Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Көзқарас

Көзқарас

Ресейдің БАК доценті, Кемеров мемлекеттік университетінің және Новокузнецк Институты-Гета Максим Ростиславович филиалының өкілі

2017 жылдың 22 қаңтарынан 3 ақпан аралығында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университет әкімшілігінің, қылмыстық құқық және қылмыстық үрдіс кафедрасының шақыруымен, мен Өскемен қаласына келдім. Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру аясында, ШҚМУ-нің студенттері мен магистранттарына «Қылмыстық құқық» пәні бойынша дәрістер оқытылды.

Студенттер қылмыстық-құқықтық тәртіптің мәселелерін және берілген саланың мүмкіншілік даму жолдары жайында дәрістерге зейіндерін қойып тыңдап, қазығушылық таныта отырып, менімен бірге талқылады. Студенттер Кемеров мемлекеттік университетінің ғылыми конференциясына қатысуға ұсынылды, кейбір ғылыми жұмыстардың тақырыптары тұжырымдалды.

Алғыс білдіргім келеді, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің әкімшілігіне, Халықаралық ынтымақтастық бөліміне және заң ғылымдарының докторы, қылмыстық құқық және үдеріс кафедрасының меңгерушісі К.Х. Рахимбердинге осы оқу курсын өткізу мүмкіншілігін бергеніне, жайлы жол жүрісіне және менің университет қабырғаларында жұмыс істеуіме өте қолайлы жағдайлар жасағаны үшін.

(Дэниел Бэлласт, Пурдью университетінің (АҚШ) түлегі, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ магистратурасының түлегі, ҚАЕУ-дің халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті, АҚШ азаматы).

«Менің Шығыс Қазақстандағы жұмысым Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінен басталды. Мен ШҚМУ-дың бас ғимаратында еңбек еттім, магистратурасында оқып, қазақ филологиясының магистрі дәрежесін алып шықтым, ШҚМУ жатақханасында тұрдым. Мұның бәрі мен үшін ерекше сағынышты естеліктер...)

Ким Ми Хянг, Пусан ұлттық университетінің еріктісі (Корея Республикасы)

«Сіздердің оқу орындарыңызда еңбек ету мен үшін үлкен мәртебе! Кәріс тіліне деген студенттердің қызығушылығын арттыруға сәл де болса өз үлесімді қосамын деп үміттенемін».

Санджай Гарг, Қазақстандағы Үндістан елшілігінің бірінші хатшысы, Свами Вивекананд атындағы мәдени орталықтың директоры

«Университеттеріңізбен танысу маған үшін ерекше әсер етті, оқу орнының жеткен жетістіктері өте мол екен. Меніңше, өзге университеттер ШҚМУ-дан үлгі алуы тиіс. Біз алдағы уақытта сіздермен бірлесе жұмыс істеуге мүдделіміз»

Абульфаз Давуд оглы Сүлейманов, әлеуметтану ғылымының докторы, профессор, Үскідар университеті әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі (Ыстамбұл, Түркия)

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қарқынды дамып келеді, жаңашылдықтары жетерлік. Екі ел арасында қалыптасқан ынтымақтастық ғылым және білім саласының өркендеуіне жол ашып отыр.
Мен әлеуметтік психология бойынша дәрістер оқыдым. Әлемдегі өзекті деген жалғыздық, зорлық-зомбылық мәселелеріне, сонымен қатар жасанды интеллект тақырыбына ерекше назар аудардым. Сондай-ақ, Түркиямен онлайн байланыс жасап, дефектология, ми қызметі, психиатрия, этникалық психология салалары бойынша ғалымдардың дәрістерін тыңдатқыздым. Мұнымен қоса, әлеуметтік және қамқоршылық жұмыс пробеламаларын қарастырдық.
Мен алдағы уақатта Өскеменге тағы келіп, ШҚМУ білімгерлеріне дәріс беруге мүдделімін. Сонымен қатар, ШҚМУ-дағы әріптестерімен бірлесе ғылыми зерттеулер жүргізуді де көздеп отырмын.
Мұнда достарым өте көп. Өскемен – шағын болса да, тіршілігі қайнап жатқан шаһар. Халқы жайлы, ілтипатты, үнемі көмек көрсетіп жіберуге әзір. Маған этноауыл керемет ұнады. Төрт сағат жүріп араладым. Бірегей жоба екен. Өңірде тұратын түрлі ұлттардың тұрмысы мен тарихын танып шығасын. Сол жерде телефоным арқылы Түркиядағы таныстарыма трансляция да жасап, бәрін көрсеттім. Мұндай мұражайды мен тек Лондонда көргем.

М.Ю. Спирина, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, экономика және құқық Аймақтық институтының тарих ғылымдарының кандидаты (Санкт-Петербург қ, Ресей)

Мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ға "Дәстүрлі мәдениет және заманауи қоғам" және "Заманауи қоғамдағы дәстүрлі мәдениеттің алатын орны" мәселелері бойынша дәріс оқуға арнайы келдім.

Университеттің профессорлық-оқытушылар құрамымен таныспын, өйткені ынтымақтастық туралы келісім бар. Қызметкерлер бұрында бізге ғылыми мақалалар жіберетін, біз оларды жариялаймыз. Сол себепті бұл жаққа келерде, мен көп нәрседен хабардар болдым.

Айту керек, студенттер мен үшін өте жақсы пікір қалыптастырды. Халықаралық байланыс бөліміне және журналистика, әлеуметтік-гуманитарлық кафедраға және студенттерге алғыс білдіргім келеді.

Марко Саркьяпоне, халықаралық сарапшы, профессор (Италия)

Жарайсыздар дегім келеді, сіздер жаңа ақпаратты жылдам қабылдайсыздар, сіздерге қызықты, оқудан қорықпай жоба жұмысына белсенді түрде қатысасыздар.

Мені оңай түсінетіндіктеріңізді байқадым, бұл оқытушылар құрамының еңбегінің нәтижесі деп білемін. Алдағы уақытта да осылай жемісті жұмыс жасайтындықтарыңызға сенемін.

Хельга Фишер, халықаралық ынтымақтастық бойынша неміс экономикасы қорының сарапшысы (SES, Германия)SES, Германия)

«Университет қызметін асқан қызығушылықпен бақыладым, оның құрылымымен, қызметкерлерімен, студенттерімен, олардың оқу және жұмыс жағдайларымен таныстым.

Мен пәндерді ағылшын тілінде жүргізетін оқытушылармен жұмыс істедім, шет тілдерін меңгеріп жүрген студенттерге дәріс оқыдым.

Мен танысқан адамдардың ілтипаттары мен қонақжайлықтарын атап өткім келеді.

Сіздерге толағай табыстар тілеймін!»

Мұстафа Танер Шенгюн, PhD докторы, Firat университетінің (Түркия) профессоры

«Мен Қазақстанға қуана-қуана келдім. Мұндағы адамдардың ізеттілігі мен ақкөңілдігіне риза болдым, сонымен қатар жас әрі еңбекқор ректор да мені тәнті етті. ШҚМУ-да мені кітапхана, атап айтқанда көне және сирек кітаптар қоры қызықтырды. Мұнымен қоса, зертханалардың көптігі таң қалдырды. ШҚМУ оқытушыларына табыс пен шаттық тілеймін, алдағы уақытта бәрі жақсы болады!»

А.О. Савченко, профессор, материалтану сарапшысы, физика-математика ғылымдарының докторы, «Optimech» компаниясының бас инженері, Жаңа Зеландия

Мен жалпытехникалық факультетте білім алдым. Мұндай әмбебап мамандықтар жоқ, Инженерлер бар, материалтанушылар бар, физиктер бар, педагогика бар, ал бәрін біріктіретін мамандық жоқ. Жалпытехникалық факультет – осы мамандықтардың басын қосты.

Студенттік құрылыс жасағы мен үшін өмірлік сабақ болды. Таңның атысынан күннің батысына дейін ауыр еңбек атқардық. Бірақ, қомақты қаржы таптық, ал ең бастысы – ол бәрімізді жұмылдырып, достыққа, ұжымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке баулыды.

ШҚМУ-дан көргендерім ерекше әсер қалдырды. Оң өзгерістер көзге ұрып тұр. Білім алуға арналған көптеген алаңдар жарақталған. Оқып жатқан студенттер, магистранттар, докторанттар өте білімді және оларға тәжірибелі ұстаздар білім беруде.

Татьяна Ивановна Отческая, заң ғылымдарының докторы, профессор, Е.О. Кутафин атындағы ММЗУ сот және прокурорлық-тергеу ісін ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі , Мәскеу қ., РФ

Мен, 16 жыл ШҚО прокуратура органдарында, 8 жыл С. Аманжолов атындағы ШҚМУ азаматтық құқық және азаматтық процесс кафедрасында жұмыс істедім. Ал, 2016 жылдан бастап Ресейдегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі – Е.О. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университетінің сот және прокурорлық-тергеу ісін ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісімін. Осында келіп, көздерінде оты бар, ақылды, ойлай білетін студенттерге дәріс оқығаным үшін қуаныштымын. Біздің магистранттар да осында келуге қызығушылық танытады деген ойдамын.

С.В. Лепешкина, Алтай мемлекеттік университеті қаржы және несие кафедрасының доценті, э.ғ.к. (РФ)

«Байланыстарымыз беки түседі деген үмітіміз бар, оқу орындарының ары қарайғы өзара ынтымақтастығын нақты жоспарлау қажет. Мен ШҚМУ-ға алғаш рет келіп тұрған жоқпын, осы білім ордасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша сабақ берген болатынмын. Университеттен алған әсерлерім керемет, осы оқу орнында өткізген күндерімді, оқытушылары мен студенттерін әрдайым қуана еске аламын. ШҚМУ-дың құрылымы да, құрамы да ерекше. Болашақта қарым-қатынастарымыз одан әрі нығайып, бірлескен ғылыми жобаларды іске асырамыз деп сенемін».

Мичиган университетінің (АҚШ) профессоры, журналист Эрик Фридман

Болашақ журналистер өз мамандықтарының нағыз шеберлері болуы тиіс, өйткені олар әлемдік сарапшылар қатарына енеді. Сол себепті әлеуметтік сала, экология, саясат, білім және мәдениет өзара тығыз байланыста және осы тақырыптардың бәрі де журналистер материалдарында көрініс табуы қажет.

× You found a Typo