Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

История возникновения и развития гербарного кабинета

БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ КЕППЕШӨПТЕР БӨЛМЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ

ШҚМУ негізінде кеппешөптер қорының құрылуы Өскемен педагогикалық институтында 1952 жылы жаратылыстану кафедрасының пайда болуымен байланысты.

1954-1958 жылдары өсімдіктердің жинау және кеппешөп ретінде сақтауға үлестерін қосқан ғалымдар: Леонова Надежда Матвеевна, Клур Абрам Михайлович, Елистратова Татьяна Семеновна, Шестакова Галина Александровна, Паюнина Эмма Ивановна, Михельсон Олег Александрович және Михельсон Елена Григорьевна.

Алғашқы кеппешөп жиынтықтары негізінен Шығыс Қазақстан облысына жасалған экскурсиялардан жиналған өсімдіктерден құралған. Кафедра оқытушылары О.А. Михельсон жетекшілігімен Халықаралық ұйымға тіркелген кеппешөптерді жүйеледі.

1962 жылы ботаника кафедрасы «ботаника және ауылшаруашылығы» кафедрасынан жеке дара болып бөлініп шыққан кезде баға жетпес кеппешөп материалдары жинақталды. Кафедра оқытушылары облыстың әр аймағынан жабайы өсетін жоғары сатыдағы өсімдіктерді жинау және анықтау мақсатымен «Шығыс Қазақстанның флорасы және өсімдіктері» тақырыбында ғылыми жұмыстар жүргізді. Бұл зерттеулерді: Щербакова Лилия Ивановна, Снегирев Виктор Афанасьевич, Михельсон Олег Александрович, Елистратова Татьяна Семеновна, Кузнецова Гера Григорьевна және басқа да оқытушылар жүргізді. Е.Г. Михельсон «Тұқымды жабайы өсетін өсімдіктер жамылғысының флористикалық құрамы» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Михельсон және О.А. Михельсон кафедраның кеппешөптермен жұмысына қажетті «ШҚО-ның жоғары сатыдағы жабайы өсетін өсімдіктерінің флористикалық құрамы» атты картотеканы құрады.

Э.И. Паюнина «Оңтүстік-батыс Алтайдың бұталы далалары», «Шығыс Қазақстанның индикаторлы фитоценозы, олардың флористикалық құрамы және экологиясы» атты тақырыптарда ғылыми жұмыстар жүргізіп, олардың негізінде 10-нан астам кеппешөптер туралы ақпараттары бар жұмыстары басылып шықты. 1969 жылдың далалық кезеңі кезінде Эмма Ивановна Шығыс Қазақстаннң өсімдіктер жамылғысы мен флорасының геоботаникалық және биохимиялық зерттеулерін жүргізіп, 1800 кеппешөп үлгісін дайындаған.

2000 жылдан бастап кафедраның оқытушылары, магистранттары мен студенттерінің облыс аумағында жүргізген ізденістері нәтижесінде кеппешөптер үлгісінің саны толықтырылды. 2000-2006 жылдар аралығында кафедрада ғылыми зерттеулер әртүрлі өзекті тақырыптарда, оның ішінде – «Шығыс Қазақстан облысының өсімдіктер дүниесі, өсімдіктер ресурстарын оңтайлы қолдану» тақырыбында жүргізілді. Бұл жұмыстар негізінде көптеген кеппешөптер үлгілері дайындалды.

2002-2006 жылдар аралығында биология ғылымының кандидаты, доцент Мырзағалиева Анар Базарқызы Қазақстанның Ботаника және фитоинтродукция институты жетекшілігімен жүргізілген республикалық «Шаруашылыққа Қазақстан Республикасының фармацевтикалық шаруашылығын дамыту мақсатында бірегей фитопрепараттарды енгізу және дамыту» тақырыбындағы ғылыми-техникалық бағдарлама негізінде орасан зор еңбек етті. Бағдарламаның ғылыми жетекшісі - биология ғылымдарының докторы, академик, профессор, ҚР-ның құрметті ғылым қайраткері – И.О. Байтулин болып табылады. 2006-2008 жылдары б.ғ.к., доцент А.Б. Мырзағалиева жетекшілігімен «Шығыс Қазақстанның дәрілік өсімдіктерінің викарлы түрлерінің ресурстарын зерттеу және олардың қопасын қолданудың ғылыми негіздерін әзірлеу» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, кеппешөптер үлгілері жиналып, бұл жұмысқа кафедра аспиранты А.М. Омарова және магистранты А.А. Қонақбаева тартылды.

Сыбанбеков Куаныш Жунесканович

Кеппешөптер қорына облыстың әртүрлі аймақтарынан жиналған үлгілерін биология кафедрасының қызметкерлері - Щербакова Лилия Ивановня, Сыбанбеков Қуаныш Жүнесқанұлы, Снегирев Виктор Афанасьевич, Шәріпхана Анаргүл Сайлаубекқызы, Игісінова Жамал Тұрсынғожақызы, Мырзағалиева Анар Базарқызы табыс етті.

Кеппешөптер үлгілерінің артуына кафедра ұйымдастырған оқу-тәжірибелік аймақтарда өтетін студенттерге арналған оқу-далалық іс-тәжірибелер үлкен септігін тигізді. Бұл секілді жұмыстар Самар ауданының Қайыңды орманында, Монастырь аралында, Таулы Үлбіде, «Сібе» демалу базасында, Ұлан ауданының Шыбындыкөл өзені маңайында жүргізілді.

1985 жылдан бастап тәжірибелер жүргізу және кеппешөптерді жинау базалары қатарына агробиологиялық «Панкратьев бағы» қосылды. 2006 жылы Панкратьев бағында ШҚО Әкімдігі, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ мен биология кафедрасы «Облыс абыройы – Панкратьев бағына 100 жыл» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Оның қорытындысы бойынша баққа С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Г. Вистениус - Д.Панкратьев атындағы оқу далалық іс-тәжірибе орталығы» атауы берілді.

2007 жылдан бастап кеппешөптер бөлмесіне жаңа талаптарға сай сөрелер қойылып, кеппешөп үлгілері жаңаша жүйеленіп, жоғалтылған үлгілері қалпына келтіріліп, санын толықтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

× You found a Typo