Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Пікір талас клубы

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
«Ділмар» дебат клубы

«Ділмар» дебат клубы бұл – С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жанынан ашылған пікірсайысшылар клубы. Клубтың жұмыс жасап келе жатқанына бүгінгі таңда 5 жыл болды. Ең алғашқы клуб кординаторы Хамза Ақбота.Ол кісіден кейін Рысбеков Дидар, Дәнияр Жібек. Қазіргі таңда клуб координаторы Қали Айнұр Қасымханқызы. Клубта 40-тан астам мүшелері бар.

«Ділмар» дебат клубының мақсаты:

«Ділмар» Дебат клубының
ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    1. Дебат клубы (ары қарай ДК) Өскемен қаласының С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың белсенді студенттерінің қоғамдық бірлестігі болып табылады.
    2. ДК нақты ережелер мен қолданылатын талаптарға сәйкес құрылып, әрекет етеді.
    3. ДК өз қызметін С.Аманжолов атындағы ШҚМУ аумағында жүзеге асырады.
    4. Толық атауы – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ділмар» дебат клубы.
    5. ДК негізгі мәліметтер көрсетілген эмблемалар мен бланктері болады.
  2. ДК МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ
    1. ДК құрылу мақсаты:
      1. Елімізде етек алған көкейкесті өзекті мәселелерді бірлесе, қоғам болып талқылау арқылы оқу орындарында білім алып жатқан оқушы жастардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымын арттыруға көмектесу;
      2. Жастардың көпшілік алдында еркін сөз саптау мәдениетін қалыптастыру, аға буын өкілі салған сара жолды насихаттау, сыни тұрғыда, сонымен қатар логикалық ойлауын дамыту;
      3. Оқушылардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы болатындай ұйымдастыру;
      4. Мәдени, сыпайы қарым-қатынасты негізге ала отырып ұтқыр сөйлеуді қалыптастыру; үлкенге құрметтілік, кішіге ізеттілік сынды қаситеттерді тұлғааралық қарым-қатынаста көрсетіп, тәрбиеге де ден қою;
      5. Мәдени салада ашықтықты, еркіндікті қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғамды жандандыруға ықпал ету; жастар қызығушылығын арттыра түсу;
      6. Еліміздің жалпы гуманитарлық бағыттағы мүмкіндігін дамыту, жасампаздық көзқарасы айқын анықталған азаматты тәрбиелеу;
      7. Рухани - адамгершілік қасиеті қалыптасқан, өзін-өзі жетілдіре алатын тұлғаны тәрбиелеу;
      8. Әр азаматтың Отанының болашағы, қауіпсіздігі және тағдыры үшін жауапкершілік қасиетін басым бағытқа алу;
      9. Жастарды ұйымдастыра қоғамның өзекті сұрақтарын талқылап, шешуге ынталандыру.
    2. Айқындалған мақсаттарға жету үшін ДК келесідей қызметтер түрін жүзеге асырады:
      1. Мектептерде жастарға қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін зерделеу бойынша бірлесе жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыру;
      2. ДК мүшелерінің біліктілігін арттыру, тәжірибелерін жетілдіру және осы орайда симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар және т.б. пайдалы шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру және қатысушыларды қызықтыру;
      3. Қалалық, аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі дебат ойындарын, турнирларды «Шығыс» дебат орталығымен келісе, ұйымдастырады және белсенді ат салысады.
  3. ДК ҚҰҚЫҒЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
    1. Заңмен белгіленген тәртіпте өзінің айқын мақсаттарына жету үшін ДК құқықтары:
      1. Өзінің қызметі жайлы ақпаратты еркін түрде тарату;
      2. Қоғамдық өмірдің сан салалы сұрақтары бойынша бастама көтеру, мемлекеттік басқару органдарына ұсыныстар енгізу;
      3. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңнамада қарастырылған уәкілеттілігін толық жүзеге асыру;
      4. Аймақтық және республикалық дебат клубтарымен, ЖОО-дағы жастар орталықтары және ұйымдарымен берік байланыс орнату;
      5. Университет ректорына жәнеде университеттің барлық құрылымдарына жастарды материалдық және моральдік марапаттау немесе келеңсіздік туған жағдайда тәртіптік жаза қолдану туралы өтінім жасау.
    2. ДК міндетті:
      1. «Шығыс» дебат орталығына жұмыс жоспарын өткізуге және айына бір рет ДК жұмысы туралы есеп беруге;
      2. Кем дегенде айына 2 рет ДК жиналысын өткізуге;
      3. Өзінің қызметіне қатысты халықаралық құқықтың, жалпы мойындалған қағидалары мен нормаларын сақтау.
    3. ДК жауапты:
      1. Өз қызметін жүзеге асыру барысында құқық бұзушылыққа жол берілмеуіне;
      2. Нақты Ереже тармақтарының сақталуына;
      3. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау ережелерінің бұзылмауына;
      4. Қызметте қолданылатын мүлік қауіпсіздігіне;
      5. Ішкі еңбек тәртібін бұзбауына;
      6. Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген шектеуде, осы лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген өзінің лауазымдық міндеттерін орындауына.
  4. ДК МҮШЕ БОЛУ. ДК ҚҰРЫЛЫМЫ
    1. ДК-ға С.Аманжолоав атындағы ШҚМУ-дың барлық ынта білдірген студенттері мүше бола алады.
  5. ДК МҮШЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
    1. ДК мүшелері мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруда тікелей қатысады және заңнамамен тыйым салынбаған басқа да көмектерді көрсете алады.
    2. ДК мүшелігінің азаматтары келесідей құқықтарға ие:
      1. Жұмыс барысында барлық органдардың қызметіне араласуға және де өткізілетін шараларға қатысуға;
      2. ДК қызметінде туындаған кез келген сұрақтарын талқылауға және жұмысын жетілдіруге ұсыныс жасауға;
      3. ДК қызметі туралы қосымша ақпарат алуға;
      4. Клубтың моральді, материалды және әлеуметтік қолдауын қолдануға;
      5. Құқықтар мен міндеттерге қатысты кез келген сұрақтарды талқылауға.
    3. ДК мүшелігінің азаматтары міндетті:
      1. ДК Ережесін сақтауға;
      2. Өзінің сайланған органында белсенді қызмет етуге;
      3. ДК-ның басқарушы органдарының шешімдерін орындауға;
      4. ДК басқарушы органдарымен өз қызметін келісуге;
      5. ДК мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруда көмек көрсету, беделін нығайтуға.
  6. ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ
    1. ДК басшысы жалпы жиналыста, ортақ дауыспен сайланып, «Шығыс Қазақстан пікір-сайысшылар қауымдастығы» ҚБ кеңесінің шешімімен бекітіледі;
    2. ДК басқарушы органы Кеңес болып табылады. Кеңес құрамына: төрағасы, қазақ лигасының үйлестірушісі, орыс лигасының үйлестірушісі және оның көмекшілері кіреді;
    3. Жиналыстарда ДК-ның кеңесі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Ділмар» дебат клубы ұйымдастырылуы мен дамуы туралы сұрақтарды талқылайды, түскен ұсыныстарды және үйлестірушілердің есебін тындайды;
    4. ДК кеңесі қаулы немесе талап-ұсыныс ретінде рәсімделген шешімдерін ДК-ның әр мүшесі орындауға міндетті;
    5. ДК органы: Жалпы жиналыс, Кеңес, Төраға. ДК-ның басқару органдарына кез-келген ДК мүшелері сайлана алады;
    6. Кеңестің 1/2 мүшелері және 1 адам қатысқан жағдайда жиналысты қорытындылай, шешім шығара алады. Дауыс беру де әрбір ДК мүшесі бір дауысқа ие деген қағида бойынша жүзеге асады.
    7. Турнирлерге алдын ала көрсетілген фракциялар санынан аз болған жағдайда ДК мүшелері турнирге қатыстырылмайды.
  7. БАСҚА ҚҰРЫЛЫМДАРМЕН БАЙЛАНЫС
    1. ДК барлық бірлестіктермен, дебат клубтарымен байланыс орнатады; жастар орталықтары және ЖОО-ның ұйымдарымен, аудандық және республикалық дебат клубтарымен тығыз қарым-қатынас және тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізе алады.

Егерде сіз:

  • Студенттік өмірді қызықты өткізгіңіз келсе
  • Армандарыңыз бен мақсаттарыңызға қол жеткізгіңіз келсе
  • Өзіңізді дамытқыңыз келсе
  • Ортаңыздың лидері болғыңыз келсе
  • Жоғарғы жетістікке жеткіңіз келсе
  • Ораторлық қабілетіңізді арттырғыңыз келсе бізге қосылыңыз.
× You found a Typo