Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМ» және «ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН БАСҚАРУ» (Әлімбетов Ү.С.)

ЭКОН.Ғ.Д., ПРОФЕССОР, ҚР ҰЛТТЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК АКАДЕМИЯСЫ КОРРЕСПОНДЕНТ-МҮШЕСІ Ү.С. ӘЛІМБЕТОВТЫҢ
«ЭКОНОМИКАЛЫҚ ІЛІМ» ЖӘНЕ «ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН БАСҚАРУ» САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІ

ҒЫЛЫМИ МЕКТЕП ТУРАЛЫ

Ғылыми мектеп жетекшісі болып Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік Академиясы корреспондент-мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Әлімбетов Үсен Сүлеймен ұлы тағайындалған.

Ғылыми мектеп мүшелері С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жоғары білікті мамандарымен ғана емес сонымен қатар Қазақстанның жеке жоғары оқу орындары және шетел мамандары болып табылады.

Ғылыми мектеп зерттеулерінде еліміздің шығысындағы әлемдік минералды-шикізатты нарық және Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысында өндірілетін барлық минералдарының қоры, өндірісі, экспорты және импорты, әлемдік саудаға қатысу келешегі түпкілікті талдауы берілген.

Зерттеулерде басымдық шикізаттық даму стратегиясын ұлттық экономиканың инновациялық жолға өту стратегиясымен толықтандыру қажеттігіне жасалған.

Мектеп авторлары жұмыстарында ресурс үнемдеу, шикізатты кешенді қолдану және өндіріс қалдықтарын толық кәдеге жарату, экологиялық таза технологияларды енгізу мәселелері қарастырылады.

Авторлық зерттеулердің өндіріске енгізілу фактілері келтіріледі, ЕЭР қолданудың ілімдік және тәжірибелік талдауы беріледі, мәселені көру, энерготехнологиялық кешендерде ЕЭР қолданудағы отандық және шетелдік кәсіпорындар тәжірибесі талданады.

Авторлардың энергия тұтыну экономикалық параметрлерін анықтау формулалары келтірілген.

Ғылыми мектепті құрудың объективті мақсатқа сайлылығы экономикадағы түпкілікті өзгерістермен анықталды. Ғылым ретінде экономикалық ілім тәжірибемен байланысты болғандықтан бұл үдерістерді қамтымауы мүмкін емес.

Қазіргі әлемнің жаңа сапалық күйге енуі фактісі де экономикалық ілім мазмұнына әсер етпей қоймайды. Қазіргі нарықтық экономика постиндустриалды неоақпараттық постмодернистік жаңа экономика деп аталатын жаңа өркениетпен алмасуда және т.б.

Қазіргі әлем экономикалық жүйелердің түрленуімен, постиндустриалды неоақпараттық білім экономикасы қоғамын құрумен, жаһандану, ақпараттандыру, компьютерлендіру, технологиялық дүмпу және т.с.с. экономикалық ілімде жеткілікті ашылмаған үдерістермен сипатталады.

Болып жатқан өзгерістер экономикалық үдерістерге жаңаша қарауды, оларды жаңа мәнмен толықтыруды талап етуде. Кеше ғана өзгермейтіндей тұрақты нарық, ақша, баға, қаржы, еңбек, экономикалық өсу, тұтыну сияқты экономикалық категориялар бүгінде ғаламдық сипатқа еніп «жаңа экономикалық ілім» қалыптастыруға шақыруда.

Экономикалық ілім бүгінде қоғамның шаруашылық өмірі туралы білім жүйесін ұсынуда, мұнда экономикалық теория «экономикалық ғылым» жүйесінің іргетасы ретінде қарастырылады.

Оның негізінде фундаменталды экономикалық ғылымдар (менеджмент, қаржы, маркетинг, экономикалық ой тарихы, экономикалық тарих және т.б.), сонымен қатар қолданбалы бөлімдер (салалар, секторлар, аймақтар, шаруашылық субъектілері, қызметтер және т.б.) дамуда.

Сондықтан да бұл мектеп жұмысына қатысу үшін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ кафедралары мамандары ған емес, осы қазіргі әлем экономика-ілімдік мәселелерін әзірлеуге қызығушылық танытқан басқа да жоғарғы оқу орындары мамандары шақырылған.

ҒЫЛЫМИ МЕКТЕП ЖЕТЕКШІСІ
ӘЛІМБЕТОВ ҮСЕН СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ

Ғылыми атағы профессор

Ғылыми дәрежесі экономика ғылымдарының докторы,
Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік Академиясы корреспондент-мүшесі

Ғылыми мектеп жетекшісі - э.ғ.д. Әлімбетов Үсен Сүлейменұлы.

1947 жылы 1 қарашада туылған.

1971 жылы В.И.Ленинатындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған.

1981 жылдан бастап экономика ғылымдарының кандидаты.

1998 жылдан бастап экономика ғылымдарының докторы.

2002-2010 жылдары С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Экономикалық ілім» кафедрасы меңгерушісі.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де 1981 жылдан бастап жұмыс жасайды. Жоғары білікті маман. Ғылыми зерттеу саласы: нарықтық экономика мәселелері және экономикалық ілімді оқытуды жетілдіру, жаңа экономика және жаһандану.

Жалпы көлемі 79,23 астам б.б.68 астам жарияланымдары бар. Соңғы 5 жылда көлемі 16,48 б.б. 22 жарияланым жасаған. Соның ішінде көлемі 20,52 шартты б.б. болатын монография.

«Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» кеуде белгісімен марапатталған, ғылыми-зерттеушілік жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін, жоғары білікті мамандар даярлаудағы еңбегі үшін білім министрі Ж. Түймебаев марапаттаған. Оның жетекшілігімен 3 ғылым кандидатыдаярланып, 12 алдын ала қорғаудан өткен, 5 докторанттың бірінші оппоненті болған. Үш жоғарғы оқу орындары 08.00.01, 08.00.05, 08.00.10. мамандықтары бойынша кандидаттық және докторлық диссертация қорғау мамандандырылған халықаралық Ғылыми кеңестерінде эксперттік кеңес төрағасы болған.

ҒЫЛЫМИ МЕКТЕП МҮШЕЛЕРІ

Ғылыми мектеп түйіні менеджмен және маркетинг кафедрасы коллективі. Кафедра меңгерушісі Қойшынова Ғ.К. (докторлық диссертация авторефератын шығарып таратқан).

Ғылыми мектеп негізін белгілі ғылым докторлары, прфессорлар, менеджмен және маркетинг басқа нақты экономикалық ғылым мамандары, сонымен бірге 08.00.01, 08.00.05, 08.00.10. мамандықтары диссертациялық кеңестері құрайды.

Осы мектеп құрамы тізімінен көріп отырғандай мектеп жұмысына Қазақстан, Ресей, Чехия, Қыргызстан (Каренов Р.С., Алимбетов А.А., Текенов У.А., Баталов Ю.В., Колос Е.А.) ЖОО ғалымдары белсенді араласуда.

Ғылыми мектептің барлық мүшелері қоғамдық бастамада, ешқандай материалды сыйақысыз жұмыс жасайды.

ҒЫЛЫМИ МЕКТЕП ШӘКІРТТЕРІ

  1. Ластаев Т. – Транспорт министрлігі департаментінің бастығы, э.ғ.к.
  2. Саутбаева Ш.Е. – э.ғ.к., С.Сейфуллин атындағы Астана агроуниверситетінің доценті
  3. Пистунова Г.Б. – э.ғ.к., Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ доценті.

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ

Қазіргі заман жалпы ілімдік экономикалық мәселелері:

  1. «Білім экономикасын» қалыптастырудың тұжырымдама негіздері.
  2. Жаһандандыру және аймақтандыру-қазіргі әлемдік экономика түрленімінің заңдылықтары.
  3. Жаһандану жағдайында шаруашылық субъектілерінің экономикалық қауіпсіздігі.
  4. Ғаламдық экономикадағы экономикалық өзгерістердің түрленімі.
  5. «Жаңа өркениет» және «болашақ экономикасы» жағдайындағы адам және жеке тұлға нано экономикалық үлгісі.
  6. «Жаңа экономика» жағдайындағы институционалды өзгерістер.
  7. Жаңа экономиканы қалыптастыру жағдайында жеке меншік көзқарасы түрленімі.
  8. Интеллектуалды рента және ой экономикасы.
  9. Жаңашылдық және кәсіпкерліктің жаңа түрлерін дамыту.
  10. Әлемдік өркениеттің демографиялық мәселелері.
  11. Қаржылық экономика.
  12. Әлемдік экономиканың жүйенің тоқырауы: түңілу, ашылу және үміттер.
  13. Аралас шаруашылық жүйелер ілімі.
  14. Дамудың постиндустриалды кезеңі жағдайында шаруашылық жүйелер қайшылығын жеңу.
  15. Қазіргі трансформациялық үдеріс жағдайындағы әлеуметтік теңсіздік.
  16. Әлсіз дамыған елдер даму экономикасы ілімі.
  17. Институционалды даму заңдылықтарын зерттеу әдістемелік негіздері.
  18. Ақпараттық экономика: артықшылықтары мен парадокстары.
  19. Жаңа жағдайдағы мемлекеттік экономиканың сапалық түрленімі тұжырымдамасы.
  20. Қоғамдық дамудың формациялық және өркениеттік қағидаттары.
  21. Желістер экономикасы
  22. Виртуалды экономика.
  23. Экономика кибернетикалық жүйе ретінде.
  24. Адамның экономикалық диалектикасы: тарих, ілім, әдістеме.
  25. Нарық жағдайында Қазақстан түсті металлургиясында екінші ретті ресурстарды қолдану және энергия үнемдеу мәселелері.
  26. Халықаралық минералды-шикізаттық нарық позициясындағы Қазақстандағы металл нарығы (оқу құралы).
  27. Нарық жағдайындағы инновациялық экономика.

Қазақстандық экономиканы қазіргі қайта жасаудың ілімдік өзекті мәселелері

  1. Жаңа ғасырдағы Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының бастапқы межелері.
  2. Қазақстан жаңа экономика жолында.
  3. Жаһандану әлеміндегі Қазақстан.
  4. Қазақстан: институционалды даму ерекшеліктері.
  5. Қазақстан экономикасының даму потенциалы.
  6. Қазақстандық экономиканың дамуының жаңа механизмі.
  7. Жаһандану жағдайындағы державалық-экономикалық саясаты.
  8. Қазақстан экономикасының дамуының институционалды шектері.
  9. Нақты экономика институционалды құрылымын жетілдіру Қазақстанның инновациялық өсу факторы ретінде.
  10. Қазақстанның аймақтық экономикасы бәсекеге қабілеттілігі.
  11. Экономика аясындағы Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік қызығушылық жүйесі.
  12. Экономика жаһандануы және Қазақстанның стратегиялық қызығушылықтары.
  13. Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы корпоративтік экономика.
  14. Қазақстандық экономика – ерекше түрдегі шаруашылық жүйесі.
  15. Инновациялық даму және Қазақстан экономикасы модернизациясы.
  16. Әлеуметтік әріптестік: әлемдік тәжірибе және Қазақстандық ерекшелік.
  17. Қазақстандағы табиғи монополиялардың трансформациялық деформациялары.
  18. Қазақстанның қоғамдық-экономикалық дамуындағы реформалар және контрреформалар.
  19. Қазақстандық шаруашылықты модернизациялау кезеңдері.
  20. Қазақстанның экономикалық құрылымы экономикалық ілім пәні ретінде.
  21. Қазақстанның экономикалық дамуы: ерекшелігі, стратегия және тарихи тәжірибесі.
  22. Ақпараттық қоғам жолындағы Қазақстандық экономика құрылымы.
  23. Постиндустриалды экономикадағы Қазақстандық мемлекеттің институционалдық саясатын қалыптастырудың әдістемелік аспектілері.
  24. Қазақстандық экономиканың дамуының жаңа дағдарыстан кейінгі үлгісі.
  25. Өмірлік қамтамасыз ету сапасы аймақтық кластерін қалыптастыру және дамыту.
  26. Қазақстан және инновациялық дамудың әлемдік тәжірибесі.
  27. Жаңа әлем және Қазақстан: экономика эволюциясы ілімі және тәжірибесі мәселелері.
  28. Әлемдік жаһандық шаруашылықтың жүйелік тоқырауы, жеңудің ұлттық үлгісі.
  29. Әлеуметтік әділеттілік – нақты тірілу мен көтерілудің шарты және негізі.
  30. Қазіргі замандағы экономиканың дамуының өзекті мәселелері – Қарағанды нарық институтымен бірге (БҰҰ тапсырысы бойынша).
  31. Қазақстан экономикасының дамуының келешегі - Перспективы развития экономики Казахстана – Қарағанды нарық институтымен бірге (Қазақстан Республикасның үкіметінің тапсырысы бойынша).

 Әлімбетов Үсен Сүлейменұлының еңбектері

Халықаралық және қазақстандық конгресспен конференцияларға қатысуы:

  1. Инновациялық даму, интеллектуалды ресурстар, білімді басқару, мемлекеттік реттеу-халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Қарағанды қ., 25 желтоқсан 2010 ж.
  2. А.З. Молдахметовтың естелігіне арналған үздіксіз кәсіби білім шарттарындағы қашықтан оқыту технологиялары-халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция,Астанақ.,2009 ж.
  3. Білімдегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар : мүмкіндіктері мен келешегі,Астанақ., 25-26 мамыр2012 ж.
  4. «Ғылым және білім - «Қазақстан – 2050»стратегиясының басты факторлары» (Сағынов оқулары № 5)Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Қарағанды қ., 20-21 маусым2013 ж.
  5. «Химия және химиялық инженерия саласындағы ғылым және жоғары білім қазіргі мәселелері» Халықаралық симпозиум, Алматы қ., 30-31 мамыр 2013 ж.

Ассоциациялардағы мүшелігі, құрметті атақтары, марапаттары

Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік Академиясы корреспондент-мүшесі. Әлімбетов Ү.С. Қазақстан Республикасы президенті Н. А. Назарбаевтың алғыс хатымен ерекшеленген. Алғыс хатта былай делінген «Сіздің сүйенішіңіз мен үшін ерекше қадірлі...». «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған, ғылыми-зерттеушілік жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін, жоғары білікті мамандар даярлаудағы еңбегі үшін білім министрі Ж. Түймебаев марапаттаған. Қазақстан Республикасы ғылым саласындағы жетістіктері үшін «Мектептің үздік түлегі» естелік медалімен марапатталған. Қазақстан Республикасы өнеркәсібі үшін жоғары білімді кадрларды даярлау және қайта даярлаудағы белсенді шығармашылық ынтымақтастығы үшін ШҚО статистика басқармасы мәртебелі мақтау қағаздарымен, Өскемен қалалық әкімшілігі жанында «Экономикалық ілім» кафедрасы филиалын ашуда Өскемен қалалық маслихатымен, қоғамдық жұмысы үшін, ШҚО халық шаруашылығы үшін кадр дайындаудағы үлесі үшін марапатталған.

Шетел тілдерін білуі:

Орыс және ағылшын тілдері.

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ

Тел.: 238767, моб. 8 (701) 712 12 21

Мекен жайы: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 48 үй, 7 пәтер.

× You found a Typo