Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Ғылыми кітапхана

Ғылыми кітапхана

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30 - шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 (№1 ғимарат)
Тел.: 8 (7232) 54-04-21
Е-mail: library_dir@vkgu.kz

Кітапхана директоры – Нұралиева Перизат Күзембайқызы

Құрылымдық бөлімшелер туралы ақпарат:

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасының тарихы 1952 жылдан басталады. Бүгінде ол 1 млн. данадан астам қазақ және орыс тілдеріндегі, 25 шет тіліндегі ғылыми, оқу, көркем әдебиеттер және сирек кітаптар қорының электронды және кітап жинақтары бар жоғары оқу орындары кітапханаларының бірі.

Кітапхана қолданушыларына 300-ден астам баспа басылымдары мен 10000-нан астам электронды түрдегі ғылыми журналдар, 18000-нан астам толық мәтінді кітаптар (оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар); Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхананың (РМЭБ) виртуалды оқу залы; Springer, Cambridge University Press, баспаларының электронды кітаптары мен мерзімді басылымдары, Web of Science, Scopus аналитикалық қорлары және т.б. қол жетімді. Сондай-ақ, нормативті-құқықтық құжаттардың электронды түрлеріне және де басқа электронды қорларға еркін кіруге болады.

Кітапхананың мақтанышы, XVIIІ ғасырдан басталатын 10 мыңға жуық құжаттардан тұратын сирек кездесетін құнды әдебиеттер қоры. ШҚМУ Ғылыми кітапханасының жеке «Электронды кітапханасы» – университет оқытушыларының еңбектерін, мақалалар, диссертация авторефераттарын, оқулықтар мен оқу құралдарын, оқу-әдістемелік жинақтарды, сирек кітаптарды және т.б. жинақтайды.

Ирбис–64 автоматтандырылған кітапханалық жүйесі - өз қолданушыларына Қазақстан мен Ресейдің ең озық университеттерінің студенттері мен оқытушылары қолданатын барлық қызметтерді, соның ішінде ақпаратты іздеудің бірегей мүмкіндіктерін ұсынады.

ШҚМУ Ғылыми кітапханасы Шығыс Қазақстан оқу орындары кітапханаларының әдістемелік орталығы болып табылады. Ол ақпараттық-кітапханалық қызметтің барлық бағыты бойынша конференциялар мен семинарлар ұйымдастырады және өткізеді; қолданушыларға ақпараттық-кітапханалық қызметтің сапасын жоғарылатуға ықпал ететін жаңа инновациялық технологияларды айқындайды, үйренеді және енгізеді; мамандардың кәсіби деңгейін белсенді арттыруға атсалысады.

Кітапхананың қызмет көрсету бөлімдерінің құрылымы:

  • Ғылыми әдебиеттер абонементі (№1 оқу ғимарат, 103 бөлме., тел. 54-04-21);
  • Көркем әдебиеттер және өнер абонементі, (№1 оқу ғимарат, 107 бөлме.);
  • Қазақ тіліндегі әдебиеттер абонементі, (№1 оқу ғимарат, 107 бөлме);
  • Бағалы және сирек кездесетін әдебиеттер оқу залы, (№1 оқу ғимарат, 229 бөлме);
  • Оқу әдебиеттері кітапханасы- (Студенттер қалашығы, №3 студенттер үйі, 1 қабат, т.54-02-46);
  • Студенттер оқу залы (№1 оқу ғимарат, 303 бөлме);
  • Ғылыми ақпарат оқу залы (№1 оқу ғимарат, 229 бөлме);
  • Мерзімдік басылымдар оқу залы (№1 оқу ғимарат 101 бөлме);
  • Техникалық әдебиеттер оқу залы (№7 ғимарат);
  • №2 оқу ғимаратының оқу залы;
  • №9 оқу ғимаратының оқу залы;
  • №3 оқу ғимаратының оқу залы;
  • №4 оқу ғимаратының оқу залы;

Бөлімше басшыларының тізімі:

  • Жинақтау, құжаттарды өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі – Байбусинова Кульжанат Сапарқызы
  • Оқырмандарға қызмет көрсету және қорларды сақтау бөлімінің меңгерушісі – Хасенова Светлана Валерьевна
  • Ақпараттық-библиографиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі – Ершова Любовь Петровна
  • Кітапханалық-ақпараттық үрдістерді автоматтандыружәне әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі – Самойлова Светлана Юрьевна
  • Оқу әдебиеттері бөлімінің меңгерушісі – Ибраева Мақпал Камадияровна
× You found a Typo