Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

НАУЧНО-ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИЙ ЦЕНТР «АЛТАЙТАНУ»

«АЛТАЙТАНУ»  ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Мекен-жайы: Өскемен қ., 30-шы Гвардиялық дивизия к. 34 (№1 ғимарат), 323 к.
Телефон: -
Е-mail: zhanna_aubakirova707@inbox.ru

Орталық жетекшісі Әубәкірова Жанна Сәкенқызы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

«Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығы 2013 жылдың 26 тамызында құрылды.

Ғылыми-зерттеу орталығы қазақстандық әлеуметтің даму және жаңғырту үдерістері туралы жаңа ғылыми нәтижелер алу және тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу үшін әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырумен айналысады.

Орталықтың миссиясы еліміздің тарихы мен қазіргі жағдайын зерттеуге үлес қосатын өзекті ғылыми міндеттерді шешетін әлемдік деңгейдегі заманауи зерттеу орталығын құру болып табылады.

 

Ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ҒЗО міндеттері:

- қазақстанның егеменді демографиялық жүйесінің қалыптасуы мен даму үдерістерін кешенді зерттеу, қазіргі заманғы жаңғырту үдерістері контексінде қазақтардың демографиялық дамуын перспективалық талдау;

- қазақстандық урбандалу үрдістерін зерделеу, қазақстандық қаланың әлеуметтік-мәдени кеңістігі эволюциясының ерекшеліктерін анықтау;

- қазақстандық шындықты зерттеу бойынша әлеуметтік өзекті зерттеулерді әзірлеу, ұйымдастыру және жүргізу;

- әлеуметтік-мәдени диалогтың ерекшеліктерін пайымдау және қазақстандық жаңғыру жағдайларында оның жүріп-тұруының жаңа мүмкіндіктерін/тәуекелдерін анықтау;

- пәнаралық ғылыми жобаларды әзірлеу және іске асыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған түрлі деңгейдегі конкурстарға қатысу.

 

Ғылыми-ұйымдастыру қызметі саласындағы ҒЗО міндеттері:

-ғылыми конференцияларды, ғылыми-әдіснамалық семинарларды, лекторийлерді, мастер-кластар мен басқа да іс-шараларды, оның ішінде халықаралық қатысумен және онлайн режимде ұйымдастыру және өткізу;

-ғылыми-зерттеу, ғылыми-тәжірибелік қызмет нәтижелерін баспа түрінде де, электрондық форматта да дайындау және жариялау;

-ғылыми зерттеулер жүргізуде және алынған нәтижелерді ұсынуда IT-технологияларды пайдалану;

-студенттер, магистранттар, докторанттар мен ПОҚ үшін ғылыми-пікірталас кеңістігін ұйымдастыру.

 

Білім беру қызметі саласындағы ҒЗО міндеттері:

- білім беру бағдарламаларына жаңа ғылыми нәтижелерді енгізу;

- ғылыми трендтер мен оқыту әдістемелеріне сәйкес өзекті оқу пәндерінің мазмұнын жаңарту;

- білім беру ұйымдарының білім алушыларына, оқытушылары мен қызметкерлеріне, педагогтеріне зерттеу және жобалау қызметі бойынша ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық кеңес беру;

- білім алушылардың дипломдық жұмыстарына, магистрлік және докторлық диссертацияларына, зерттеу жобаларына ғылыми жетекшілік жасау.

 

Әлеуметтік-бағытталған қызмет саласындағы ҒЗО міндеттері:

- университеттің әлеуметтік кеңістігінде және одан тыс жерлерде қазақстандық жалпы азаматтық құндылықтарды түсіндіру және насихаттау.

- өңірлік, республикалық және халықаралық деңгейлерде тарихи және өзекті әлеуметтік үрдістерді зерделеу мақсатында мемлекеттік құрылымдармен және қоғамдық бірлестіктермен тиімді ынтымақтастық орнату.

 

Негізгі қызметтері

1. ҒЗО қызметінің тақырыбына сәйкес университеттің Ғылыми дамуының әлеуметтік-гуманитарлық бағыттары бойынша іргелі, қолданбалы ғылыми бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға қатысу;

2. Ғылыми мекемелермен және ұйымдармен байланысты дамыту. Отандық және шетелдік университеттермен және ғылыми орталықтармен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу.

3. Ғылыми нәтижелерді Скопус, Web of Science индекстелетін нөлдік емес импакт-факторы бар мерзімді басылымдарда және басқа да рейтингтік базаларда, отандық және шетелдік баспа басылымдарында жариялау.

4. Халықаралық, ұлттық және өңірлік дамудың өзекті мәселелері мен трендтерін талқылау үшін ғылыми-пікірталас кеңістігін құру.

5. Мемлекеттік құрылымдармен және қоғамдық ұйымдармен, қорлармен, ғылыми-білім беру орталықтарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.

6. Ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындау және басып шығару: монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары және т. б.

7. Студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу жұмыстарына және жобалау қызметіне тарту, ғылыми бағыттардың тиісті саласында дипломдық, магистрлік және докторлық диссертациялық жұмыстарды дайындауға жәрдемдесу.

 

Қызметкерлер тізімі

 

Жетекшісі- Әубәкірова Жанна Сәкенқызы

1. бас ғылыми қызметкер - Алексеенко Александр Николаевич

2. бас ғылыми қызметкер - Столярова Элеонора Олеговна

3. жетекші ғылыми қызметкер - Самашев Зейнолла Самашұлы

4. аға ғылыми қызметкер - Краснобаева Нелли Леонидовна-

 

× You found a Typo