Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру тетiгi
1. Білім алушы өз бетінше білім беру бағдарламасын игеру үшін серіктес жоғары оқу орнын (мемлекет ішіндегі немесе шетелдегі) таңдауға, оқу пәндерінің тізімін анықтауға және бағдарлама үйлестірушісіне өтініш беруге құқықты.
2. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру мерзімі семестр (15 апта) болып табылады. Мерзiмдi ұзарту кафедра меңгерушiсiнiң дәлелді ұсыныс хаты негiзінде жүргізіледі.
3. Академиялық ұтқырлықты қаржыландыру төмендегілер есебінен жүзеге асырыла алады:
4. Сыртқы академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету бойынша жұмысты басқару бакалавриат бойынша студенттердің тіркеу және академиялық ұтқырлық орталығы, магистратура және докторантура бойынша – жоғары оқу орынан кейінгі білім беру және халықаралық бағдарламалар басқармасы жүзеге асырады.