Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ГЕРБАРНЫЙ КАБИНЕТ

КЕППЕШӨП КАБИНЕТІ

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Революционная көшесі, 2А, дәріс. 18 (№4 оқу ғимараты).
Телефон: 8 (72-32) 78-25-98.
Е-mail: vkgu.gerbari@mail.ru

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың кеппешөптер қоры еліміздегі ең көне түрінің бірі болып табылады. Онда еліміздің түкпір-түкпірінен, алыс және жақын шет елдерінен жинақталған өсімдіктер үлгілерінің 11 мыңға жуық түрі сақталады. Құрамындағы ең негізгі үлгілері Шығыс Қазақстан флорасының өсімдіктері болып табылады. Бөлмеде Алтай ботаникалық бағының, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы ботаника институтының бағалы көне үлгілері сақталған. Биология кафедрасының ғалымдары мен ботаниктерінің жұмыстарымен байланысты тарихи жинақтар аса бағалы болып саналады.

Биология кафедрасының кеппешөптер қоры тек біздің жоғары оқу орнының ғана емес, сонымен қатар еліміздің және шет елдерінің көптеген ботаниктерінің зерттеу жұмыстарында қолданылатын негіз болып табылады. Онда сақталынған кеппешөп үлгілері биология мамандығында оқитын студенттерді оқытуда қолданылады. Кеппешөп бөлмесіндегі үлгілердің ерекшелігі оның көпшілікке қолжетімді болуы.

Әлемнің кез-келген мекемесі негізгі қорға түскеннен кейін кез-келген кеппешөп қорынан кез-келген үлгіні зерттеу үшін талап ете алады. Сондықтан, кеппешөп бөлмесі үнемі басқа кеппешөп мекемелерімен өз үлгілерін айырбастап жіберіп-алып жатады. Бұндай тәжірибе ботаниканың біртұтас ғылым болуын қамтамасыз етеді. Зерттеушілерге бағдар беру үшін халықаралық, ұлттық және өңірлік анықтамалықтар құрылады. Index Herbariorum – бұл Әлем өсімдік флорасының халықаралық кадастры, онда Дүниежүзінің кеппешөптер мекемелері жайлы ақпараттар, ол мекемелердің қызметшілері туралы мәліметтер сақталады. Сондықтан, біздің кеппешөптер бөлмесі осы Халықаралық орталыққа тіркеліп, жеке – UKSPI акрониміне (Index Herbariorum сайтындағы өзінің жеке бетіне кіру коды) ие болды. Қазіргі таңда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ кеппешөп бөлмесінің. Дүниежүзінің кез-келген кеппешөптер мекемесімен жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың биология кафедрасы кеппешөптер қорымен жұмыс істеуге ынтасы бар адамдарды
№4 ғимарат (Революция көшесі, 2а) 18 дәрісханада күтеміз!

× You found a Typo