Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Баспасөз қызметі

«Altai jastary» медиаорталығы

Мекенжайы: 30-шы Гвардиялық дивизия, 34 (бас корпус), 253 кеңсе,
Телефон/факс: 8 (7232) 540-161
E-mail: imagevkgu@mail.ru.

«Altai jastary» медиаорталығының жетекшісі – Сизова Ольга Юрьевна,

КСРО Журналистер одағының және ҚР Журналистер одағының мүшесі, білімі – ӨПИ филология факультеті.

БАҚ-тағы жұмыс: «Металлург», «Вестник Казцинка», «Устинка+» газеттерінің тілшісі, «Голос Востока» газеті редакторының орынбасары, «Строим» газетінің, 1vko.kz, 1720.kz сайттарының шығарушы редакторы, «Регион-пресс», «Усть-Каменогорск» газеттерінің бас редакторы, «ЖСК» және «Деловой Казахстан» республикалық газеттерінің ШҚО бойынша меншікті тілшісі. Республикалық БАҚ-тармен іскерлік қарым-қатынаста.

Тарих. «Altai jastary» ШҚМУ медиаорталығы баспасөз қызметінің базасында құрылымдық бөлімше ретінде құрылған, ал баспасөз қызметі 2006 жылы «Имидж» көптиражды газетінің базасында құрылған болатын. Газеттің негізі 1990 жылы «Университет жаршысы» атауымен қаланған-ды. Егер университет газетінің туған күнін сол кезеңнен есептер болсақ, университет газетіне 28 жыл толып отыр! Ал 1999 жылы «Имидж ШҚМУ» газетінің алғашқы саны шыққан болатын. 2005 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ресми сайты құрылды, 2015 жылы сайт жаңартылды. 2016 жылы сайт өзінің 10 жылдығын атап өтті. 2018 жылы медиаорталықтың құрылымына «Altai jastary» телерадиостудиясы енді.

«Altai jastary» медиаорталығының құрамы:

  1. «Altai jastary» жетекшісі – Сизова Ольга Юрьевна (olg-sizova@yandex.ru)
  2. Беттеу бойынша инженер - Алтынай Бақытжан
  3. Тілші – Әбішев Ержан Кеңесұлы (jan_abish@mail.ru)
  4. Редактор – Аумадиева Айдана Ағламбекқызы (aumadieva@mail.ru)
  5. Бейнеоператор - Федоренко Никита Владимирович(oskemen_1720_tv@mail.ru)
  6. Фотограф – Александр Владимирович Попов (a_popov_vko@mail.ru)
  7. Баспасөз-хатшысы – Чыншаева Назгүл Тоқатағанқызы (naztai86@mail.ru)

«Altai jastary» медиаорталығы қызметінің негізгі бағыттары:

  • Жылға арналған медиа-жоспар құру;
  • С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қызметін университеттік БАҚ-тарда жариялау: ШҚМУ ресми сайтының ақпараттық-мазмұндық бөлігін толықтыру, оның ішінде жаңалықтар бағанын және өзге айдарларды жаңарту; университеттік «Имидж» газетін, телестудия базасында бейнероликтер шығару, Twitter, Facebook, Youtube әлеуметтік желілерінде жұмыс істеу.
  • С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қызметін қалалық, облыстық және республикалық БАҚ-тарда жариялау;
  • баспасөз конференцияларын ұйымдастыру;
  • ШҚМУ қызметі туралы БАҚ-тарға арналған баспасөз мәлімдемелерін тарату;
  • республикалық, облыстық және қалалық БАҚ-тардағы ШҚМУ туралы жарияланымдарға мониторинг жүргізу;
  • ШҚМУ факультеттері мен бөлімдері мамандарының БАҚ-тағы жарияланымдарына мониторинг жүргізу.
  • негізгі университеттік оқиғаларға фото және бейне түсірілім жасау; фото және бейне материалдар, баспа материалдар мұрағатын жасау.
  • штаттан тыс тілшілермен жұмысты ұйымдастыру (тарих, филология және халықаралық қатынас факультеті студенттерімен, мектеп оқушыларымен, оқытушылармен), журналист-студенттердің іс-тәжірибесін ұйымдастыру.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Altai jastary» медиаорталығының БАҚ-тары

  • С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ресми сайты (www.vkgu.kz) 2005 жылы құрылған, 2016 жылдан сайт дизайны өзгертілді. Бүгінде сайт мына айдарлардан тұрады «Ректор блогы», «Сұрақ қою», «Талапкерге», «Серпін-2050», «Біз туралы», «Ғылым және халықаралық байланыстар», «Білім», «ШҚМУ Life», «Байланыстар», «Мемлекеттік рәміздер», «Рухани Жаңғыру. Модернизация 3.0», бөлімдері: «Жаңалықтар», «Хабарландырулар», «Электронды қабылдау бөлмесі», «Көзқарас», «Күнтізбе». «Баспасөз қызметі» бөлімінде («Altai jastary» медиаорталығы») мына айдарлары бар: «Имидж ШҚМУ (газеттің электронды нұсқасы)», «Фоторепортаждар», «Дайджест», «Байланыстар».
  • Әлеуметтік желілер: Twitter, Facebook, Youtube, ВКГУ I M I D Z H.
  • «Имидж ШҚМУ газеті» (imagevkgu@mail.ru) ЖОО-да бірыңғай ақпараттық кеңістік құруда бірегей құрал болып табылады. Елімізде және шет елдерде еңбек етіп жүрген бірқатар белді тілшілер өз еңбек жолын осы басылымда бастаған. Ресми жаңалықтармен қатар газет бітенде түрлі тақырыптарды қаузайтын мақалалар жарық көріп тұрады. Міндетті түрде университеттің білім берудегі инновациялық саясаты, студенттердің тұрмыс-тіршілігі, ЖОО-ның халықаралық байланыстары, студенттердің, магистранттардың, аспиранттардың және оқытушылардың ғылыми қызметі басылымда ұдайы жарияланады.

Газетті жасауға штаттағы тілшілермен бірге оқу орнының студенттері мен оқытушылары да белсене атсалысады. «Имидж» – А-4 форматындағы 16 парақтан тұратын көлемді басылым. Ол айына бір рет қазақ және орыс тілдерінде жарық көреді. ЖОО ішінде тегін таратылады. Газет ШҚМУ-дың «Берел» баспасынан шығарылады. Оның электронды нұсқасын ШҚМУ сайтынан оқуға болады. (https://www.vkgu.kz/ru#overlay-context=ru%3Fpage%3D0%252C0%252C1).

  • «Altai jastary» телерадиостудиясы

2018 жылы ШҚМУ-да болашақ журналист атанатын студенттер үшін «Altai jastary» телерадиостудиясы ашылды, ол студия «Altai jastary» атты бірыңғай медиаорталығының құрамына енді.

× You found a Typo