Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Основные понятия и условия реализации академической мобильности

Негiзгi ұғымдар және академиялық ұтқырлықты жүзеге асырудың шарттары

1. Білім алушылардың немесе зерттеуші оқытушылардың білім алу, оқыту, зерттеу жүргізу, біліктілігін жетілдіру үшін белгілі бір академиялық кезеңге басқа білім беру немесе ғылыми мекемеге (өз елінде немесе шетелге) орын ауыстыруы академиялық ұтқырлық деп түсіндіріледі.

2. Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық – студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың, оқытушылардың шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелерінде білім беру бағдарламаларын игеруі және жүзеге асыруы.

3. Iшкi (ұлттық) академиялық ұтқырлық – студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың, оқытушылардың отандық қазақстандық университеттер мен ғылыми мекемелерде білім беру бағдарламаларын игеруі және жүзеге асыруы.

4.Тiк академиялық ұтқырлық – студенттердің, магистарнттардың, PhD докторанттардың шетелдік жоғары оқу орнында білім беру бағдарламаларын толығымен игеруі.

5.Көлденең академиялық ұтқырлық – студенттердің, магистарнттардың, PhD докторанттардың шетелдік және отандық жоғары оқу орнында білім беру бағдарламаларын толығымен игеруі, сонымен қатар оқытушылардың белгілі бір шектелген уақыт мерзімінде жоғары оқу орындарында және ғылыми мекемелеріндегі жұмысы.

6. Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру Болон декларациясының негiзгi қағидаларына сәйкес келедi.

7. Академиялық ұтқырлық жүзеге асырудың ережелері мен рәсімдері күндізгі оқу бөлімінде білім алатын студенттерге, магистранттарға және докторанттарға, сонымен қатар университеттің штаттағы оқытушылары мен қызметкерлеріне таралады.

8. Білім алушылар мен оқытушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы Қазақстан Республикасынан тыс, яғни, белгілі бір мерзімге қызметтік тапсырманы орындау үшін іссапарға жіберу арқылы жүзеге асырылады.

9. Білім алушылар мен оқытушылардың ішкі академиялық ұтқырлығы серіктес жоғары оқу орнымен академиялық ұтқырлық шеңберінде келісім-шарт болған жағдайда Қазақстан Республикасы ішінде іссапарға жіберу арқылы жүзеге асырылады.

10. Жеке сапар арқылы жүзеге асырылатын жеке академиялық ұтқырлық жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы немесе ақысыз еңбек демалысы (академиялық демалыс) кезіндегі ғана мүмкін болады.

11. Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың, оқытушылар мен қызметкерлердің жоғарыда көрсетілген академиялық ұтқырлық түрлері ҚР заңнамаларына, ҚР Білім және ғылым министрілігінің нормативтік құжаттарына, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың жарғысына қайшы келмеуі керек.

× You found a Typo