Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Халықпен жұмыс

Сайттың құрметті қонақтары!

Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі "Халықпен жұмыс" бөлімінде университет көрсететін қызметтерге қатысты өтініштер үлгілерін орналастырды. Университет заңды және заңды емес тұлғалардан төменде көрсетілген әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша өтініштер қабылдайды:

  1. Жұмысқа қабылдану және жұмыстан шығу туралы нақты мәліметтер көрсетілген еңбек өтілін растау үшін өтініш қабылдау (еңбек кітапшасының, жеке бас куәлігінің көшірмелерін міндетті түрде беру қажет).
  2. Оқыған уақыты, мамандық атауы туралы нақты мәліметтер көрсетілген оқуды растау үшін өтініш қабылдау (дипломның, жеке бас куәлігінің көшірмелерін міндетті түрде беру қажет).
  3. Еңбекақы туралы анықтама беруге өтініш қабылдау (аударылған зейнетақы төлемдері туралы ХҚО орталығынан жазбаны, еңбек кітапшасының, жеке бас куәлігінің көшірмелерін міндетті түрде беру қажет).
  4. ҚР басқа жоосына оқуға қайта қабылдану үшін академиялық анықтама беруге өтініш қабылдау (жеке бас куәлігінің көшірмесін міндетті түрде беру қажет).
  5. Жоғары/техникалық және кәсіби білім алу туралы диплом қосымшасын  (сынақ-емтихан ведомосынан жазбаны) беруге өтініш қабылдау (дипломның, жеке бас куәлігінің көшірмелерін міндетті түрде беру қажет).

Қазақстан Республикасының "Заңды және заңды емес тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы" Заңына сәйкес сұрақтың мәні толық түрде көрсетілмеген өтініштер қарастырылмайды. 

Егер азамат қызығушылық танытқан басқа тұлғаның тапсырмасы бойынша өтініш жасаса, онда ол нотариуспен расталған сенімхат беруі тиіс.

× You found a Typo