Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

6М060600-Химия мамандығы

6М060600-Химия мамандығы магистратурасының білім беру бағдарламасы

Шифр – Мамандық 6М060600 – Химия
Мамандықтың мақсаты мен міндеттері

Мамандарды дайындау мақсаты. Магистранттарды оқыту мақсаты:
- химия ғылымын табысты дамытуға мүмкіндік беретін, мамандандырылған химия саласында іргелі, сапалы, кәсіби білім алу;
- теориялық химиялық модельдерді құру әдістерін және оларды математикалық өңдеулер мен шешудің негізгі тәсілдерін меңгеру;
- жаңадан білім алуға, қазіргі еңбек нарығындағы өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуге қабілетті жоғары білікті мамандарды тәрбиелеу;
- заманауи ғылыми және практикалық міндеттерді қалыптастыру және шеше білуге, білім беру мекемелерінде химияны оқытуға, ұйымдастырушылық және басқару қызметін табысты жүзеге асыруға ықпал ететін кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейін меңгеру;
- ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдыларын меңгеру, докторантурада ғылыми жұмысты жалғастыру үшін қажетті білім алу;
- магистранттардың еңбек нарығында кәсіби ұтқырлықты қамтамасыз ететін химия және жаратылыстану ғылымдары саласында іргелі білімді меңгеруі;
- докторантурада білім алуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігін алу.

Біліктілік сипаттамасы

6M060600 – «Химия» мамандығы бойынша магистратура түлегіне «жаратылыстану ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.
Дайындық бағыты – ғылыми-педагогикалық.

Білім беру траекториялары

1) Аналитикалық химия
2) Химиялық экология

Оқыту нәтижелері

Бітірушінің құзыреттілігі. 6М060600 – «Химия» мамандығының магистратура түлегі міндетті:
- түсінігі болуы керек: ғылыми зерттеулер әдістері, білім беру саласындағы қазіргі жетістіктер; әдіснамалық мәдениет негіздері, іздену ойлауы, жүйелі анализ ғылымның рационалдық түрі ретінде, ғылым, философия және жаратылыстану арасындағы өзара байланыс туралы; химияның әр түрлі салаларындағы қазіргі теориялық және қолданбалы мәселелер туралы; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлаудың қазіргі тенденциялары туралы, компьютерлік химия жетістіктерін пайдалана отырып, химиялық процестерді математикалық моделдеу туралы;
- білуі керек: химияның концептуалды жүйелерін және олардың даму заңдылықтарын, сонымен қатар химиядағы іргелі заңдар мен теориялардың философиялық мәселелерін;
бейорганикалық және органикалық заттардың стереохимиясы туралы заманауи түсініктерді.
меңгеруі керек: қазіргі заманғы ақпараттық білім беру технологияларын қолдана отырып, жаңа білім алу; шет тілінде әңгіме-диалог жүргізу, мамандық бойынша әдебиеттерді оқу, рефераттар құру, шет тілінде іскерлік хат жазу; кәсіби функцияларды жүзеге асырумен байланысты мақсат қою және міндеттерді қалыптастыру, оларды шешу үшін оқытылған пәндердің әдістерін қолдану; алынған нәтижелерді өңдеу және талдау.
дағдыны игеру керек: ақпаратты компьютерлік жинақтау, сақтау және өңдеу әдістерін; оқылған ғылыми әдебиет бойынша өзінің көзқарастарын баяндау, ғылыми және қоғамдық-саяси тақырыптарға және диссертациялық жұмыстың тақырыбына әңгіме жүргізу; ғылыми және оқу үдерістерін басқару; анализдің қажетті әдістерін таңдау әдіснамасы және оны жүргізу әдістемесі; прогрессивті технологиялар мен аралас мамандықтарды тез меңгеру.
құзыретті болуы керек: шет тілін меңгеруде, тарих және ғылым философиясы; психология, педагогика, аналитикалық, бейорганикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық, экологиялық химия, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, химиялық физика саласында.

× You found a Typo