жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстары шегінде шынайы мәселелерін өңдеуге қатысу мүмкіндігі табылады.

Әрбір траекторияны оқыту нәтижелері

білу керек:

  • кәсіпорын деңгейіндегі басқару іс-әрекеттердің барлық функционалды бағыттардың фундаментальды негіздерді (экономика, менеджмент, маркетинг, қаржы және т.б);
  • инвистициялық және инновационды әрекеттердің, өндірісті ұйымдастырудың, жоспарлау мазмұндарының және басқарудың негізгі бағыттары;
  • кәсіпорын экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын негізгі сипаттамалар мен процестер;
  • іскерлік және экономиканың шетел және ұлттық нормаларын;
  • ұлттық бизнес-әріптестіктің технологиялық, мәдениеттік, құқықтық, саяси және экономикалық ортаның ерекшеліктері;

істей білу керек:

  • басқару шешімдерін қабылдау, басқару және өндірістік ұйымдастырудың керекті нысандарын талдау және ғылыми дәлелденген түйіндерді жасау, экономикалық нысандардың іс-әрекеттерін талдау;
  • жағдайларды, процестерді болжау және сипаттау үлгілерін құрастыра отырып, олардың синтез, сандық және сапалық талдауын жасап, қолдану.
  • ғылыми ақпараттардың кең массивтерін қолдану, олардың көз-қайнарларымен өзіндік жұмыс жасау;
  • кәсіби мәселелрді шешу үшін компьютерлік техниканы қолдану және информатикамен таныс болу;
  • қолдағы есеп және статистикалық мәліметтер бойынша алынған нәтижелерді талдау және қайта қарастыру;
  • қоғамдық шешімдерді қабылда, өз көз-қарастарын қоғамдық көзқарастарымен салыстыру, жаңа шешімдерді ұсыну, өз көз-қарастарын қорғау, инициативті болу және топта жұмыс жасау;

білікті болу керек:

  • ғылыми-зерттеу жұмысын логикамен және технологиямен өткізу, жалпы ғылыми методологияны білу;
  • өзіндік ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысу;
  • педогогикалық әрекетті жүзеге асыру, оқу-тәрбиелік жағдайларды талдау, педагогикалық мәселелерді анықтау және шешу;
Аталған мамандық түлектерінің білім деңгейіне талаптар
(Дублин дескрипторлары негізінде)

Оқу нәтижесі құзыреттілік арқылы көрсетіледі және Дублин дескрипторларының 2 деңгейлi оқыту (магистратура) негiзiнде жобаланған және магистратураны бiтiрушiлердің келесi қабiлеттiлiктер мен дағдыларды алуға сәйкес келедi:

  • жоғарғы кәсiби бiлiм деңгейінде алған бiлiм мен түсiнікті көрсетсiн, даму немесе ғылыми зерттеулердiң контекстiнде жиi қолданатын идеяларды қолдану үшiн негiз немесе мүмкiндiк болып табылады;
  • бiлiмді қолдану, түсіну және оқытылатын саламен байланысты жаңа немесе белгісіз жағдайларда контекстер мен кеңірек шеңберде мәселелерді шешу қабілеті;
  • бiлiмдi интегралдау, күрделiлiктерді жеңу білу және талқылауға толық емес немесе шектеулі ақпараттың негізінде, бұл талқылау мен білімді қолдануға әдеп және әлеуметтiк жауапкершiлiктi есепке алып шығару;
  • өз қорытындыларын және бiлiмін, олардың дәйектемесiн мамандарға және маман еместерге айқын және ашық хабарлау;
  • оқуды өздігінен жалғастыру.
× You found a Typo