Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Музей бажанова

В. С. Бажанов атындағы табиғат мұражайы құрылу тарихы

Мұражайдың құрылу мақсаты жануарлар әлемінің биоалуандылығын жоғары оқу орындары студенттеріне және облыстың мектеп оқушыларына таныстыру болып табылады. Жануаралар мұражайы 1964 жылы Өскемен педагогикалық институты жанында құрылған. Мұражайдың негізін қалаушы биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан палеозологиясының негізін салушы, зоология кафедрасының меңгерушісі Бажанов Валерьян Семенович болған. Мұражай экспонаттары тиісті мекемелерден алынған. Мұражайда өлкемізде сирек кездесетін өсімдіктер мен құстардың, жан-жануарлардың экспонаттары жинақталған. Жәдігерлерді жинауға биология кафедрасының оқытушылары атсалысып, ғылыми зерттеу нәтижелерін мұражайға ұсынды. Омыртқасыз жануарлар коллекциясын, ұша, құстар және сүтқоректілер тұлыпын және де бауырменжорғалаушылар мен қосмекенділердің ылғалды препараттарын зоологиялық экспедицияларда, далалық оқу іс-тәжірибелерінде, сабақ кездерінде, зоологиялық үйірмелер де оқытушылардың өздері дайындаған. Әрбір далалық маусым сайын ботаника мен зоологиядан баға жетпес мәліметтер жиналып отырды. Студенттер жәдігерлерді пайдаланып ғылыми жұмыстар жазады. Зоология, анатомия, биологиялық эволюция сынды пәндерді оқытуда қолданылады. Мұражайдың экспонаттарын жинап, көркемдеу кезінде биология кафедрасының меңгеруші Китапбаева А.А., профессоры Прокопов К.П. және аға оқытушылары Карменова Б.К., Кабатаева Ж.К. үлкен үлес қосқан.

А. Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебінің 11 сынып оқушылары С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Шығыс Қазақстанның інжу маржандары» ғылыми оқу кешеніне барды.

 

«Шығыс Қазақстанның інжу маржандары» ғылыми оқу кешенінде биология кафедрасымен бірлесе қала мектептерінің оқушыларын ҰБТ-ға дайындау басталды.  Сонымен қатар, кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіледі. 14 қараша күні биология кафедрасының аға оқытушысы Б.К. Карменова А. Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебінің 11 сынып оқушыларына дәріс оқыды. Оқушылар дәріс тыңдап, көп сұрақтар қойды. 

Көптеген оқушылар биология, география сияқты пәндерді таңдап отыр және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ түсуге тілек білдірді.

Дәрісті тыңдап болғаннан кейін «Шығыс Қазақстанның інжу маржандары» ғылыми оқу кешенінің меңгеруші К.Б. Алипина кәсіптік бағдар беру мақсатында экскурсия өткізді. В.С. Бажанов атындағы табиғат мұражайының тарихымен, кеппешөп кабинетіндегі коллекциямен және ондағы жұмыстарымен, геология кабинетінің минералдарымен және фитохимия, фармакология және фармакогнизия зертханаларымен таныстырды. Оқушыларға С.Аманжолов атындағы ШҚМУ 6В01505 - Биология, 6В05101-Биология, 6В01512 - Биология-жаратылыстану, 6В080301 - Аңшылықтану және аң шаруашылығы, 6В05201-География, 6В01506-География білім беру бағдарламалары туралы айтып берді. Оқушылар университеттің кеппешөптер үлгілеріне және геология кабинетінің минералдарына үлкен қызығушылық танытты.

Экскурсия аяқталғаннан кейін оқушылар өздеріне берілген ақпарат үшін өз алғыстарын білдіріп, семинарлар мен дәрістерге қатысу үшін біздің ЖОО-на тағы да келуге тілек білдірді.

 

× You found a Typo