Қосымша кәсіптік білім беру институтының «G-GLOBAL» алаңындағы экономикалық және құқықтық зерттеу орталығы
Орталық туралы жалпы ақпарат
Алимбетов Усен Сулейменович
Доктор экономических наук
Профессор
член-корреспондент Национальной инженерной академии Республики Казахстан,
Действительный член Академии экономических наук Казахстана
«G-Global» алаңындағы экономикалық және құқықтық зерттеу орталығы экономикалық және әлеуметтік дамудың, заң шығару және құқыққолданудың өзекті мәселелері бойынша теориялық және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады.
Орталық қызметінің мақсаты мен міндеттері
Орталық жұмысының негізгі мақсаты – жас мамандарды сапалы дайындау және ғылымды дамытуға білікті кадрларды тарту, жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімнің барлық деңгейінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін ықпалдастыру, экономика мен құқық саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру, жоғарғы оқу орындары арасындағы және өзара тәртіптік ықпалдастыруды ұйымдастыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Ғылыми қызмет саласындағы міндеттері:
- ғылыми зерттеулерді, экономика мен құқық және тағы да басқа білім салаларындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізу;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы орындау және факультет кафедраларының ПОҚ ғылыми әлеуетін тарта отырып экономикалық және заңтану бағыттары бойынша өңірлік және республикалық бағдарламаларға қатысу;
- орталық жұмысының зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу саласында халықаралық және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту;
- экономика мен құқық саласындағы отандық және щетелдік тәжірибені зерттеу.
Білім беру саласындағы міндеттері:
- ЖОО-ның оқу-тәрбиелік процесін әдістемелік қамтамасыз ету;
- эаңды және жеке тұлғалардың тапсырысы бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, біліктілікті арттыру курстарын, тағылымдамалар өткізу;
- орталық тематикасы бойынша студенттердің, бакалаврлардың, магистранттар дайындығының тәжірибеге бағыттылығын арттыру;
- зерттеу нәтижелерін тәжірибе мен оқу үрдісіне енгізу;
- Мемлекеттік білім стандарттары негізінде жоғарғы білім және ЖОО кейінгі кәсіби білім бағдарламаларын жетілдіру, ЖОО-ның, басқа да мекемелер мен ұйымдардың ПОҚ біліктілігін арттыру және қайта даярлау.
Кеңес беру қызметі саласындағы міндеттері:
- экономика мен құқық мәселелері бойынша ғылыми, әдістемелік, сараптамалық және кеңес беру қызметтерін көрсету;
- экономика мен құқық мәселелері бойынша инновациялық зерттемелерді басып шығару.
Орталық функциялары мен қызметінің негізгі бағыттары
Орталықтың ғылыми-зерттеу, білім беру және басқа да қызметтерін ұйымдастыру мақсатында келесі функцияларды орындайды:
- Ғылым, білім, мемлекеттік билік органдары және бизнес-қоғамдастықдардың өзара байланыс жүйесін нығайту арқылы болашақ кадрлар әлеуетін қалыптастыру.
- Экономика мен құқық саласында ғылыми мектеп құру, сонымен қатар оның негізінде сәйкесті бағыт пен бейін бойынша мамандарды, бакалаврларды, магистаранттарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша ғылыми-зерттеу, әдістемелік және білім беру қызметін ұйымдастыру.
- ЖОО аралық, факультет аралық және кафедра аралық республика, өңір, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Біріңғай экономикалық аймақ, Еуразиялық экономикалық одақ шегінде экономика мен құқық саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметтерді ықпалдастыруды іске асыру.
- Экономика және құқық бағыттары бойынша сабақтас бағдарламалар мен әдістемелік нұсқамаларды әзірлеу және оқу үрдісіне енгізу.
- Экономикалық және әлеуметтік дамудың, заң шығарушылық және заң шығару қызметінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізу.
- Ғылыми іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру: ғылым, бизнес және билік өкілдерінің қатысуымен конференциялар, форумдар, дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар өткізу.
- ЖОО-мен жасалған келісімшарттар негізінде мақсатты өңірлік бағдарламалар, мемлекеттік ғылыми бағдарламалар аясында ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру жұмыстарын ұйымдастыру, орындау және өткізу.
- Баспа қызметіне қатысу (экономика мен құқықтың өзекті мәселелері бойынша заңнамаға берілген ғылыми-тәжірибелік түсініктер, ғылыми мақалалар жинағын, ғылыми-ақпараттық, ғылыми-тәжірибелік, оқулық, монографиялық және және басқа да жұмыстарды басып шығару).
- Орталық қызметін БАҚ және интернет ресурстарға шығару арқылы дәріптеу.
- Экономика және құқық, т.б. білім беру салаларында щаруашылық келісімдік жұмыстарды жүргізу.
- Ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру және инновациялық қызмет нәтижелерін коммерциализациялау;
- Эксперттік-құқықтық қызметті жүргізу деятельности (заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің жобаларына эксперттік-құқықтық қорытындыларды әзірлеу, сонымен қатар қолданыстағы заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің құқықтық сараптамасы);
- Ғылыми мекемелер мен ұйымдармен байланыстарды кеңейту.