Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы құрылымында:
– «Шығыстың алтын қоры» жоғары оқу орнына дейінгі дайындау курсы;
– Шетел студенттеріне арналған дайындаубөлімі;
– «Өсу орталығы» каникулдық дайындық курсы;
– «Серпін» штабы
– Университет түлекткрін жұмысқа орналастыру
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30-шы гвардиялық дивизия, 34 (№1 оқу ғимараты), каб. 121,
Тел.: 8 (7232) 540-144, 540-812
Дайындық бөлімі: каб.121, Тел.: 540-144
E-mail: rostvkgu@mail.ru
Орталық жетекшісі м.а. – Болатова Жаннель Болатовна
экономика магистрі
Білімі
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Жұмыс өтілі мен тәжірибесі
Болатова Жаннель Болатқызы, 1983 жылы 26 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауылында дүниеге келген. 2005 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "Экономика" мамандығы бойынша үздік бітірді. 2005 жылы ШҚМУ маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығының жұмысқа орналастыру жөніндегі маманы лауазымына қабылданды. 2007 жылы магистратураны бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің "Менеджмент және маркетинг" кафедрасына оқытушы болып ауыстырылды. 2008 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ "Экономика" кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді. 2010-2013 жылдар аралығында Аймақтық университетте СМЖ бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2016-2018 жылдар аралығында "Азамат" мектепке дейінгі білім беру мекемесінің директоры болып жұмыс істеді.
Тарихы
Университет студенттерін кәсіби дайындығының сапасын көтеру және бюджеттен тыс қаржыландыруды ұлғайту бойынша стратегиялық міндеттерді шешу үшін құрылған. 1998 жылдың 13 мамырында университетте «Студенттік маркетинг» тобы құрылды, ол 1999 жылдың тамызында «Студенттік марткетинг» орталығы болып, 2002 жылдың қазан айында «Маркетинг-офис» орталығы, 2008 жылдың тамызында «Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы» болып ауысты.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы:
Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығындағы шетел қазақ диаспорасы өкілдері, оралмандар мен шетел азаматтарына арналған дайындық бөлімі 14 жыл жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде дайындық бөлімінде мыңнан астам тыңдаушы білім алып, ҚР ЖОО-на оқуға түсті.
Дайындық бөлімі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ азаматтар мен шетелдіктер жалпы білім беру дайындық деңгейін көтеру үшін, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына және техникалық пен кәсіби білім беру мекемелеріне оқуға түсу үшін ұйымдастырылады.
«Серпін» штабы
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизиясы, 34 к., №1 оқу ғимараты, №133 бөлме
Тел.: 8(7232)541-433,(ішкі т. 114)
E-mail: Serpin2050@mail.ru
«Серпін» штабының жетекшісі – Байжұманова Лейла Төлеубайқызы
Байжұманова Лейла Төлеубайқызы базалық білімі бойынша дәрігер-гигиенист, эпидемиолог. 1987 жылы Қараганды мемлекеттік медициналық институтын бітірген. Университетте 1991 жылдан бастап еңбек етіп келеді. 1991 ж. – ТМД елдерінің экологиялық мәселелері бойынша сарапшылар комиссиясының мүшесі. 1991-2010 жж. – медициналық-профилактикалық, медициналық-биологиялық факультеті, экология және жаратылыстану ғылымдары факультетінде оқу-әдістемелік сұрақтар бойынша деканның орынбасар қызметін атқарған; 2000-2004 жж. – ШҚМУ жанында құрылған Семей медициналық университеті филиалының директоры; 2004-2008 жж. – ШҚМУ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы; 2007-2008 жж.- маркетинг және келісім шарт қатынастар бөлімінің жетекшісі; 2015-2016 жж.- ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлім бастығының м.а.; 2016 жылдан бастап – «Серпін-2050» штабының жетекшісі қызметін атқаруда. Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша қомақты тәжірибесі бар.
«Серпін-2050» штабы университеттің «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» жобасының жұмысын жүзеге асырушы оқу-кәсіптік бағдар орталығы, университеттің құрылым бөлімі болып табылады. Штаб «Серпін-2050» мемлекеттік жобасына басқа ҚР 19 ЖОО – мен қатар белсенді қатысудың нәтижесінде 2015 жылы құрылған. Университет еңбек ету мүмкіншілігі аз оңтүстік аймақтарынан - Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау облыстарынан келген жастарды оқыту мен еңбек орындарына жайғастыру мақсатында жүзеге асырылатын «Мәңгілік ел жастары - индустрияға»- «Серпін- 2050» мемлекеттік жобасына ат салысып алдыңғы қатарда келетіні баршаға мәлім.
«Серпін» штабының мақсаты мен негізгі міндеттері
Университет түлектерін жұмысқа орналастыру
Список сотрудников Центра:
№ | ФАМИЛИЯ ИМЯ ОТЧЕСТВО | ДОЛЖНОСТЬ |
---|---|---|
1 | БОЛАТОВА ЖАННЕЛЬ БОЛАТОВНА | Руководитель |
2 | БАЙЖУМАНОВА ЛЕЙЛА ТОЛЕУБАЕВНА | Руководитель штаба |
3 | АЙТКАЛИЕВА ЛАУРА СЕРИККАЛИЕВНА | методист |
4 | ТЕБЕРІКОВ ЕДІЛ БЕКЕЖАНҰЛЫ | специалист |
5 | БАТЫРБАЙ АБІЛХАЙЫР ТЕМІРХАНҰЛЫ | специалист |
6 | САЛИМБАЕВА АНАР | специалист |
7 | РАИСОВА АРАЙЛЫМ МУРЗАБЕКОВНА | специалист |
8 | МЕИРГАЗИНА ДИНАРА МЕИРГАЗИНОВНА | Специалист НЦТ |