Отан қорғаушылар Күнімен құттықтаймын!
Отан қорғаушылар күні – бұл Отанымыздың бүкіл тарихында тәуелсіздігімізді қорғаған арыстарға құрмет көрсететін қастерлі күн. Сондай-ақ бұл күні еліміздің тыныштығын, халқымыздың амандығын кірпік қақпай қорғап жүрген ерлерімізді де ұлықтайтын күн.
Мемлекет басшысының ұдайы қамқорлығының арқасында жылдан жылға Қарулы күштердің әлеуеті артып, жаңа техникалармен, білімді мамандармен толығып келеді.
Батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің, патриотизмнің мерекесі – Отан қорғаушылар күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Ә.Ө. Қуандықов