Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімі
Мекен-жайы:Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия, 34 (№1 оқу ғимараты), 226 кабинет
Тел.:8 (7232) 540-171 (130);
E-mail: met_otd@mail.ru
Бөлім бастығы – Оразова Сән Советбековна
Құрылымдық бөлім қызметінің негізгі бағыттары:
– кафедралардың, факультеттердің оқу-әдістемелік жұмысына басшылық жасау;
– университетте әдістемелік жұмыстарды үйлестіру;
– университетте Оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;
– барлық дайындық түрлері бойынша университеттің білім беру бағдарламаларын тұрақты дамыту;
– сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау;
– оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету сапасының мониторингін ұйымдастыру;
– білім беру ұйымдарында шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды жоспарлау, сараптауды ұйымдастыру және басып шығаруға ұсыныс жасау;
– оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру бойынша озық тәжірибені жинақтау және тарату;
– білім беру ұйымдарында оқытудың жаңа технологияларын, әдістерін, құралдарын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
– оқу-әдістемелік жұмыс бойынша нормативтік құқықтық құжаттарды сараптау;
– жаңа оқу бағдарламаларын зерделеуді ұйымдастыру және оларды оқу процесіне енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
– педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, бастауыш педагогикалық қызметкерлерге оқу сабақтарын дайындауға және өткізуге, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге көмек көрсету;
– оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу.
Бөлім қызметкерлерінің тізімі:
№ | ТАӘ толығымен | Қызметі |
---|---|---|
1 | Оразова Сән Советбековна | Бөлім бастығы |
2 | Қаппасова Алтынай Еркінқызы | Әдіскер |
3 | Манжуева Айнур Жанатовна | Әдіскер |