Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Біліктілікті бекіту орталығы

КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55
Телефоны: 8 (7232) 252-284
Е-mail: СPK@vkgu.kz

Директор – Келгембаева Бақытжан Бекенқызы
Филология ғылымдарының кандидаты, ШҚМУ доценті. 2 монография, 1 оқу құралы, 5 оқу-әдістемелік құрал, 2 хрестоматия, 2 электронды оқулық, 1 деректі фильмнің, 60-тан аса ғылыми мақаланың авторы. Түркияда ғылыми-педагогикалық тағлымдамадан өтіп, Португалияда біліктіліктілігін көтерген.

Бөлімшенің тарихы мен құрылымы:

Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығы (КДжБА РО) университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, 2019 жылдың сәуір айында
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Біліктілікті арттыру институтының базасында ашылды.

КДжБА РО қызметінің мақсаты - білім беру саласында біліктілікті арттыру, инженерлік-педагогикалық, техникалық және кәсіптік кадрларды және кәсіпорын қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау, халықты кәсіптік даярлау бойынша қызметтер ұсыну.

Міндеттері:

  • білім беру саласындағы мамандардың, техникалық және кәсіби кадрлардың және кәсіпорындар мен әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби және тұлғалық құзыреттілігінің сапасын арттыру;
  • кәсіби құзыреттілікті арттыру мақсатында Типтік ОЖБ біліктілігін арттырудың әртүрлі нысандарын ұйымдастыру;
  • кадрларды кәсіби және жеке дамыту бағдарламаларын әзірлеу;
  • өзін-өзі жетілдіру, дамыту қажеттілігін қалыптастыру;
  • білім беру мекемелеріне әдістемелік көмек көрсету;
  • тұрғындар үшін курстық дайындықты ұйымдастыру;
  • жоғары білім, ғылым және өндірістің еуропалық аймағына кірігуді қамтамасыз ету;
  • білім алушыларға қосымша білім беру.

Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының құрылымы:

  • Жаңартылған білім мазмұнын енгізу жөніндегі сектор

Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының жұмысы жайлы толық ақпаратты http://cpk.vkgu.kz сайтынан біле аласыздар.

Кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының 2019-2020 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары

Оқытушыларға арналған күндізгі оқыту курстары

Өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметкерлеріне арналған курстар

Студенттерге арналған қосымша білім беру бағдарламалары

Жұмысшы мамандықтары бойынша қысқамерзімді курстар

Педагогтар мен әлеуметтік сала мамандарына арналған қашықтықтан оқыту курстары

Студенттерге арналған қосымша білім беру бағдарламалары

Өнеркәсіптік кәсіпорындар, мемлекеттік қызметтер, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған курстар және т.б.

КДжБА РО қызметкерлері:

А.Т.Ә. Қызметі Ғылыми дәрежесі, атағы
1 Келгембаева Бақытжан Бекенқызы директор ф.ғ.к., доцент
2 Исебаева Бакытгүл Кудышқызы ПОҚ мен қызметкерлердің біліктілігін арттыру әдіскері магистр
3 Хамзина Кәмшәт Слямқанқызы менеджер – маркетолог магистр
4 Орманбек Эльмира маман бакалавр
5 Мамчур Айнур Сергеевна «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығының жетекшісі (бала күтіміне байланысты демалыста) магистр
6 Сейсекенова Айгерим Мейрамхановна маман (бала күтіміне байланысты демалыста)
× You found a Typo