Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

6M071000 «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы»

Шифр – Мамандық 6М071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы»
Мамандықтың мақсаты мен міндеттері

6М071000-«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының білім беру бағдарламасының мақсаты: ғылыми-зерттеу зертханаларында, конструкциялық және жобалық фирмаларда, өндірістік кәсіпорындарда өндірістік, ғылыми-зерттеу қызметіне жоғары бәсекеге қабілетті маман дайындау.
6м071000-«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының кәсіби қызметіне қойылатын міндеттер: материалдың қасиеті мен құрылымы, фазалық құрамы арасындағы өзара байланысты білу, оның дамуындағы негізгі бағытқа деген көзқарас, сонымен қатар осы облыстағы ғылым мен техниканың негізгі жетістіктерін игеру.

Біліктілік сипаттамасы

Кәсіби қызмет саласы: осы саланы бітірген мамандар өндірістік кәсіпорындарда ұйымдасқан өндірістік-технологиялық жұмыстарды жүргізеді, сонымен қатар материалдың қасиеті мен құрылымын игеру үшін тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Кәсіби қызмет нысандары: түсті және қара металлургия зауыты, машина және аспап жасау зауыты, химиялық өндіріс зауыты, салалық зерттеу және жобалау институттары, зертханалар, жоғары және орта техникалық мектептер болып табылады.
Кәсіби қызмет пәні: материалдардың құрылымы мен қасиетін зерттеуге арналаған өндірістік технологиялық құрылғы, қондырғылар мен аспаптар, жаңа материалдарды өңдеу және алу технологиясы, сонымен қатар олардан дайын бұйымдар алу.

Білім беру троекториясы

6М071000-«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының білім беру бағдарламасы 2 троектория бойынша оқытылады:

  1. Наноматериалтану
  2. Физикалық материалтану
Әрбір троекторияның бірегейлігі
  1. «Наноматериалтану» троекториясының бірегейлігі келесідей бекітіледі: университеттерде, институттарда және басқа да ғылыми орталықтарда инженер, лаборант болып жұмыс істей үшін барлық білімді, дағдыны, білімді игереді. Сонымен қатар материалды өңдеудің химиялық-физикалық әдістерін игереді, материал бетінің модификациясын, нанотехнологияны тереңірек меңгереді. Вакуумдық пост, сынама машиналар, пеш, микроскоп сынды және т.б. құрылғыларда жұмыс істейді.
  2. «Физикалық материалтану» троекториясының бірегейлігі келесідей бекітіледі: ядролық орталықтарда, зауыттарда және басқа да ғылыми орталықтарда, кәсіпорындарда ғылыми қызметкер, инженер, болып жұмыс істей үшін барлық білімді, дағдыны, білімді игереді. Сонымен қатар ядролық технологияның физикалық негізін, радиациялық материалтануды, алу жолдары мен зерттеу әдістерін терең меңгереді және атомдық энергетика, нанотехнология үшін материал қасиетін игеру. ЯМР-спектрометрі, рентгенфлуоресценттік спектрометр, вакуумдық пост сынды және т.б. құрылғыларда жұмыс істейді. 
Әрбір троектория бойынша оқыту нәтижелері

1. «Наноматериалтану» троекториясы:

Оқудың нәтижесінде түлек білуі тиіс:

  • материал қасиеті мен құрылымының, фазалық құрамының арасындағы өзара байланысын, технологиялық үрдістерді, ғылыми және технологиялық құрылғылардың жұмыс істеу принципін;

Түлек істей алуы тиіс:

  • материалдың құрылымы мен қасиетін игеру әдістерін тәжірибелерде қолдана алу;

Түлек дағдыларға ие болуы тиіс:

  • жаңа материалдарды алу мен өңдеу жұмыстарын жүргізу, ғылыми зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу, технологиялық карта құру дағдылары.

2. «Физикалық материалтану» троекториясы:

Оқудың нәтижесінде түлек білуі тиіс:

  • арнайы пәндердің негіздерін, қатты дененің құрылымын, қатты денелердің физикалық қасиеттерінің негіздерін білуі;

Түлек істей алуы тиіс:

  • Өздіктерінен бағалау, есептеу әдісін қолдану, ғылыми-техникалық ақпараттарды қажетті материалдарға сәйкес таңдауы, қолданбалы сипаттамасы бар физикалық зерттеу есептерін шешуі, эксперимент нәтижесін статистикалық өңдеу жүргізе алуы, математикалық, физикалық пен технологиялық үрдістегі объектілердің сандық мәндерін есептей алу;

Түлек дағдыларға ие болуы тиіс:

  • әр түрлі үрдістерге ғылыми талдау жүргізе алу дағдысы.
Осы мамандық түлектерінің білім деңгейіне талаптар
(Дублин дескрипторлардың негізімен)

Оқу үрдісі нәтижесінде 6М071000 – «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығының түлектері келесі құзыреттіліктермен ерекшеленеді:

  • Дүниетанымдық құзыреттілік -танымдық және қызмет тәжірибесін, жалпы білімді қамтуды, қоғам құбылыстарын, әлеуметтік негізді, әлемнің ғылыми бейнесін меңгеруді болжау.
  • Кәсіби құзыреттілік - кәсіби есептерді шешуде біліктілік пен білімділік, практикалық тәжірибе негізінде нәтижелі жұмыс атқару, стандартқа сәйкес берілген тапсырмаларды орындау қабілетін болжау. 
  • Зерттеушілік құзыреттілігі-берілген стандартқа сай есептерді орындау қабілеттілігін, кәсіби есептерді шығаруда біліктілікті және білімділікті практикалық тәжірибе негізінде табысты атқаруды көздейді.
  • Коммуникативті құзыреттілік- әлеуметтік қарым-қатынасты қоғаммен, ұжыммен, топтағы жұмыс дағдысы, әріптестік, толеранттылық, тіл білімін енгізу, ауызша және жазбаша диалог, монолог, іс-қағаздарын құра білу қабілетін жетілдіру.
  • Өзіндік менеджмент құзыреттілігі -жеке ресурстарды басқару, яғни оларды қорғай білу, іске асыра білу, дамыта білу және қолдану, өзін-өзіне қолдану көрсету.
× You found a Typo