Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Психология, педагогика және мәдениет факультеті

Психология, педагогика және мәдениет факультеті

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Гречухин Александр Васильевич
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Гречухин Александр Васильевич Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Таврия селосында 25.01.1959 ж№ дүниеге келді. (1976-1980) Өскемен педагогикалық институтының дене тәрбиесінің мұғалімі мамандығын бітірді; · Шығыс Қазақстан мемелкеттік университеті (2000ж.), мамандығы –мемелкеттік жүйеэкономист-менеджері Еңбек өтілі: · (08.1980-01.1984) Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Азов орта мектебінде дене тәрбиесінің мұғалімі; · (01.1984-03.1986) Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Азов орта мектебінің директоры; · (11.1997-02.2002) Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха ауданының әкімі; · (03.2002-01.2003) Шығыс Қазақстан облысы Глубокий ауданының әкімі; · (01.2003-01.2004) Өскемен қаласының әкімі; · (01.2004-03.2006) Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары; · (21.03.2006-12.07.2007) Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі; · (12.07.2007-10.2009) Шығыс Қазақстан облысы білім департаментінің экс-директор. Депутаттық қызметтері: · (01.2012) жылдан Шығыс Қазақстан маслихатының депутаты Партиялық қызметтері: · (2005-2006) «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облысы филиалының төр ағасы

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Ахаев Андрей Васильевич
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Ахаев Андрей Васильевич 1959 жылы 25 қаңтарда ШҚО, Таврия ауданы, Таврия ауылында дүниеге келген. 1990-1994 жылдары С.Аманжолов атындағы теория және педагогика тарихы бойынша білім алды. Глубокое ауданы Прапорщикова ауылы, Киров атындағы орта мектепте дене мәдениеті және спорттан жаттықтырушы; С. Аманжолов атындағы ШҚМУ дене мәдениетінің теориясы мен әдістеме кафедрасының кафедра меңгерушісі; жоғарғы санатты оқытушы, әдіскер, жеңіл атлетикадан жаттықтырушы. 2010 жылдың қыркүйек айынын қазіргі кезге дейін Өскемен қаласы, Қазақстан - Француз FIDJIP-EUROTALENT CONCORDE орталығының президенті.

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Можанов Аскар Байжигитович
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Можанов Асқар Байжігітұлы Асқар Байжігітұлы Можанов 1973 жылы 13 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. 1995 және 2010 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Дене шынықтыру және спорт», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша білім алды. 1995 жылдан 2004 жыл аралығында «Алтай» кәсіби-спорттық клубының директор орынбасары болып қызмет атқарды. Кейін Шығыс Қазақстан облысы спорт және туризм басқармасының спорт бөлімі бастығының орынбасары, бастығы болып тағайындалды. 2004-2009 жылдары Өскемен қаласы дене шынықтыру және спорт, білім және спорт, спорт және туризм бөлімдерінде басшы қызметін атқарды. 2009 жылы 8 мамырдан 2011 жылдың 27 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы. 2011 жылғы 28 қазаннан Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының басқарма бастығының орынбасары. 2013 жылдың 12 тамыз айынан АҚ «Орика-Қазақстан» корпоративтік мәселелер бойынша директор. 2013 жылдың 25 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басқарма басшысының міндетін атқарушысы болып тағайындалды

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Александров Борис Викторович
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Александров Борис Викторович Кеңестік және қазақстандық хоккейші, жаттықтырушы. Халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері (1976). Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Өскемен педагогикалық институтын бітірген (1978), мамандығы Дене шынықтыру оқытушысы • 1976 жылы Инсбрук қыстық Олимпиадасының чемпионы (3 ойын, 2 гол). • 1975, 1977, 1978 КСРО чемпионы, КСРО чемпионаттарының күміс жүлдегері (1974), 1976, ЦСКА құрамында және 1981 жылы Спартак (Мәскеуде). 1980 жылғы КСРО чемпионатының қола жүлдегері «Спартак» (Мәскеу). • 1978 жылғы КСРО кубогының финалисті. • Канада-76 кубогының мүшесі (5 ойын, 2 гол). • КСРО құрамасында (1975-77) - 19 ойын, 4 гол. Қазақстан құрамасында (1995) - 4 ойын, 2 гол.1995/96 маусымда «Торпедо» (Өскемен) бас жаттықтырушысы болып тағайындалды және Қазақстан құрамасын басқарды. 1998 жылы Нагано Олимпиадасында (5-ші орын) «А» тобында ойнау құқығына қол жеткізген ең үлкен жетістіктерінің бірі болып, Өскемен қаласының «Торпедо» ойыншыларынан құралған командасы.2002 жылдың шілдесіне дейін өскемендік «Казцинк-Торпедо» және Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметін атқарды.

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Ордыбаев Төлеген мутканович
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Ордыбаев Төлеген Мутканович 2 ақпан 1961 жылы. Туган жері:Таврия ауданы Пролетарка ауылында дүниеге келдім. Оқу орны: 1968 жылы сегіз жылық Пролетарка мектебінің бірінші сыныбына барып, 1976 жылы мектепті бітіріп Шығыс Казакстан ауылшаруашылық техникумының «агронимия» бөліміне түстім. Бұл білім мекемесін 1980 жылы бітірдім. 1980 жылдың мамыр айында әскерге шақырылдым. Әскери қызметімді Красназнаменный Белорус әскери аймақта Бобруйск қаласында атқардым. 1982 жылдың мамыр айында әскерден қайтарылдым. 2008 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дің әскери дайындық факультетіне түстім. 2013 жылы ШҚМУ аяқтап, әскери дайындық мамандығын алдым. Жұмыс орны:1982 жылдан Таврия совхозында агрономдық жұмысымды бастадым. Бұл жұмыста 1984 жылдың қыркүйек айына дейін істедім. 1984 жылдан бастап 1988 жылға дейін комосмолдық жұмыс атқардым. 1988 жылдан 1996 жыл аралықтарында комсомолдық бағыттармен ішкі істер органдарында қызмет атқардым. Бұл жұмыстан өз өтінішіммен босатылып, «Калантаевский» ШҚ жұмыс істедім. 2001 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейін БӘД мұғалімі болып жұмыс істеймін. Мектептегі қызметім уақытында «Жастар арасындағы әскери-патриоттық жұмысы үшін» медалімен, Республикалық Ардагерлер Кеңесінің грамоталарымен, облыстық білім департаментінің, аудандық білім және азаматтық қорғаныс бөлімінің грамоталарымен марапатталдым.

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Хисматуллина Татьяна Викторовна
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Хисматуллина Татьяна Викторовна - педагогика ғылымдарының магистрі, жоғары санатты ұстаз. Ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің музыкалық-теориялық пәндерінің оқытушысы болып жұмыс істеді (қосымша білім). Қазіргі уақытта Қазан қ. БММ жұмыс істейді. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да оқыған жылдары: 1992-1997 - "Музыка және ән"мамандығы. 2012-2014 - "Музыкалық білім беру" мамандығы бойынша магистратура. Хисматуллина Т.В. – ғылыми жазбалар, әдістемелік еңбектердің, 2015 жылы Облыстық фестивальдің жеңімпазы атанды. Облыстық «Субдаминанта-2015» сайысының Гран-при жүлдесінің иегері. Алғыс хаттары: - 2014ж. –ВК өкілдігі «Қазақстан сазгерлер одағы» - 2015ж. – ШҚО Білім басқармасы. ММ - 2015ж. - ШҚО ағайынды Абдуллиндер атындағы - 2015ж. – «Достық үйі» -қоғамдық келісім орталығы - ШҚО әкімдігі ұжымы, ШҚО орыс мәдени орталығы - 2014ж. ҚМКК «Балалар музыка мектебі», Серебрянскі қаласы - ҚМКК «Балалар музыка мектебі», Риддер қаласы. 2013ж.

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Сагындыкова Шынар Айтказиовна
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Сагындыкова Шынар Айтказиновна 2007 жылдан бастап осы күнге дейін Өскемен қаласы әкімдігінің «Заки Ахметов атындағы № 16 орта мектебі» КММ, музыка пәні мұғалімі; Білімі:1992-1997 C.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетіРеспубликалық «Мұрагер» бағдарламасын Шығыс Қазақстан бойынша алғаш оқу үрдісіне енгізіп облыс көлеміне тәжірибесін таратушы ұстаз: Қазіргі кезде «нотасыз домбыра үйрету» әдісімен 500 оқушыны домбыра аспабында ойнатып үйретуде Оқушылары жыл сайын облыстық, қалалық, байқаулардан жүлделі (бас жүлде, 1-ші орын) орындарға ие болуда Қалалық, облыстық, шараларға оқушыларымен белсенді қатысады; Марапаттары: Республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі марапаттар Жеке қасиеттері: жауапкершілігі мол, ұйымдастырушылық, коллективте жұмыс істей білу қасиеті жоғары, жаңа білім мен ізденіске құштар, өзіне тапсырылған жұмысты уақытылы орындайды.

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Новикова Оксана Валерьевна
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Новикова Оксана Валерьевна - ағайындыАбдуллиндер атындағы ШҚ өнер училищесінің оқытушысы. «Ладушки» орыс ән ансамблінің жетекшісі. 1987-1992 оқу жылдары, ШҚМУ «Музыкалық білім» бөлімі, мамандығы-музыка мұғалімі. 1994 жылдан бастап ансамбль 500 ден астам концерт берді. Олар: «Шукшин оқулары» Сростки қ. фестивалі, «Играй гормон» Новосибирск, «Коста барселона» Испания. 2014 жылы Халықаралық сайыс «Fiestalonia Kazakhstan» Астана қаласы 1-ші орын, халық өнері Халықаралық сайысы «Малахитовая шкатулка» Санкт-Петербург қ. Гран-при, Беларрусия тәуелсіздік күні Бобруйск қ. «2016». «Ладушки» ансамблі президенттік концерттерге қатысты, ҚР мәдени министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. Оксана Валерьевна дипломдар мен мақтау қағазымен марапатталды. Олар: Мәскеу қаласында «Играй гормон» бағдарламасының 25 жылдық мерекелік іс-шараға қатысты. «Кәсіби шеберлігі және шығармашылық өнері» алғыс хаты.2011 жылы Қазақстан Халықтар Ассамблеясында өнер көрсеткені үшін, Қазақстан мәдени министрлігінің алғыс хатымен марапатталды. (2015) ҚР президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен Облыстық драма театрының ашылу салтанатында концерттік бағдарламаға қатысқаны үшін, алғыс хатпен марапатталды. 2015 жыл ҚХА 20-жылдық мерекелік медалімен марапатталды. Президент Назарбаевтың қолы қойылған қоғамдық белсенділігі үшін, ҚР құрмет қағазымен марапатталды.

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Карпова Наталья Ивановна
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Карпова Наталья Ивановна –ф.ғ.к., жоғары дәрежедегі музыкант. 1972 жылы УКПИ музыкалық факультетті бітірген. 1998 жылы УКПИ аспирантураны бітірген «Философия». 2005 жылы Алматы қаласында 09-00-01 (таным антологиясы және теориясы) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Жетекшілік етті. - ШҚМУ Музыкалық білім бөлімінде курстық және дипломдық жұмыстар, ҚазМҚИУ «философия және әлеуметтік» - Студенттерді республикалық орындаушылық шеберлігі сайысына дайындады. - Классикалық музыканы насихаттау мақсатында, есеп беру концертін өткізді. - Қала мектептерінде, университетте, училищеде студенттермен дәріс концерттер көрсетті. - 1990 жылдан бастап университетте ғылыми жұмыстарға қатысты: - Кафедралық, ЖОО, республикалық, халықаралық сайыстарда баяндама жасады. - Оқытушылар мен студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік етті. - 1990 жылы халықаралық басылым бөлімінен 70 астам басылымы жарық көрді. - Карпова Н.И. бітіруші студенттері Қазақстан, Ресей, Германия және т.б. мемлекеттерде қызме жасайды.

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Какиева Айнур Қабылқайрқызы
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Какиева Айнұр Қабылқаир қызы –оқу жұмысы мәселелер жөніндегі директордың орынбасары, ағайынды Абдуллиндер халық әртісі атындағы Шығыс Қазақстан өнер мектебінің музыкалық және теориялық пәндер мұғалімі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-де оқыған жылдары: 1999-2004 жж. Музыкалық және теориялық пәндер мұғалімі, өз шығармашылығымен айналысып, мектепте оқушылар контингентінің ерекшелігі мен ерекшелігін ескере отырып, мемлекеттік тілдегі музыкалық теория бойынша авторлық бағдарламасын жасады. БАИ ШҚО-мен бірлесіп жалпы білім беру мектептері мен балалар музыка мектептеріндегі музыка мұғалімдеріне арналған семинарлар ддәстүрге айналды. Мақалалар, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми конференциялардың жарияланымдарында жарияланған, мемлекеттік тілде музыкалық және теориялық пәндер бойынша студенттерді оқыту мәселелеріне әсер ететін А.К.Какиева. «Жылдың үздік сабағы» I Республикалық конкурсының дипломанты, 2003 ж. Алматы.

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Доленка Владимир
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Доленко Владимир - сазгер, пианист 1950 жылы Алтай қаласында туған. УКПИ-Музыкалық-педагогикалық факультетін бітірген. Алматы консерваториясының аспирантурасын сазгер-теоретик ретінде бітірген. «Кеңес сазгерлерінің симфониялық музыкасы» тақырыбында диссертация қорғады. Профессор Дернова, Гнесин атындағы институтта Мясковскийдің оқушысы, профессор Чернова жетекшілік етті. Танымал шығармалары: «Флейта-пикколоға» арналған концерті, «Шектік квартеттке арналған Пиццикато», «Смоленск шаруаларының әні» хор жинағы. Бірнеше үрмелі музыка жанрындағы шығармаларының авторы. В.Доленко Олег Лундстрем оркестріне концерт жазған. Үлкен театр дирижерлары В.Дударев оркестрімен және А. Ведерниковтың симфониялық оркестрімен жұмыс істеген. «Мастер және Маргарита» романының үнтаспасының музыкалық редакторы және авторы болған. Мәтінді оқығандар: А.Демидова, В.Смехов, Н.Губенко және Л. Филатов. Үлкен ресейлік дыбыс жазу студиясының директоры болды. Ол ресейлік На-на ұжымын тәрбиелеген. Қазіргі уақытта Мәскеу қаласында «Юность» мәдениет үйінде вокалдық студияда ұстаздық етеді.

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Северьянов Евгений
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Северьянов(Выблов) Евгений- 1990 жылы 16 қазанда Өскемен қаласында туған. 9 жасына дейін апасы тәрбиелеген. 2000 жылдан бастап, «Үміт» балалар үйінде тәрбиеленген. Музыкалық жетекшілері: Матабаев Ерболат Закиевич және Жүнісова Сәния Керимбаевна. Балалар үйінің төрайымы Бейсекенова Майра Баймухановна өз тарапынан үлкен көмек көрсетті. 2008-2012 жылдары С.Аманжолов атындағы ШҚМУ бітірді. Мамандығы музыка бакалавры. ШҚО әкімдігі тарапынан алғыс хаттар, «Бөбек» орталығығ, ШҚО балаларды қорғау департаменті, Павлодар облысы, ШҚМУ, Ана және бала орталығы, Қатонқарағай ауданы, Жастар орталығы және басқа ұжымдар атынан марапатталды. 2014 жылы Мәдениет саласының үздігі төс белгісімен марапатталды. 2005 жылы Семей қаласы Абай оқулары республикалық сайыстың 3 дәрежелі дипломанты. 2005 жылы Алматы қаласы тедевизиялық «Әнші болғым келеді» сайысының жеңімпазы. Бареаул қаласы Халықаралық «Біз біргеміз» фестивалінің 1 дәрежелі дипломанты. 2006 жыл Новосибирск қаласы Сібір шайханасы фестивалінің лауреаты. 2008 жыл Санкт-Петербург қаласы «Кастальский ключ» халықаралық сайысының 2 дәрежелі дипломанты. 2011 жыл Түркия Фетих қаласы, халықарарлық сайыста өнер көрсетті. Сол жылы ХФактор. кз қатысты, (2-ші кезең) үздік 20 әншінің қатарына қосылды. 2014 жылы ХФактордың жеңімпазы атанды (5-ші кезең).

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Ахмерова Лаура Журсынгалиевна
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Ахмерова Лаура Журсынгалиевна - 2008-2014 жылдары С.Аманжолов атындағы ШҚМУ музыкалық білім беру кафедрасының оқытушысы. Қазіргі уақытта Глубокое ауданы Белоусовка.ауылындағы балалар музыка мектебінің директоры. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де оқу жылдары: 1986-1991 жж. «Музыкалық білім» факультеті, музыкалық мұғалім. Лаура Жүрсенғалиқызы – белсенді, өмірлік ұстанымы бар тәжірибелі ұстаз, ол өз көзқарасын қорғап, нәтижелерге қол жеткізе алады. 2008ж.-«Кафедраның үздік оқытушысы» дипломы; 2010ж.-ғылыми-практикалық конференцияға қатысқаны үшін мақтау қағазы; 2012ж.-С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің 60-жылдығына арналған «Университет Мақтанышы» мерейтойлық медалі; 2015 жылғы Балалар күніне орай мерекелік іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін Глубокий аудандық басшысының алғыс хаты; 2016 - ауылдың мәдени-бұқаралық қызметіне белсене қатысқаны үшін Белоусовка кенті әкімінің құрмет грамотасы.

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Барабанова Елена Ивановна
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Барабанова Елена Ивановна – С. Аманжолов ат. ШҚМУ, «Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Білімі: 1991-1996жж. – С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан Мемлекеттік университеті (Өскемен қаласы), Психология факультеті, «Қолданбалы психология» мамандығы, біліктілігі «Практикалық психолог, оқытушы». Психология ғылымдарының кандидаты (диссертацияны қорғау 2010 ж. Мәскеу қ., РФ мемлекеттік басқару университетінде). 2011ж - ҚР ЖАК қайта аттестаттау. 2012 ж. бастап - полиграфолог, Еуразиялық полиграфологтар қауымдастығының мүшесі Психодиагностикалық әдістемелер кешендеріне авторлық құқықтың бірнеше куәлігі бар. 80-нен астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жарияланымдардың авторы. Ғылыми қызығушылық саласы-психологиялық диагностика, әлеуметтік психология, жас ерекшелік психологиясы, кәсіби бағдар, тұлғаның кәсіби дамуы, персоналды бағалау, өтіріктің аспаптық және аспаптық емес детекциясы, психодиагностикалық құралдарды әзірлеу.

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Мацкеевич Ирина Константиновна
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Мацкевич Ирина Константиновна,1997 жылғы түлегі, «Психология» мамандығы - психология ғылымдарының кандидаты, психология және коррекциялық педагогика кафедрасының профессоры. Жыл сайын клиникалық психология және психотерапия саласында біліктілігін арттыруда. Психиатриялық клиника шеңберіндеЛакуила (Италия) университетінде докторантурадан кейінгі білімін жалғастыруда. ООН ЮНИСЕФ Балалар Қорының «Балаларға арналған соттық құқықтық жүйенің бекітілуі» атты жобасында ұлттық сарапшы-кеңесберуші қызметін 2014 жылдан – бүгінгі күнге дейінатқаруда.

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Куленова Шолпан Борисовна
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Куленова Шолпан Борисовна - 1979 жылы Өскемен қаласының жалпы білім беретін мектепті бітіріп, осы жылы Өскемен қаласы педагогикалық инситутының тарих факультетінің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» бөліміне түсті. Педагогикалық институтта оқып жүрген кезінде көшбасшылық қабілетін көрсетіп, топтың кәсіподақ комитеті төрағасы болды. Жоғары оқу орын бітірген жылы 1983-1992 жылдары Өскемен қаласының №9 мектептің бастауыш сынып мұғалімі. 1987 жылы Шолпан Борисовна Қазақстан Республикасының мұғалімдерінің VIIсъезінің делегаты болып сайланды. 1992-1994 жылы Өскемен қаласы қалалық білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері.1994 жылы Куленова Ш.Б. облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтына шақырылады. 2002 жылға дейін мектепке дейінгі және мектепалды даярлық кабинетінің меңгерушісі. 2000-2002 жылдары ЮНИСЕФ-тің «Stepbystep» бағдарламасының аймақтық координаторы. 2002-2017 жылдары Өскемен қалалық білім бөлімінің бастығының орынбасары. Көпжылдық қажырлы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің мақтау қағазымен, ШҚО білім басқармасының және Өскемен қаласы әкімдігінің алғыс хатыменмарапатталды.

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Дергачева Евения Владимировна
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Дергачева Евения Владимировна, 1996 жылғы түлегі, «Психология» мамандығы - «Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасының доценті, психология ғылымының кандидаты, 1996 жылдан бастап бизнес-тренер, бизнес психология саласының жетекші маманы, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Зияткер» ғылыми білім орталығының қызметкері.

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Есполова Гульден Калиолдановна
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Есполова Гульден Калиолдақызы1985 жылы 11қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы,Марқақөл(қазіргі Күршім) ауданы,Қалжыр ауылында дүниеге келген. Ол 2002 жылы Қалжыр орта мектебінүздік бітіреді. 2002-2006 жылдары Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын үздік дипломмен аяқтайды.Гульден Калиолдақызы 2006 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «6М010300- Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2007 жылы «Педагогика және психология магистрі» академиялық дәрежесін алды. Педагогика ғылымдарының докторы Нағымжанова Қарақат Мұқашқызының жетекшілігімен «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамытуда инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында магистрлік диссертациясын жоғары деңгейде қорғады. Г.К.Есполова 2007 жылдан бастап «Педагогикалық білім және менеджмент» кафедрасында жұмыс жасайды. Қызмет атқарған уақыт ішінде ол өзіндік кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырды және өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Г.К.Есполова «Педагогикалық білім және менеджмент» кафедрасындақызмет еткеніне –10 жыл. Ол 50-денастам ғылыми еңбек жариялаған. Өскемен қаласының білім беру бөлімінің директоры А.Кузнецовтың «Алғыс хатымен» (2009 ж.), Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының директоры п.ғ.к. Ж.Ж.Айтбаеваның «Алғыс хатымен» (2008 ж., 2015 ж.), факультет деканының«Алғыс хатымен» (2014 ж.) марапатталды.

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Асанова Мұнлыхан Искаковна
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Асанова Мұнлыхан Искаковна-ШҚО облыстық білім беру басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының директоры. 1961 жылы 10 қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. 1978-1981 жылы Өскемен педагогикалық колледжінде оқиды. 1982-1987 жылы Өскемен педагогикалық институтын бітірді. 1981-1987 жылы Тарбағатай ауданының Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. 1887-1990 жылы Тарбағатай ауданы Пионерлер үйінің директоры, ШҚО БЖИ-дің мектепке дейінгі және бастауыш білім кабинетінің меңгерушісі, ШҚО білім басқармасының атестация және лицензия бөлімінің бас маманы, ШҚО білім басқармасының арнайы, қосымша білім және тәрбие бөлімінің бастығы болып қызмет істеді. 2012 жылдың қыркүйек айынан «Шығыс» аймақтық орталығының директоры. Қажырлы еңбегі мен оқу және тәрбие жұмысын жетілдіріп ұйымдастырғаны үшін Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин»атындағы төсбелгісімен марапаталды.«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойылық медалімен марапатталды.

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Айтпаева Жанат Женисбековна
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы білім туралы естеліктері және оның кәсіби әрі жеке тұлға болып дамуына әсері
Айтпаева Жанат Женисбековна - 1968 жылдың 23 ақпанында туған. 1994 жылы С.Аманжолов ат.Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді. Педагогика ғылымдарының кандидаты. Ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі – 30 жыл. 1987-1994 жж. бастауыш сынып мұғалімі, 1994-2002 жж. ШҚМУ колледжінің оқытушысы. 2002-2011 жж. С. Аманжолов ат. ШҚМУ академиялық саясат және оқу үдерісін басқару департаментінің әдістемелік бөлімінің бастығы. 2011 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Дарын» ШҚ ӨҒПО директоры, 2018-2019 ж. бастап Өскемен қаласының білім беру бөлімінің басшысы, 2019 ж. бастап "Astana IT University" ЖШС тәрбие ісі жөніндегі проректоры. Жұмысқа қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 50 жылдығына арналған мерейтойлық төсбелгісімен, ректорының алғыс хаттарымен марапатталды.

Тегі, Аты, Әкесінің аты
Акрамова Алия Смагуловна
Воспоминания об образовании в ВКГУ им. С. Аманжолова и его влиянии на профессиональное и личное развитие
Акрамова Алия Смагуловна родилась в 1969 году в городе Усть-Каменогорске Восточно–Казахстанской области. В 1986 году поступила в Усть-Каменогорский педагогический институт. В 1990 году с отличием закончила факультет Педагогики и методики начального обучения, получив специальность «Учитель начальных классов». С 1992-1995 гг. обучалась в аспирантуре МГПУ им.Ленина. В 1996 г. защитила кандидатскую диссертацию по шифру 13.00.02– Теория и методика обучения и воспитания (методика математики). Профессиональный путь Акрамовой А.С. связан с педагогической деятельностью в общеобразовательной школе, вузах РК. Акрамова А.С. имеет более 100 научных и научно-методических публикаций, автор учебников «Математика» (издательств «Просвещение-Казахстан», «Атамұра»), учебные пособия для ВУЗов, автор статей в высокорейтинговых журналах базы Scopus. В настоящее время Акрамова А.С. является доцентом, ассоциированным профессором кафедры педагогических специальностей Университета Алматы.
× You found a Typo