ПЕД.Ғ.Д., ПРОФЕССОР В.П. РУСАНОВТЫҢ «КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ»
ҒЫЛЫМИ МЕКТЕБІ
ҒЫЛЫМИ МЕКТЕП ТУРАЛЫ
«Кәсіптік білім беру» ғылыми мектебі 1995 жылы құрылды. Мектепті құрудың объективті мақсатқа сәйкестілігі ҚР білім жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерге, кәсіптік білім беру сапасын арттырудың жаңа жолдарын іздестіруге, сонымен қатар С.Аманжолов атындағы ШҚМУ үшін ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындауға негізделген.
Ғылыми мектеп жетекшісі – пед.ғ.д., профессор Русанов Василий Петрович.
РУСАНОВ ВАСИЛИЙ ПЕТРОВИЧ
ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Ғылыми лауазымы: профессор
Ғылыми дәрежесі: педагогика ғылымдарының докторы
1947 жылы 4 наурызда дүниеге келді.
1968 жылы Қазақстанның мемлекеттік дене мәдениеті институтын бітірді.
1979 жылы П.Ф.Лесгафт атындағы ЕОМДМИ аспирантураны (Ленинград қаласы) бітірді.
1982 жылдан бастап педагогика ғылымдарының кандидаты.
2000 жылдан бастап педагогика ғылымдарының докторы.
1984 жылдан қазіргі уақытқа дейін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ дене мәдениеті және спорт кафедрасының меңгерушісі.
2007 жылы Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері.
2010 жылдан бері Қазақстан педагогика ғылымдарының академиясының мүшесі (академик).
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ 1970 жылдан бастап жұмыс істейді. Жоғары білікті маман. «Дене мәдениті және спорт» мамандығының негізгі пәндерін оқытады: Дене мәдениеті және спорт теориясы мен әдістемесі; Спорттық дайындық процесін басқару; Таңдап алынған спорт түрі теория мен әдістеме және т.б.Ғылыми зерттеу саласы – кәсіптік білім беруді жетілдіру.
150-ден астам жарияланымдары бар. Соңғы 5 жылда 35 ғылыми еңбегі жарық көрген.
Ғылыми-зерттеу қызметіндегі жоғары жетістіктері үшін және біліктілігі жоғары кадрлар дайындаудағы еңбегі үшін төмендегі марапаттармен марапатталды:
2002 жылы «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» ҚР БҒМ төсбелгісімен.
2007 жылы «Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері» ҚР БҒМ төсбелгісімен. Дене мәдениеті және спорт бойынша 7 педагогика ғылымдарының кандидатын және 10 магистр дайындады.
ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ
Русанов Василий Петровичтің еңбектері
Ассоциациялардағы мүшелігі, құрметті атақтары, марапаттары:
Шет тілдерін меңгеру: Неміс және орыс тілдері
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:
Телефон: 52-07-52
Электрондық почта: galinaguravleva@rambler.ru, economrea@rambler.ru
Мекен-жай: Өскемен қаласы, Гагарин желекжолы 19/2, 104-пәтер.