Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Оқиғалар хронологиясы

ТАРИХИ АСУЛЫ КЕЗЕҢДЕР

1952 Қазақ КСР-ның шығыс өңірі үшін педагогикалық кадрларды даярлау мақсатында, КСРО Министрлер Кеңесінің Үкімімен 1952 жылы Семей мұғалімдер институты Өскемен қаласына ауыстырылып, оның негізінде Өскемен педагогикалық институты құрылды (ӨПИ).
1960 Академик С. Черниковтың басшылығымен ӨПИ және ШҚО-ның Шілікті аумағындағы Ленинград ғалымдары және археолог-студенттері халықаралық археологиялық көрмелердің нышаны - «Ұшып бара жатқан» алтын мүсіні табылды.
1964 Доцент Ф.Г. Голованов КСРО-да дөңгелек басты қаламсаппен жазуды балаларға үйрету бойынша үздік жүйені құрды
1975 ӨПИ – КСРО-ның үздік педагогикалық институттарының қатарына енген, 1 категориялы ЖОО.
1982 ӨПИ КСРО республикаларының 15 үздік педагогикалық институттарының қатарында. КСРО-дағы 262 педагогикалық оқу орындары қатысқан жарыста институт бірінші орынға ие болды. Институтқа ауысып тұратын Қызыл Ту берілді
1984 Қол жеткен жетістіктері үшін Қазақ КСРО-ның Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
1989 Аспирантура ашылды.ӨПИ – КСРО-ның 900-ден астам ЖОО-лары қатысқан Жалпыкеңестік сайысқа қатысып, 3 орынды иеленді.
1990 ӨПИ КСРО-дағы 5 жетекші университетімен бірлесіп, “бакалавр-магистр” мамандарын екі сатылы дайындау тәжірибесіне қатысты. ӨПИ - КСРО-ның Халыққа білім беру бойынша Мемлекеттік комитетімен аттестатталған Қазақстандағы алғашкы педагогикалық жоғары оқу орны
1991 Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 31 қаңтарындағы Үкіміне сай, Өскемен педагогикалық институты Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (ШҚМУ) болып қайта құрылды.
1994 Университете «Тарих» және «Филология» мамандықтары бойынша магистратура ашылды. Осы жылы бакалавриаттың бірінші түлектері түлеп ұшты.
1995 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қолдауымен ШҚМУ-дың ішінен Қазақстан-Американ бизнес колледжі ашылды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа университеттің Ғылыми кеңесінде «ШҚМУ-дың құрметті профессоры» атағы берілді. ШҚМУ Университеттердің Еуразиялық Қауымдастығының мүшесі атанды.
1996 Бірінші магистр түлектері бітіріп шықты
1998 ШҚМУ – жоғарғы мектеп Халықаралық ғылым академиясының және «Сібірдің ашық университеті» Ассоцияциясының мүшесі.
2001 Моңғол мемлекетінде ШҚМУ филиалы ашылды, ол – ҚР бойынша шетелдегі жалғыз жоғары оқу орны
2003 Қазақстан Республикасының Үкіметінің Үкімімен Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне көрнекті ғалым, түркітанушы Сәрсен Аманжоловтың есімі берілді.
2004 Несиелік оқу технологиясы енгізілді
2005 Университет халықаралық сапа менеджментінің сертификациясынан өтті.
2008 ШҚМУ кеңесі ЖОО-ның 2009-2011 жж арналған жаңа даму Стратегиясын бекітті.
2009 Әлемнің 600-ден астам университеттерін біріктіретін, Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды
2010 Қазан айында мемлекеттік аттестациядан өтті
2013-2014 Университетте халықаралық стандарттарға сай (СМК) сапа менеджментінің сертификатталған жүйесі енгізілген.
2013-2014 оқу жылы «Алтайтану» ҒЗО; «Назарбаевтану»ҒБО; Ресей ғылымы мен мәдениеті орталығы; студенттер бастамалары орталығы; академик Зәки Ахметов атындағы шығармашылық зертхана ашылды.
2014 жылы университет ректоры «Алтай – біздің ортақ үйіміз» Халықаралық координациялық кеңесіне екі жылға төраға деп жарияланды
Университет институционалдық аккредиттеуден өтті, БСҚА 5 жыл мерзімге аккредиттелген. Сертификат IA № 0047 10 Маусым 2014 ж.-09.06.2019 ж.
2014 38 бакалавриат мамандығы мен 15 магистратура мамандығы НКАОКО мамандандырылған ұлттық аккредитацияциясынан өтті. 4 бакалавриат мамандығы және 4 магистратура мамандығы ASIIN халықаралық агенттігінің мамандандырылған халықаралық аккредитациясынан өтті.
2014-2015 оқу жылы Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының филиалы; сот отырысы залы; қылмыстық-атқару қызметі кабинеті; «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығы, ШҚО құрылуының мұражайы, G-Global халықаралық жобаларды іске асыру орталығы ашылды.
2015 Магистратураның бес мамандығы НКАОКО мамандандырылған ұлттық аккредитациясынан өтті.
Қазіргі күні университет жоғары білім беру қызметтерімен қамтитын және бәсекеге сай, көпсалалы зерттеу университеті ретінде халықаралық білім беру кеңістігіне енуде.
Университет Швейцар Институтының SIQS сапалы және Халықаралық Бизнес-Ассамблеясының сертификатын және SIQS төсбелгісімен марапатталды.
ШҚМУ – еуропалық және қазақстандық жоғарғы оқу орындарының рейтингісінде 7 орынды иеленіп, көш бастап тұр. Университет жылдың үздік кәсіпорындары «Топ-35» еніп, «Сала үздігі» құрметті атағын иеленді.
2015-2016 оқу жылы «Шығыс Қазақстанның өсімдіктерін эфир майларын идентификациялау» ғылыми жобасын іске асыру шеңберінде фитохимия зертханасы,студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталықтары ашылды.
2016 С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Еуропалық Университеттер Ассоцияциясының мүшесі атанды.
2017 *2017 жылы ШҚМУ (ӨКПИ) өзінің 65-жылдық мерейтойын атап өтті.
* ARES-2017 жыл сайынғы европалық ғылыми-өндірістік палата жоғарғы оқу орындарының халықаралық академиялық рейтингі нәтиесі бойынша С.аманжолов атындағы ШҚМУ-і 95 қазақстандық жоғарғы оқу орындарының ішінде 11 орынға ие болып, «А» - білім берудің, ғылыми қызметтің және түлектердің жұмыс берушілермен талап етілуінің жоғарғы сапасы (High quality performance) категориясы берілді.
* С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-і Қазақстанның үздік көпбейінді ЖОО-ң арасындағы рейтингте 6 орынды иеленді. 2016 жылы С. Аманжолов ат. ШҚМУ-і Қазақстанның 18 көпбейінді ЖОО-ң арасында 8 орында болған.
* Қазақстанның 109 жоғарғы оқу орындарының арасындағы рейтингте ШҚМУ сайты 12 орынды иеленді. 4 International Colleges & University (4ICU) халықаралық білім порталының нұсқасы бойынша әлем университеттері интернет-сайттарының рейтингісі жаңарды. 2017 жылы рейтингке 200 мемлекеттен 12358 университеттер мен колледждер қатысты.
*2017 жылы ШҚМУsmart-университет моделіне өтті.
* В 2017 жылы оқу орнында «Серпін-2050» бағдарламасының жүзеге асырылуының 3-жылдығы атап өтілді.
*Өскеменде бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиада-2017 «алауын жағу» салтанаты 26-қаңтарда С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-і территориясында өтті.
*C.Аманжолов ат. ШҚМУ-і (журналистика және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы мен «Алтайтану» ҒЗО ) онлайн режимінде Қазақстан философиялық Конгрессі Шығыс бөлімінің негізінде және халықаралық әдіснамалық зерттеулер орталығымен кездесу-форумның ұйымдастырушысы болды
*ШҚМУ-де 6D020300 «Тарих» мамандығы бойынша диссертациялық кеңес ашылды.
* ШҚМУ-дың 600 студенті мен оқытушысы Астанадағы «ЭКСПО» халықаралық арнайы көрмесіне қатысты. Көрмеге ұсынылған жобалардың бірі – ШҚМУ-дан. гибридті желэлектр станциясының жобасын ШҚМУ ұжымдық қолданыстағы ұлттық зертханасының инженері, физика-математика ғылымының кандидаты Альмира Жилкашинова ұсынды
*Университте студенттік «Авангард» театр-студиясы құрылды.
* «Шығыс аруы- 2017» атағын Назерке Серікова жеңіп алды.
*« Өскемен-Аруы 2017» титулын С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ң Экономика және құқық факультеті «Экономика» мамандығының 4-курс студенті Аяужан Бахтыбаева жеңіп алды.
*ШҚМУ-ң студенті Юлия Юрочкина, 9-шы француз ұлттық әндерінің байқауында бас жүлдені жеңіп, Францияға жолдаманы жеңіп алды.
* ШҚМУ-ң «Дене мәдениеті мен спорт» мамандығының 4-курс студенті, ҚР студенттік хоккей командасының қақпашысы Сергей Кудрявцев XXVIII Бүкіләлемдік Универсиада ойындарының қортындысы бойынша Қазақстанның үздік ойыншыларының ондығының қатарына өтті. Университет қабырғасында білім алып жүрген уақытында ол екі мәрте Бүкіләлемдік универиаданың күміс жүлдегері атанды (XXVII және XXVIII).
2018 *ШҚМУ-ң жаңа ректоры болып – құққықтану профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, философия докторы (PhD) Мухтар Әділбекұлы Төлеген тағайындалды.
* С.Аманжолова атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстанның көпбейінді жоғарғы оқу орындарының арасында Тәуелсіз қазақстандық агенттігі өткізген білім сапасын саралау рейтингісі бойынша 7 орынға ие болды.
* 2018жылы ШҚМУ-де 17-жаңа мамандық ашылды.
*Университетте Латынграфикасы орталығы ашылды.
* «Altaijastary»телерадиостудиясы ашылды, ақпараттық қызмет пен телестудия аясында «Altaijastary» медиаорталығы ашылды.
*ЖОО-да «Рухани жаңғыру» атты гуманитарлық және саяси зерттеулер орталығы , «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы, «Жоғарғы бет инженериясы және трибологии» ҒЗО ашылды.
* ШҚМУ-да «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығы «Цифрлық Қазақстан» ,«Электронды үкімет», «Цифрлық университет» бағдарламалары аясында ашылды. Орталықта кейін ҚР «Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары атқарылатын болады.
2019 *ШҚО әкімдігінің қолдауымен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ – Польша елінде «Абай» жастар мәдени-білім беру орталығын ашты.
*ШҚМУ-де Жүрсінғали Ахмеров атындағы цифрлық гуманитаристика кабинеті ашылды.
*ШҚМУ-де Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра ашылды.
*Университетте қабылдау комисиясының жаңа форматтағы фронт-кеңсесі ашылды.
*ШҚМУ-дың тұңғыш ректоры, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрметті профессоры, химия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Альхайырұлы Мәмбетқазиев атындағы жалпы химия оқу дәрісханасының ашылуы.
* Жастар жылы ШҚМУ-де А.Н. Трунов атындағы студенттер фитнес-орталығы ашылды.
*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің жаратылыстану ғылымы және технологиялар факультетінде бес компьютер сыныптары ашылды. №7 оқу ғимратаның ІТ-сыныптарында 50 компьютерден қойылды.
*Білім сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінің (НАОКО, IQAA) ұлттық рейтингінде 6-шы орын. Аккредитация және рейтинг (НААР, IAAR) тәуелсіз агенттігі өткізетін ҚР Жоғары оқу орындарына сұраныс-2019 ұлттық рейтингінде 7-ші орын.
*Халықаралық рейтинг бойынша Қазақстанның 122 ЖОО-ның сайттары арасында ШҚМУ 20 орынға ие болды.
*С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ұлттық бизнес-рейтинг көшбасшысы атанып, «Білім беру мақтанышы-2018» беделді атағына ие болды.
* Webometrics рейтингісінде Қазақстанның 121 университет сайттарының ішінде ШҚМУ 24 орынды иеленді.
*Білім беру сапасын қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігі (IQAA), ШҚМУ-ды 5 жылға аккредиттегені туралы хабарлады.
*Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі (IAAR), IAAR Аккредиттеу Кеңесінің отырысында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 16 білім беру бағдарламасы 5 жылға аккредиттелгені жөнінде хабарлады.
2020 ШҚМУ-да «Абай DIGITAL» интернет-ресурсы құрылды
ШҚМУ-да «Самғау» әлеуметтік табыс мектебі ашылды
× You found a Typo