Құрметті ардагерлер, достар және әріптестер!
Баршаңызды өшпес ерлік пен қаһармандықтың мерекесі – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!
9 мамыр – бұл барлық адамзат үшін қастерлі күн. Отанды шынайы қастерлеуді паш еткен ең ұлық күн, халқымыздың беріктігі мен қайсар рухының белгісі. Ұлы Жеңіске ержүрек халқымыздың өжеттігі мен бірлігінің арқасында қол жетті. Бүгінгі Тәуелсіздігіміз, еліміздің өркендеуі – осынау Ұлы Жеңістің жалғасы деп білеміз.
Сіздерден отансүйгіштік, ел болашағы жолында аянбай еңбек ету, қажет болса жанын құрбан етуден аямайтын қастерлі қасиет ұрпаққа мирас болып қалды.
Осынау атаулы күні сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға береке, бірлік тілеймін!
Мереке құтты болсын!
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Ә.Ө. Қуандықов