АТҚЕжЦО-ның негізгі міндеті Smart-университет жобасын кезең-кезеңімен іске асыру, факультеттерді, кафедраларды, университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерін жабық ұжымдық желімен, қазіргі заманғы компьютерлік мультимедиалық жүйемен және университетті басқару үрдісін автоматтандырудың негізінде оқу үрдісін ақпараттандырудың технологиялық платформасымен қамтамасыз ету болып табылады.
Білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми қызмет шеңберінде АТҚЕжЦО-ның міндеті болып табылады:
- Студенттерге, магистранттарға, доктаранттарға, оқытушыларға және қызметкерлерге (ақпараттық технология шеңберінде) ақпараттық және техникалық қызмет көрсету;
- Мәліметтер қоры серверінің бірыңғай жүйесін және ақпараттық Интернет/Интранет серверін жобалау және дайындау;
- Интернетке қатынауды қолдану бойынша бірыңғай саясатты дайындау және жүзегеа сыру;
- Университеттің ақпараттық ресурcтарын қорғау мен ақпараттық қауіпсіздік саясатын дайындау және жүзеге асыру;
- Жаңа ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының тапсырмаларын құру мен орындауға қатысу.
- Platonus АТҚ, ИС ЕСУВО бойынша орнату және қолдау.
Өндірістік сала шеңберінде АТҚЕжЦО-ның міндеті болып табылады:
- Компьютерлік техника мен жабық ұжымдық желі элеметтерін жөндеуді ұйымдастыру;
- Білім беру, кәсіби және білім қорын басқару шеңберінде университеттің ақпараттық ресурстарын жобалау, құру және дамыту;
- Білім беру үрдісін ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету;
- ЖОО-ның құрылымдық бөлімшелерінің жаңа ақпараттық технологияларға қажеттілігін білу, телекоммуникациялық, компьютерлік құрал-жабдықтарды, кеңсе техникаларын және бағдарламалық құралдарды орталықтандырылған сатып алуын ұйымдастыруға қатысу және сараптама жүргізуді қамтамасыз ету.
- Компьютерлік техника, коммуникациялық құрал-жабдықтар және университеттік кеңсе техника құралдарын қолданылуын қадағалау және есептеу жүйесін ұйымдастыру;
- Университеттің құрылымдық бөлімшелерін ақпараттандыру мәселесі, жаңа ақпараттық технологиялар мәселелірін қолдану мен дамыту бойынша ақпараттық және кеңестік қызмет көрсету;
- АТҚЕжЦО-ның құрал-жабдықтарының жұмыс жағдайын қадағалау, бағдарламалық жасақтаманы үнемі жүйелеу және жаңарту;
- Білім беру саласын басқару бойынша бағдарламалық жасақтаманы құрастыру, орнату және сүйемелдеу, электрондықұжатайналым жүйесін ұйымдастыру;
- Бар құрал-жабдықтарды, сонымен қатар, өзін-өзі өтеушілік шартында кең форматты басып шығару және басқа да қажетті ақпаратты-техникалық қызметті көрсету арқылы тиімді пайдалану.