Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Компьютерлік мехатроника» білім берубағдараламасы

"КОМПЬЮТЕРЛІК МЕХАТРОНИКА"

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТҮЙІНДЕМЕСІ

Оқу мерзімі: 4 жыл орта білім негізінде

«Компьютерлік мехатроника» білім берубағдараламасы түлектерінің квалификациясы: «Білім беру робототехникасы», «Робототехникалық жүйелерді компьютерлік модельдеу» траекториялары бойынша жаратылыстану бакалавры.

Білім беру бағдарламасының мақсаттары: базалық физика-механикалық және практикалық-бағытталған техникалық үрдістері бірлескен білім беру мекемелері мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың тапсырыстары бойынша робототехникалық жүйелерді дамыту шеңберінде компьютерлік технологиялар саласындағы құзыреттілігі бар ғылыми-жаратылыстану кадрларын даярлау.

Кәсіби қызмет саласы: компьютерлік модельдеу, зерттеу, робототехникалық жүйелермен басқару.

Білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызмет нысандары: ақпараттық және сенсорлық, атқарушы және басқару модульдерін, олардың математикалық, алгоритмдік және бағдарламалық қамтамасыз етуін, жобалау, модельдеу, эксперименталды зерттеу әдістері мен құралдарын біріктіретін мехатроникалық және робототехникалық жүйелер.

Білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызметінің түрлері:

  • ғылыми-зерттеу;
  • жобалық-конструкторлық;
  • ұйымдық-басқарушылық;
  • аналитикалық.

"Компьютерлік мехатроника" білім беру бағдарламасын іске асыруға қатысатын профессорлық-оқытушылық құрамы: к. ф.-м.н. Ерболатулы Д., т.ғ.к. Жантасова Ж.З., т.ғ.к. Сыздықпаева А.Р., т.ғ.к. Мадияров М.А., PhD докторы Тлебадинова А.С., Нугуманова А.Б., Өскемен қаласының өндірістік және бизнес мекемелері мен Назарбаев Зияткерлік мектебі зертханаларының қызметкерлері және т. б.

Оқытушылардың отандық және шетелдік ғылыми журналдарда, республикалық және халықаралық конференциялар жинақтарында жарияланымдары бар, Қазақстандық немесе шетелдік орталықтарында біліктілігін арттыру курстарынан өткен.

× You found a Typo