Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Пікір талас клубы «Нұр Отан» партиясы аясындағы «Жас Отан» Жастар Қанаты»

 

ҚP«Nur Otan» партиясы аясындағы «Жас Отан» Жастар Қанаты

Мекен жайы: Өскемен қаласы, Гв. Дивизиялар көшесі, 34 № 1 оқу ғимараты, 137 дәрісхана
Байланыс телефоны: 8 (707) 651 45 99
E-mail: sagadat.musaev.99@gmail.com

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Nur Otan» партиясы аясындағы «Жас Отан» ЖК төрағасы – Мұса Сағадат Есенкелдіұлы

Мұса Сағадат Есенкелдіұлы 1999 жылы 22 қаңтар Түркістан облысы Ордабасы ауданы Жеңіс ауылында дүниеге келген.

  • 2006-2017 жылдары Жеңіс ауылындағы Ө.Тұрманжанов атындағы жалпы орта мектепте білім алған.
  • 2017 жылдан бастап Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқуға түсті
  • 2017 жылдан бастап Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің ЖІЖК мүшесі
  • 2018 жылдың 15-қыркүйегінен бастап С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де «Нұр Отан» партиясы жанында құрылған «Жас Отан» ЖҚ-ның бастауыш бөлімі төрағасы болып тағайындалды.
  • 2018 оқу жылында «Алау - 2018» Ж.М.Омар Өскемен қаласы әкімі сыйлығының «Үздік ұйым» атты дипломымен марапатталды.
  • 2018 жылғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Не? Қайда? Қашан? атты интелектуалды ойынына белсене қатысқаны үшін марапатталды.
  • 2018-жылғы 25-26 сәуірде «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семпинар-тренингке қатысып, оқу курсынан өткен.
  • 2019 оқу жылында«Әлеуметтік желідегі ең үздік жариялым» байқауына белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
  • 2019 оқу жылында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, профессор М. Ә. Төлегеннің алғыс хатымен марапатталды.
  • 2019 оқу жылында «Jastar Otanga» саяси лагерінде «Jas Otan»ЖҚ төрағасы Д.Кәрібектің сертификатымен марапатталды.

Өскемен қалалық әкімдігінен «Су тасқынына қарсы» шараларға белсене қатысқаны үшін төсбелгімен және де әртүрлі дәрежедегі дипломдармен, алғысхаттармен марапатталды.

«Біздің мемлекетіміздің болашақ көшбасшылар – оқушылар мен студенттер!»

Н.Ә. Назарбаев

«Жас Отан» ЖҚ – бұл «Nur Otan» ХДП көшбасшысы – мемлекет Президенті саясатының белсенді таратушысы, мемлекетте жастардың жағдайын жақсартудағы практикалық қадамдарды жүзеге асыру, және еліміздің әлеуметтік – экономикалық міндеттерін шешуде жастарды жұмылдыру орталығы.

Негізгі мақсаттары:

  1. Қазақстан Республикасының жастарын жан-жақты дамыту үшін әлеуметтік – экономикалық, саяси жағдай жасау;
  2. Оның рухани – адамгершілік, дене шынықтыру және интеллектуалдық әлеуетін, әлеуметтік мәртебесін және экономикалық жағдайын, саяси, құқықтық, экологиялық және рухани мәдениетін арттыру.

Негізгі міндеттері:

  1. ҚР мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда көмек көрсету;
  2. Жастардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа құқықтарын қорғау ісіне қатысу;
  3. Жастардың бойында Қазақстанға деген патриоттық сезім мен азаматтық көзқарасқа деген жауапкершілікті, республиканың мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан халықтарының мәдени мұрасына, тіліне және дәстүріне құрметпен қарауды қалыптастыру.

ҚАТАРЫМЫЗҒА ҚОСЫЛҒЫҢ КЕЛСЕ 30-шы Гвардиялық дивизиясы көшесі, 34, №1 оқу ғимараты, 137 дәрісханаға кел.

× You found a Typo