Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері: Абайтану және Әуезовтану

ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР А.М. КАРТАЕВАНЫҢ «ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: АБАЙТАНУ ЖӘНЕ ӘУЕЗОВТАНУ» ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІ

ҒЫЛЫМИ МЕКТЕП ТУРАЛЫ

«Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері: абайтану және әуезовтану» ғылыми мектебі 2002 жылдан бері жұмыс істеуде. Ғылыми мектептің негізгі мақсаты Қазақтандағы ғылым мен білімнің дамуына Еліміздің интеллектуалдық әлеуеті басымдылығына сәйкес келеді. Сондай-ақ мектеп облысымызың оқу, білім орындарына және С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлайды. Ғылыми мектеп республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, әдеби-ғылыми іс-шаралар өткізіп тұрады.

ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТІҢ ЖЕТЕКШІСІ КАРТАЕВА АЙЖАН МАРАТБЕКҚЫЗЫ

Ғылыми атағы: қауымдастырылған профессор

Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының докторы

Ғылыми мектеп жетекшісі – ф.ғ.д., қауым. проф., Картаева Айжан Маратбековна, 23 ақпан 1975 жылы туған.

1996 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1998 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірген.

1998 жылдан бері С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да еңбек етеді.

2002 жылдан бастап филология ғылымдарының кандидаты.

2011 жылдан бастап филология ғылымдарының докторы.

2018 жылдан бастап «Әдебиеттану» мамандығы бойынша Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен бекітілген қауымдастырылған профессор.

2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының меңгерушісі.

Жоғары білікті маман. Филология және журналистика мамандықтарында Абайтану, Қазіргі қазақ әдебиеті, Қазақ әдебиеті сынының тарихы, Әдебиет тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері, Әдебиеттанудың өзекті мәселелері, Әдеби өлкетану және т.б. негізгі пәндерден дәріс оқиды.

Ғылыми зерттеу саласы – қазақ әдебиеті, абайтану, әуезовтану, әдеби өлкетану.

250-ден астам ғылыми, оқу-әдістемелік еңбектердің авторы. Соңғы 5 жылда 80-нен астам еңбегі жарық көрді.

Ғылыми жұмыспен белсене араласқан А.Картаеваға 2006-2008 жылдары ҚР БҒМ ғылымды дамытуда зор үлес қосқаны үшін, ғылыми мәселелерді шешуге арналған зерттеулерге белсенді қатысқаны үшін ҚР БҒМ талантты жас ғалымдар стипендиясы тағайындалды.

Білім мен ғылымды дамытудағы сіңірген еңбегі үшін төмендегі марапаттар мен атақтарға ие болды:

  • «С.Аманжолов атындағы ШҚМУ 2011 жылдың үздік оқытушысы» Өскемен, 2011.
  • «2012 жылдың ЖОО үздік оқытушысы» ҚР Білім және ғылым министрлігі. Астана, 2012.
  • Қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы іргелі зерттеулері үшін Европаның алтын медалімен марапатталған. DIPLOM DI MERITO Москва, 2013.
  • Университет жылнамасы беттеріне қосқан қомақты үлесі үшін «Университет мақтанышы» құрмет белгісімен (2012), .
  • Жоғары оқу орнымыздың дамуына қосқан қомақты үлесі үшін «Университеттің құрметті докторы» төсбелгісімен (2013) марапатталған.

ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТІҢ ТҮЛЕКТЕРІ

  1. Құрманова Ж.С. – филология ғылымдарының кандидаты, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Ғылыми-жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі.
  2. Байзолдина Ж. – филология магистрі, ҚАЕУ оқытушысы.
  3. Асылханова К. – филология магистрі, Астана қ. «Мемқалақұрылыскадастры» РМК жетекші маманы.
  4. Құрманғалиева Г. – филология магистрі, ШҚО Тілдер басқармасы Лингвистикалық орталығының маманы.
  5. Зияданова Г. – филология магистрі, № 32 орта мектептің мұғалімі.
  6. Актасова Р.О. – филология магистрі, ҚАЕУ оқытушысы.
  7. Тургумбаева Н. - филология магистрі, ҚАЕУ оқытушысы.
  8. Смайыл А. - филология магистрі, ҚАЕУ оқытушысы.
  9. Әділет Н. - филология магистрі, Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің референті.
  10. Лұқсанов М.Қ.- филология магистрі, Ішкі Істер бөлімінің полиция қызметкері.
  11. Мұхаметқазина А.Д. - филология магистрі, «Арман» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі.
  12. Қайырбаева А.М. - филология магистрі, № 27 орта мектебінің мұғалімі
  13. Жолжақсынова А. - филология магистрі, Қазақ «Білім-Инновация» лицейінің мұғалімі.
  14. Сарсемгалиева Д.О. - филология магистрі, Таврия мектебінің мұғалімі
  15. Алдебаева Ж.З. - филология магистрі, ДБА Жамбыл атындағы ОМ мектеп-гимназия-интернатының мұғалімі.
  16. Апышева К.А. - филология магистрі, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы.
  17. Барбосынова Қ.Т. - филология магистрі, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы.
  18. Молдашева Ш.Ж. - филология магистрі, ШҚО бойынша сот сараптамалары институтының маманы.
  19. Нұратаева І.- филология магистрі, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі.

ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТІҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ

  1. Абайтанудың жаңа бағыттары;
  2. Әуезовтану тарихы;
  3. Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері;
  4. Әдеби өлкетану.

Ассоциациялардағы мүшелік, құрметті атақтары, марапаттары:

ҚР БжҒМ Абай ат. ҚазҰПУ жанындағы РОӘК «Білім» тобындағы Оқу-әдістемелік бірлестігінің мүшесі (10.11.2015).

Қала әкімінің алғыс хаттарымен, Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының, ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, Қалалық білім беру бөлімінің, Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхананың, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университеті ректорының алғыс хаттарымен марапатталған.

Білетін шет тілдері:

Ағылшын тілі А2 деңгейінде

БАЙЛАНЫС АҚПАРАТТАРЫ:

Жұмыс телефоны: 280-200

Электрондық почта: kartaeva2011@mail.ru

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Сәтбаев даңғылы, 4 үй, 13 п.

× You found a Typo