Магистратураға түсу үшін құжаттар тізімі
Магистратураға түсушілер С.Аманжолов атындағы ШҚМУ қабылдау комиссиясына келесідей құжаттарын тапсырады:
- Ректор атына өтініш;
- Білімі туралы құжаты /көшірмесімен/;
- Кадрлар есебі бойынша жеке парақ және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғаларға);
- 3x4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
- 086-У формасындағы медициналық анықтама;
- Жеке бас куәлігінің көшірмесі;
- Ғылыми және ғылыми- әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
- Қосымша құжаттар (мақтау қағаздары, мінездемелер, ұсыныстар);
- Шет тілдері бойынша тестілеуге төленген түбіртек;
- Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – 460-ден кем емес), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test, (TOEFL IBT, өту ұпайы 87-ден кем емес), (TOEFL, өту ұпайы 560-тан кем емес), International English Language Tests System (IELTS, өту ұпайы 6,0-дан кем емес); неміс тілі: Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, Niveau C1 / С1 деңгейі), TestDaF – Prufung (Niveau C1 / С1 деңгейі); француз тілі: Test de Francais InternationalTM (TFI – оқу және аудирование бөлімдері бойынша В1 деңгейінен кем емес), Diplome d'Etudes en Langue français (DELF, өту ұпайы - В2), Diplome Approfondi de Langue français (DALF, өту ұпайы - С 1), Тest de connaisances de français (TCF, өту ұпайы 400-ден кем емес) /бар болған жағдайда/, бағдарламалары бойынша шет тілдерін /ағылшын, француз, неміс/ тапсыру туралы сертификат (бар болған жағдайда);
- Құжат тігілетін қағаз мұқаба (скоросшиватель), конверт.