Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

6M060200 Информатика

Шифр – Мамандығы 6М060200 – ИнформатикА
Мамандықтың мақсаты мен міндеттері

6М060200 – Информатика мамандығының жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің негізгі мақсаты бағдарламалаудың заманауи технологиялары, жоғары математика аумағында білімі бар, ғылымижаратылыс тапсырмаларды шешуде қолданатын, заманауи компьютер жүйелерінде кәсіби жұмыс жасау дағдылары бар маманды дайындау болып табылады.
6М060200 – Информатика мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының (2 жыл оқу) магистрын, 6М060200 – Информатика мамандығы бойынша жаратылыстану (1 жыл оқу) магистрын дайындау білім беру бағдарламасының міндеттері:

  • бағдарламалық қамтамасыз етудің әртүрлі үлгілерін функционалдауды және инновацияның жүйелі мониторингін жасауды;
  • желілік және коммуникациялық бағдарламалық қамтамасыз етудің инженериясы аумағында жұмыс жасау мүмкіндігін туғызу, ғылыми зерттеулер жасау мен ұйымдастыру дағдыларына ие болу, ғылыми жұмысты докторантурада жалғастыруға арналған қажетті дайындаманы алу.
Біліктілігі сипаттамасы

Кәсіби қызмет саласы
магистрлардың кәсіби қызмет саласы келесілер болады:, информатика, бағдарламалау, ақпараттық коммуникациялық технологиялар және автоматталған басқару жүйелерін қолданатын ғылыми-зерттеу орталықтары, жобалық, басқарудың мемлекеттік органдарымен байланысты қолданартын ұйымдар.

Кәсіби қызмет обьектілері
6М060200 – Информатика магистрларының кәсіби қызмет обьектілеріболып, келесілер табылады:; математикалық және алгоритмдік үлгілер; ғылым, білім беру, техника, экономика мен басқару есептерін шешуге арналған аппараттық және бағдарламалық жасақтама.

Кәсіби қызмет пәндері

  • өндірістік білім беру, қызмет көрсету саласы есептерін шешуге арналған заманауи математикалық әдістері, қолданбалы информатика әдістері.
  • ғылыми және техникалық есептерді компьютерлік визуализациялауға, табиғи үдерістерді, ғылыми зерттеулердегі және педагогикалық іс-әрекеттердегі абстрактілі ұғымдарды анимациялауға арналған бағдарламалық жасақтама
Білім беру траекториялары

1)Бағдарламалық инженерлеу

2) Компьютерлік үлгілеудің үрдісі мен жүйесі

Әрбір траекторияның бірегейлігі

1)Бағдарламалық инженерлеу
Осы траекторияны аяқтаған түлектер бағдарламалық өнімді құрастырумен және өндірістік тапсырмаларды шешуге арналған бағдарламалық қамтамазсыз етуді құрумен айналысады. Түлектердің дайындық деңгейі өздерін компьютерлік техника мен IT-технология пайдаланатын салада жүзеге асыруға рұқсат етеді.

2)Компьютерлік үлгілеудің үрдісі мен жүйесі
Бұл траекторияның түлектері жобалық графиканы оқып үйренуді болжайтын компьютелік үлгілеу аумағында маман ретінде дайындалады.
Бұл траекторияның магистрлары дайындау компьютерлік үлгілеудің перспективаларын әр түрлі саланың өндірісі мен ғылымының процессін ескереді.

Әрбір траектория бойынша оқыту нәтижесі

1)Бағдарламалық инженерлеу:
Білім алу нәтижесінде түлек білу керек:

  • компьютерлік техниканың, ИТ-коммуникациялардың және байланыстың жұмыс істеуінің іргелі принциптерін;

Түлек меңгеру керек:

  • кәсіби қызметтің объектілерін өңдеудің қазіргі заманғы әдістерін, құралдар мен технологияларын қолдану;
  • тиісті бейіндегі мамандармен бағдарламалық шешімдер мен өндіріс пен білім беру жүйесінің алгоритм тапсырмаларын құрастыруда өзара әрекеттесу керек;

Түлек дағдыларды иелену керек:

  • қолданбалы тапсырмаларды шешу үшін есептеу әдістеріне жақын бағдарламалауды қолдану;
  • методология мен технология жүйесінің бірегейнысаны бағдарламалық жүйені қолдау саласында;

2) Компьютерлік үлгілеудің үрдісі мен жүйесі
Білім алу нәтижесінде түлек білу керек:

  • базалық және арнайы технологиялар компьютерлік жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуін құрастыру;
  • ұйымдастыру, жоспарлаудың негізгі әдістері, басқару және жобалау, құрастыру бойынша жұмыстарлы басқару мен қадағалау, бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу.

Түлек меңгеру керек:

  • ақпаратты іздеу жүйесін қолдануды компьютерлік техниканы қолдану арқылы алгоритмдік әдістермен қолдануды;
  • бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесін қолдануды, үлгілерді жобалауды, интернет порталын қолдануды, ақпаратты қорғаудың бағдарламалық әдістерін компьютерлік жүйеде пайдалануды.

Түлек дағдыларды иелену керек:

  • жүйенің динамикасы мен процесімен байланысты әдістердің бағдарламалық тапсырмаларын шешуді, техникалық, диагностикалық, эксперттік, интеллектуалдық жүйені үлгілеуді
Мамандық түлектерінің білім деңгейіне қойылатын талаптар (Дублиндік дескрипторлар негізінде)

6М060200 – «Информатика» түлектердің осы мамандық бойынша білім деңгейіне қойылатын талаптары келесі құзыреттіліктер арқылы беріледі:

  • дүниетанымы кең және ойлау мәдениеті бар жоғары білімді тұлғаны қалыпстастыруға ықпал ететін жаратылыстану-ғылыми пәндер облысында (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) базалық білімдерге ие болу;
  • қазіргі заманғы техниканы қолдана білу дағдысының болуы, кәсіптік қызмет аясында ақпараттық технологияларды қолдана білу;
  • IT- құралдармен, технологиялық процестерді жобалау мен анализдеу дағдыларына ие болу керек .
× You found a Typo