Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Педагогикалық бейіндегі қосымша бағдарламалар

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ әрбір оқу жылының 01 шілде - 25 тамызы, 01 желтоқсаны - 25 қаңтары аралығында бейінді магистратура бітіруші тұлғалар үшін қосымша академиялық кезең бойынша курсқа қабылдайтындығын  хабарлайды.

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес бейіндік магистратураны бітірген магистр, педагогикалық іс-тәжірибені өту және педагогикалық бейіндегі пәндер циклін меңгеру жағдайында ғана ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысуына болады. Аталған цикл және педагогикалық іс-тәжірибе қосымша академиялық кезеңде меңгеріледі және аяқтаған соң негізгі дипломға белгіленген үлгідегі тиісті куәлік қоса беріледі.

Курсқа қабылдану үшін қажетті құжаттар:

  1. Ректордың атына өтініш;
  2. Магистр дипломының көшірмесі (қосымшамен);
  3. Жеке оқу жоспары;
  4. Қосымша академиялық кезең бойынша оқыту қызметін өтемелі көрсету туралы шарт.
  5. Төлем туралы түбіртектің көшірмесі.

Анықтаманы 8/7232/540-157, 87772583950 телефоны бойынша алуға болады.

Біздің мекен-жайымыз: Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34, 231 дәрісхана, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі.

× You found a Typo