Қымбатты ардагерлер, әріптестер және студенттер!
9 мамыр - Жеңіс күні. Бұл мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны ерекше.
Осынау айтулы күні сұрапыл соғыс кезінде, отан үшін жанын қиған батырларға алғыс айтып, олардың есімдері ешқашан ұмытылмайтынын айтқым келеді.
Барша ардагерлерімізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілей отырып, бүгінгі бейбіт өмір үшін шын көңілімнен алғыс білдіремін. Болашақ ұрпақ соғыстың не екенін білмей, ашық аспан астында тату да тәтті, бейбіт өмір кешсін деп тілеймін.
Аспанымыз ашық, бірлігіміз бекем, бейбітшілігіміз баянды болғай!
Мерекелеріңізбен!
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Ә.У. Қуандықов