Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«БИОАЛУАНДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ: ФЛОРА ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕР ҚОРЫ» (Мырзағалиева А.Б.)

БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР М.А. А.Б. МЫРЗАҒАЛИЕВАНЫҢ
«БИОАЛУАНДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ: ФЛОРА ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕР ҚОРЫ» ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІ

ҒЫЛЫМИ МЕКТЕП ТУРАЛЫ

«Биоалуандылықты сақтау: флора және өсімдіктер қоры ғылыми мектебі 2006 жылдан бері жұмыс істеуде. Биологиялық әралуандылықты сақтау мәселесі бүгінгі таңда бүкіл әлемнің басты назарында сол себепті бұл мәселе осы ғылыми мектептің негізгі мақсаты. Сондай-ақ мектеп С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлайды.

ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТІҢ ЖЕТЕКШІСІ
МЫРЗАҒАЛИЕВА АНАР БАЗАРОВНА

Ғылыми атағы: доцент

Ғылыми дәрежесі: биология ғылымдарының докторы

Ғылыми мектеп жетекшісі – б.ғ.д., профессорм.а., Мырзағалиева Анар Базаровна, 31 тамыз 1972 жылы туылған.

1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тамамдаған.

1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірді.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да 2001 жылдан бері еңбек етеді.

2004 жылдан бастап биология ғылымдарының кандидаты

2009 жылдан бастап биология мамандығы бойынша Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен бекітілген доцент

2011 жылдан бастап биология ғылымдарының докторы.

2005-2008 жж – магистратура меңгерушісі; 2008-2013 жж – Жаратылыстану ғылымдары және экология факультетінің деканы; 2013 жылдан бастап – ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар Департаментінің директоры.

Жоғары білікті маман. Биология мамандықтарында Цитология, Эволюциялық ілім, Геоботаника, Ресурстану, Ботаникалық номенклатура және т.б. негізгі пәндерден дәріс оқиды.

Ғылыми зерттеу саласы – флора, өсімдік ресурстары, өсімдік биотехнологиясы.

100-ден астам ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектердің авторы. Соңғы 5 жылда 56-дан астам еңбегі жарық көрді.

Ғылыми жұмыспен белсене араласқан А.Мырзағалиеваға 2006-2008 жылдары ҚР БҒМ ғылымды дамытуда зор үлес қосқаны үшін, ғылыми мәселелерді шешуге арналған зерттеулерге белсенді қатысқаны үшін ҚР БҒМ талантты жас ғалымдар стипендиясы тағайындалады.

ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТІҢ ТҮЛЕКТЕРІ

  1. Конакбаева А.А. – биология магистрі, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі.
  2. Кабдыкаримова Г.С. – биология магистрі, Катон-Қарағай ауданы Дамитов атындағы орта мектебінің директорының орынбасары
  3. Дузбаева М.Б. – экология магистрі, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі.
  4. Беженова Г.Ж. – биология магистрі, Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық паркінің ғылыми қызметкері.
  5. Тунгушпаева А.Н. – биология магистрі, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі.
  6. Дузгумбаева М. – биология магистрі, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі.
  7. Науканова Ж.Н. – экология магистрі, Жезкент кентінің мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі
  8. Маткаримова М. – экология магистрі, ШҚО Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының маманы
  9. Раисова К.Р. – экология магистрі, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ кадрлар бөлімінің бастығы.
  10. Надирбаева Г.Т. – биология магистрі,С.Аманжолов атындағы ШҚМУ экология оқу-ғылыми-зерттеу орталығының лаборанты.
  11. Ефремов В.Е. – биология магистрі, Астана қаласы, Қазақстан хоккей федерациясының «Барыс» балалар хоккей мектебінің бапкері.

ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТІҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ

  1. Биологияның мәселелерін теориялық талдау, республиканың өсімдіктер әлемін үнемді пайдалану және қорғау;
  2. Өсімдіктер ресурстары;
  3. Флора және өсімдіктер жамылғысы;
  4. Өсімдік биотехнологиясы.

 Мырзағалиева Анар Базаровнаның еңбектері

Ассоциациялардағы мүшелік, құрметті атақтары, марапаттары:

Университет жылнамасы беттеріне қосқан қомақты үлесі үшін «Университет мақтанышы» ШҚМУ құрмет белгісі (2012 ж.).

Биологиялық әралуандылықты сақтауға бағытталған «Quarry Life Аward 2012» (Германия) халықаралық зерттеу жобасының бас жүлдегері (2012 ж.)

Қазақ географиялық қоғамының мүшесі

Қазақстан Ұлттық географиялық қоғамының мүшесі

Білетін шет тілдері:

Неміс және ағылшын тілдері

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТТАРЫ:

Жұмыс телефоны: 24-14-01

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Молдағұлова к, 15/4 үй, 28 п.

× You found a Typo