Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Компьютерлік мехатроника

Шифр – Мамандығы Компьютерлік мехатроника
Мамандықтың мақсаты мен міндеттері

Компьютерлік мехатроника мамандығының негізгі мақсаты компьютерлік технологиялар саласындағы білім беру мекемелері мен өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін робототехникалық жүйелерді дамыту негізінде іргелі физика-механикалық және тәжірибелік-бағытталған техникалық процестерді интеграциялау негізінде еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие түлектерді дайындау болып табылады. Компьютерлік мехатроника мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының бакалаврын дайындау білім беру бағдарламасының міндеттері:

  • жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру;
  • экологиялық, физикалық, этикалық, құқықтық мәдениет пен ойлау мәдениетін қалыптастыру;
  • жаратылыстану ғылымдарының бакалаврының тілдік даярлығы;
  • кәсіби пәндерді игеруге қажетті іргелі білімдерді қалыптастыру;
  • кәсіби іс-әрекетте қажетті негізгі білім, білік, дағды мен құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Біліктілік сипаттамасы

Мамандықтың кәсіби іс-әрекет ету салалары: өнеркәсіп, ғылым, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы. Кәсіптік қызмет объектілері: адам қызметінің түрлі салаларында өндірістік процестерді мехатрондық, робототехникалық жүйелерді және сенсорлық, бағдарламалық және аппараттық құралдарды автоматтандыруды дамытатын, енгізетін және пайдаланатын әртүрлі нысандардағы кәсіпорындар және ұйымдар.

Бітірушілердің кәсіптік қызмет субъектілері автоматтандырылған басқару жүйелерін, әртүрлі процестерді және мехатрондық және роботтық объектілерін жобалау, әзірлеу, енгізу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану технологияларын қоса алғанда математикалық, ақпараттық, бағдарламалық, техникалық және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету болып табылады. Мамандық бағдарламасы білім беру қызметін жүзеге асырумен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік береді.

Білім беру траекториясы

Білім беру саласындағы робототехника

Робототехникалық жүйелерді компьютерлік үлгілеу

Білім беру траекториясының бірегейлігі

«Білім беру саласындағы робототехника»:

  • бұл траекторияның түлектері бірегей оқыту курстарын, бағдарламалық тренажерларды әзірлеуші мамандары ретінде даярланады;

«Қолданбалы бағдарламалау»:

  • бұл траекторияның түлектері мехатрондық жүйелерді, роботтық кешендерді жобалаушы мамандары ретінде даярланады.

Әрбір траектория бойынша оқытудың нәтижелері

«Білім беру саласындағы робототехника» траекториясы:

Оқыту нәтижесінде түлек білуі қажет:

  • конструкцияның құрылымы мен негізгі кезеңдерін;
  • жобалау құжаттамасының бірыңғай жүйесін; заманауи автоматтандырылған жобалау жүйелерін;
  • роботтандырғыш құрылғыларды құрудың теориялық негіздерін;
  • құрастырылған құрылғының элементтік базасын; роботтың механикалық компоненттерінің электрондық құрылғылармен өзара әрекеттесу тәртібін;
  • роботтық құралдардың әрекет ету бағдарламасының алгоритмін құру тәртібін.

Оқыту нәтижесінде түлек меңгеруі қажет:

  • роботтотехникалық құралдарды жинау; робототехникалық құралдар үшін бағдарламалар жасау;
  • жекелеген қосалқы тапсырмаларды, қосалқы жобаларды іске асыруда өзара қарым-қатынас құрылымын қалыптастыру;
  • бірегей оқыту курстарын, бағдарламалық тренажерларды әзірлеу және енгізу.

Оқыту нәтижесінде түлек дағдыларға ие болуы қажет:

  • мехатрондық жүйелердің элементтерін енгізудің техникалық және экономикалық тиімділігін есептеу дағдылары;
  • компьютерлік жүйелерде жобалау жұмыстары дағдысы;
  • пәндік салада жүйелік талдау әдісі;
  • ақпараттық жүйелердегі аппараттық және бағдарламалық-аппараттық жүйелерімен жұмыс істеу.

«Робототехникалық жүйелерді компьютерлік үлгілеу» траекториясы:

Оқыту нәтижесінде түлек білуі қажет:

  • мехатрондық жүйелердің құрамдас бөлігі бойынша математикалық үлгілерді құрудың негізгі принциптері мен әдістері;
  • компьютерлік және робототехникалық жүйелерді жобалау үшін математикалық модельдер, әдістер, тәсілдер мен технологияларды;
  • компьютерлік техниканың, ақпараттық коммуникациялардың және байланыс құралдарының жұмыс істеуінің негізгі принциптерін;
  • техникалық құжаттаманы дайындау ережелерін.

Оқыту нәтижесінде түлек меңгеруі қажет:

  • әртүрлі мехатрондық жүйелердің құрамдас бөліктерінің математикалық үлгілерін құру;
  • мехатрондық жүйелердің құрамдас бөліктерінің үлгілерін зерттеу, объектінің жұмыс қабілеттілігі мен сипаттамалары туралы қорытынды жасау және талдау жасау;
  • эскиздер мен жұмыс сызбаларын әзірлеу;
  • графикалық техникалық құжаттаманы әзірлеу.

Оқыту нәтижесінде түлек дағдыларға ие болуы қажет:

  • мехатрондық, робототехникалық жүйелерді модельдеу бағдарламаларын құру және практикалық қолдану.
Мамандық түлектерінің білім деңгейіне қойылатын талаптар
(Дублиндік дескрипторлар негізінде)

Түлектердің осы мамандық бойынша білім деңгейіне қойылатын талаптары келесі құзыреттіліктер арқылы беріледі:

  1. Арнайы құзіреттілік – пәндік, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және әлеуметтік-гуманитарлық білім, білік, дағдылар жүйесін иелену, өзінің кәсіби дамуын жүзеге асыру қабілеті.
  2. Қатынастық құзіреттілік – басқа адамдармен қажетті байланыстарды орнату және қолдауды үзбеу қабілеті, емін-еркін қатынасу, түсінікті болу, т.б.
  3. Ақпараттық құзіреттілік – ақпараттық технологияларды қолдану, ақпараттың барлық түрлерімен жұмыс жасау қабілеті; қажет ақпаратты өз бетінше іздей, талдай, таңдай алу, оны құра, түрлендіре, сақтай және жеткізе алу.
  4. Зияткерлік құзіреттілік – аналитикалық ойлау және өз міндеттерін орындауға кешенді қарау қабілеті; тұлғалық өзін-өзі көрсету мен өзін-өзі дамыту амалдарын, тұлғаның кәсіби деформациясына қарсы тұру тәсілдерін иелену.
  5. Әлеуметтік құзіреттілік – әлеуметтік өзара әрекеттестікте қалыптасу мен өмір сүрі қабілеті: өзгеру және бейімделу; рационалды және жауапты дискуссия мен басқалармен келісімге қол жеткізу; кәсіби бірлестікте қатынастарды қолдау, өзінің кәсіби еңбегінің нәтижелеріне әлеуметтік жауапкершілікті алу.
  6. Жеке құзіреттілік – тұлғаның өзінің даму мүмкіншілігін, мамандығы мен қоғамдық өмірдегі талап-шектеулерді анықтау, түсіну және бағалау қабілеті; өзінің дарындылығын көрсету, өзінің өмірлік жоспарларын құру және дамыту, физикалық, рухани және интеллектуалды өздігінен даму, эмоционалды өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қолдау тәсілдерін меңгеру, өз жұмысының нәтижелерін жақсартуға, өзінің жеке тұлғалық айрықшалықтары мен кәсіби-психологиялық әлеуеті есебінен еңбек тиімділігін арттыруға дайын болу және қабілетті болу, өзі туралы, өзінің қасиеттері, артықшылықтары, сұраныстары, мақсаттары, себеп-түрткілері, құндылықтық бағдарлары туралы адекватты түсінігінің болуы.
× You found a Typo